Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

4. Сөздермен мәтін негізінде сөйлемдер құраңыз.

Үлгі:Расында да, журналист болу – қызықты мамандық.

1. Расында да, ...

2. Ең бастысы, ...

3. Шамасы, ...

4. Ең алдымен, ...

5. Бәрібір, ...

6. Тіпті болмағанда, ...

  1. Мәтінде журналисттің қажетті құралдарына талдау жасаңыздар.

Блокнотқа ең қажетті, басты деген нәрселерді жазу керек. Қажет болғанда материалды реттеп алуға болады. Есте сақтағанда, мұндай жұмыс істей алмайсың. Диктофон әңгімелесушіні сескендіріп алады. Диктофонмен жұмыс істеген журналист түрлі-түсті суреттен натура салған суретші сияқты. Пленканы бәрібір тыңдау керек, одан очерк жаза алмайсың.

Бөж тапсырмалары

6. Мәтінді оқып, баяндаңыздар. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»

Радио ойлап табылғалы бір ғасырдан астам уақыт өтті. Қазақ баласының сауаты толық ашылып үлгермеген заманда радио бабаларымыздың үнін әкелді.

Мемлекетіміздің даму барысына үңіліп, ұлттың толғауы тоқсан жағдаятынан жаны ауыра сөз қозғайтын елімізде бір-ақ радио бар, ол – қазақ радиосы.

Журналист қауымы ел көкейінде жүрген сауалдарды алдын ала іріктейді. Жауабын жан-жақтан іздеп тауып, «Мың бір сауал» деген тақырып бойынша тікелей эфирге шығады. Енді құқықтық тұрғыдан ағарту шараларын жүргізетін «Территория права» мен «Заман қағидасы» Қазақстанның электронды ақпараттық кеңістігінен өз орындарын алды. Сол сияқты «Ашық әңгіме», «Открытая трибуна» секілді тікелей эфирден өтетін хабарлар көпшілік мұқтажын өтеуге ұмтылатын өміршең мәселелерден тұрады.

(Нұрлан Өнербай)

7. «Қазақ журналистикасының бүгінгі сипаты» деген тақырыпта баяндама әзірлеңіз.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1.Журналиске блокнат не үшін керек?

2. Блокнатқа нені жазу керек?

3. Диктофонды үнемі пайдалануға бола ма?

4. Сіз қалай жұмыс істегенді қалар едіңіз?

11 сабақ

Нарық жағдайындағы журналист

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Нарық жағдайы, шығармашылық ерекшелік, журналистика тәсілі, элитарлық журналист.

2. Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

нарық жағдайы – рыночное время

нақтылық – достоверность

бірлік – единство

өзін-өзі басқару – самоуправление

3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Нарық жағдайындағы журналист халыққа айтылатын деректердің нақтылығын талдайды. Сөз бен істің бірлігін ойлайды. Әр публицистің өзінің шығармашылығы болады. Ол өз ойын халыққа түсінікті етіп жеткізеді. Бұл – журналистің жеке өз басының шығармашылық ерекшелігі мен журналистика тәсілі деген сөз.

Журналистің өзін-өзі басқаруы, бақылауы - өзекті мәселе. Журналист тек портреттік немесе ғылыми очерктерді ғана жазып қоймайды, оның экономикалық, политологиялық білімі жоғары болады. Бүгінгі күні элитарлық журналист мамандығы көбеюге тиіс.

(В.Ворошилов, «Журналист»)

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Нарық жағдайындағы журналист қандай болуы керек, есте сақтаңыз.

1) Сөз бен істің бірлігін ойлайды;

2) әр журналистің өзінің шығармашылығы болады;

3) өз ойын халыққа түсінікті етіп жеткізеді;

4) ол өзін-өзі басқара біледі;

5) оның экономикалық, политологиялық білімі жоғары болады.

2.«Бүгінгі күні элитарлық журналист мамандығы көбеюге тиіс» деген сөйлемді қалай түсінесіз?

Еске түсірейік:

Туынды сын есімжасайтын жұрнақтар:

  • лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті(тау-лы, құм-ды, көңіл-ді, от-ты жыр);

  • сыз, -сіз(су-сыз, шөп-сіз, бала-сыз, ақыл-сыз);

  • лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік(қала-лық, ұлт-тық, қоғам-дық);

  • дай, дей, -тай, -тей(тау-дай, үй-дей, қыз-дай мінез);

  • ғыр, -гір, -қыр, -кір(ал-ғыр, біл-гір, тап-қыр, өт-кір);

  • қор, -кер(пайда-қор, еңбек-кер);

  • ғыш, -гіш, қыш, -кіш(жаз-ғыш, біл-гіш, айт-қыш);