Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

5. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Монолог түріндегі ойтолғам, сұхбат алу, оқырманға түсінікті, радио тыңдау, троптың түрлері, қоғамдық-саяси лексика, мақала жазу, эмоционалдығы басым, деректі материал, газет оқу, туған елді сүю.

6. Мәтіндерден кезектес шылауларды, қыстырма сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

7. Сұхбаттасыңыздар.

- Танысып қоялық, менің атым – Абзал.

- ________________________________

- Мен облыстық телестудияда журналиспін. Сіз ше?

- __________________________________________

- Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?

- ___________________________

- Қай жақтан келдіңіз?

- _________________

- Астанада үйіңіз бар ма?

- ___________________

- Қайда тұрасыз?

- _____________

- Редакцияларыңыз қайда орналасқан?

- _______________________________

- Жұмысқа немен барасыз?

- ______________________

- Сіздерде жақсы журналистер көп пе?

- _______________________________

- Газеттеріңіз аптасына неше рет шығады?

- __________________________________

- Рахмет. Біздің студияға келіп тұрыңыз. Материалдарыңызды әкеліп тұрыңыз.

- __________________________________

- Жарайды. Танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыз.

Бөж тапсырмалары

8. Сөйлемдердің тыныс белгісін қойыңыздар.

Менің журналист болғым келеді Өмірдің ақұиқат шындығын көрсету, оған өз пікіріңді қосу қызық емес пе Жақсы мақала арқылы сенің өз табиғатыңның ашылатыны қандай рахат Жаңа заман қызыққа толы Дарынды жастардың көбейіп келе жатқаны керемет қуаныш қой Мен сондай қызықты адамдар жайлы мақала, очерктер жазғым келеді Өмірді өзгертетін де солар емес пе?

«Баспасөз маған неліктен ұнайды?» деген тақырыбында өз пікірлеріңізді жазыңыздыр.

Ағымдық бақылау сұрақтар.

  1. «Журналистика» термині қандай мағынаны білдіреді?

  2. Неліктен журналистиканы үгіт-насихат жүргізудің құралы дейді?

  3. Қазақстанда журналистика қашан пайда болды?

  4. Қазір журналистика ненің құралына айналып отыр?

8 Сабақ

Жарнама дегеніміз не?

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Жарнама қызмет көрсету, қоғамдық қарым-қатынас, жаңа тауарлар, арзандау, тауардың сапасы, нақты идеялар, жарнамалау, ақпараттық жарнама.

2.Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игеріңіздер.

Жарнама - реклама

сауда-саттық - торговля

Қызмет көрсету - обслуживать

көзге көрсету - показывать

Қоғамдық қарым-қатынас – общественные отношения

еске түсіру - напоминать

Тауар - товар

Нақтылау - конкретизировать

3.Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

«Жарнама» - латын сөзі, «айғайлау» деген сөз. Сөздікте жарнама – «тауар, қызмет көрсету т.б. туралы хабарлама» делінген. Жарнама мен қоғамдық қарым-қатынасты ажырата білу керек. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол жарнама емес, жеке сауда-саттық. АҚШ-та өз тауарын сатушылардың саны бес мыңнан асады екен.

Жарнаманы өндірілген жаңа тауарлар, қызмет көрсету, бағаның арзандауы, нақты идеялар, жаңа жұмыс орнына шақыру жөнінде ұйымдар, фирмалар тағы басқалар үнқағаз, радио, телевидение, басқа жүйелер арқылы тарата алады.

Жарнаманың ақпараттық, затты көрсету (увещевательный), еске түсіру (напоминающий), салыстыру т.б. түрлері бар. Мысалы, шет елдік «Сникерс» шоколадын затты көрсету арқылы жарнамалайды: ондағы жаңғақ пен шоколадтың қалың қабатын көрсетеді. Ал дезодарант, тіс пастасын, автомобильдерді салыстыру жарнамасы арқылы көрсетеді.

Жыл мезгіліне орай киілетін киімдердің қайда сатылатыны жайлы жарнама – еске түсіру жарнамасы. Сатып алынған тауардың сапасы жайлы нақтылау (подкрепляющий) жарнамасында айтылады. Ол сатып алушының әрекетінің дұрыс екендігін көрсетеді.

(В.Ворошилов,«Журналист»)