Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. «Жарнама» сөзі қайдан шыққан?

  2. Жарнамалар не үшін жасалады?

  3. Жарнаманың қандай түрлері болады?

  4. Сникерсті т.б. қалай жарнамалайды?

  5. Салыстыру арқылы нені жарнамалайды?

  6. Киімдерді жарнамалау қалай аталады?

Еске түсірейік:

Қажетті сөйлем мүшелері түгел тұратын сөйлем – толымды деп, қажетті сөйлем мүшелерінің біреуі түсіп қалатын сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады.

4. Сұхбаттасыңыздар.

- Сен қай қалада тұрасың?

- Мен Астанада тұрамын.

- Қалада жарнама көп пе?

- Иә, жетерлік. Әрбір жаңа тауар мен қызмет әрекеттері үнемі жарнамаланып тұрады. Цесна ұны, пәтер сату, банктен несие алу жөніндегі жарнамалардан аяқ алып жүре алмайсың.

- Ал жақсы тауарлар жөніндегі жарнамалар ше?

- Олар да жеткілікті. Жиһаздар, маусымдық киімдер, түрлі сапалы тағамдар үнемі жарнамаланады.

- Еске түсіру жарнамасы деген не?

- Ол – қысқы заттарды жаз мезгілінде жарнамалау деген сөз. Жарнамалаушы қыстың тағы да келетінін, оған ертерек дайындалу керек екендігін сатып алушының есіне түсіріп отырады. Осылайша өздері ұсынған қысқы тауарларды жылдам сатады.

- Жарнамалар үнқағаздарға да басыла ма?

- Иә. Жарнамалар көшеге де ілінеді, үнқағаздарға да басылады. Радио және телевидение арқылы берілетін жарнамалар да көп.

- Қалада ең көп жарнама басылатын қандай үнқағаз бар?

- «Қолдан-қолға» үнқағазы тұтастай жарнамаға арналған десе де болады. Ондағы жарнамалар тақырыптарға бөлініп топтамаланған.

5. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Жақсы жарнама, тіс пастасы, қымбат киімдер, «Сникерс» шоколады, әдемі жиһаз, тауар сату, автомашина сату, көшелерде ілінген, «Қолдан-қолға» үнқағазы, жарнама оқу.

6. Кез келген тақырыпқа жарнама жазыңыз.

Үлгі:

«Marcora Stroi Kazakstan» ЖСШ-ға бас директор қажет.

  • жоғары инженерлік-техникалық білім,

  • басшы қызметте кемінде 5 жыл істеген жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.

Түйіндемені мына факске жолдау керек: 8 (3272) 695520.

7.Мәтінді оқып, талқылаңыздар. Ата көрген оқ жонар.

Ата-бабамыз ұл баланы еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы етіп тәрбиелеуді мақсат еткен.

Ер баланы бес жасынан бастап азамат болғаға дейін мал бағу мен аң аулауға, ағаштан, темірден, теріден түрлі бұйымдар жасауға үйреткен. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.

Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың ролі ерекше. Әке – отбасының басшысы, отбасы мүшелерін асыраушы, қамқоршысы. Қазақта біреудің баласы жақсы болса, «Оның әкесі немесе атасы жақсы еді, өнегелі жерден шыққан ғой»,- деп айтады.

Отбасында әкелері мен аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды өздеріндей мерген, аңшы, әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеген. Ата өнерін баласы мирас етіп қабылдап отырған. Өнегелі, өнерлі жігіттерді қазақта «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп атаған.

(С.Қалиев, т.б.)