Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

1 Сабақ Қазақ тілінің қоғамдық рөлі

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Ес білу, қоғамдық қызмет, мәнін түсіну, таразылау, болжау, ой елегі, келешегі, көз жіберу, ұғым, игеру.

2. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар.

ес білу – помнить себя

жаңа ұғымдар – новые понятия

мәнін түсіну – понимать суть

игілік - достояние

игеру –освоить

таразылау – взвешивать

болжау – прогнозировать

ұжым – коллектив

Адам баласы ес білген кезінен бастап жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен ұғынады, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен өткізіп, таразылайды, болашағын болжайды, келешегіне жоспар жасайды.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметі оқу орындарында, білім алу, тәрбие беру істерінде, жұмыс орнында, ұжымда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде байқалады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тәрбие саласында, мәдени өмірде (мысалы, театр, концерт, ойын-сауық кештері және т.б.), қоғамдық-саяси өмірде (әр түрлі ресми жиындар, құрылтай, жиналыстар), ғылым саласында, іс қағаздар ісінде т.б. міндетін атқарып, халқына қызмет істеп келеді.

(«Қазақ тілі» оқулығынан)

3. Сұхбаттасыңыздар.

- Адам баласы жаңа ұғымдарды қашаннан бастап біле бастайды?

- Ес білген кезінен бастап.

- Өзің қанша жасыңнан бастап есіңді білдің?

- Мен үш жасымнан бастап есімді білдім.

- Мәдени, рухани байлық деген не?

- Ол адамның ақыл-ойы, тәрбиесі, алған білімі, шығармашылығы деп ойлаймын.

- Сол мәдени, рухани байлықтарды адам қалай игереді?

- Ана тілі арқылы игереді.

- Қазақ тілінің қоғамдық қызметі қандай жерлерде байқалады?

- Қазақ тілінің қоғамдық қызметі оқу орындарында, ұжымдарда, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде байқалады.

4. Төмендегі етістіктер қай шақта тұр, мағынасын ашыңыздар.

Түсіне бастайды, ұғынған, жаратыпты, болжады, жасайды, байқалар, қызмет істеп жүр.

Еске түсірейік:

Етістіктің ауыспалы осы шағы көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалады. М: отыр-а-ды, сөйле-й-сің, бер-е-ді.

5. Қайда? деген сұраққа жауап беріп жаттығыңыз.

Жатыс септігінің жалғауларын (-да, -де, -нда, -нде) есіңізге түсіріңіз.

оқу орындары-нда,

білім алу, тәрбие беру істері-нде

жұмыс орны-нда,

ұжым-да

адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезі-нде

оқу-ағарту, білім-тәрбие саласы-нда,

мәдени, қоғамдық-саяси өмір-де

ғылым саласы-нда,

іс қағаздар ісі-нде

Бөж тапсырмалары

6. Сұхбатты жалғастырып, өз ойыңызды қосыңыз.

- Сен неге ана тіліңде газет-журнал оқымайсың?

- Себебі, көп сөздерді түсінбеймін.

- Қалайша, сен біраз сөздердің мағынасын жақсы білесің ғой, әрі қарай дамыту керек емес пе?

- Әрине, солай ғой, дегенмен ...

- Оның себебі не?

7. Отаныңыз, туған жеріңіз жайлы «Ана тілім – айбыным менің» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі қандай?

2. Қазақ тілінің қоғамдық қызметі қандай жерлерде байқалады?

3.Қазақ тілінің қоғамдық қызметі оқу орындарында, ұжымдарда, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде байқалады.

4.Етістіктің шақтары.