Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк каз1-2курс.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
823.18 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев Атындағы Еуразия Ұлттық университеті а.М. Мухтарханова, м.Ж. Тусупбекова

Ағылшын тілінен тілдік емес мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешені

      1. Астана - 2008

Рецензенттер: педагогика ғылымдарының кандидаты Сагинтаева А.К., роман-герман кафедрасының доценті Бейсембекова К.А., педагогика ғылымдарының кандидаты

Тлешова Ж. К.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ -нің Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

Құрастырушылар: аға оқытушы А.М. Мухтарханова, аға оқытушы М.Ж. Тусупбекова

Ағылшын тілінен тілдік емес мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешені - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2008 ж.

  1. Силлабус

  1. “Ағылшын тілі”

  1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1. Курс оқытушылары: Мұхтарханова А.М., Түсіпбекова М.Ж.

Байланыс телефондары: 37-24-29 (жұмыс)

Ғылыми қызығушылықтары: Шетел тiлдерiн инновациялық технологияларды қолдана отырып оқытудың интерактивтi әдiсi.

2. Ағылшын тілі Код Кредит саны -2

3. Курсты өткiзу уақыты және орны сабақ кестесiне орай.

4. Пәнге қойылатын алғы шарттар: арнайы дайындық қажет емес.

    1. 5. Оқу пәнiнiң сипаттамасы

      1. 5.1. Оқу пәнiнiң бағыты

Оқу пәнінің бағыты мәдениаралық және кәсiби қарым-қатынас туралы, оқушы тұлғасының интеллектуалды және эмоцинальды дамуын ынталандыру мақсатында, оны бөгде мәдениеттi объективтi қабылдауға және техникалық және экономикалық бiлiм жүйесiн гуманизациялау және гуманизация принциптерiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн жалпы адамгершiлiк құндылықтарға араласуға даярлау әдiсi болып табылады.

5.2. Пәндi оқытудың мақсаты

Студенттердің тілді оқуда бiлiм, iскерлiктер мен дағдылардын қалыптастыра отырып, оларды коммуникативтi және кәсiби iс-әрекеттерде мәтін мен ой-пікір білдіру үшін тілдік норма мен тілдік формаларға (баяндау, суреттеу, монолог, диалог)сәйкес сөйлеу тәсілдерін фонологиялық, лексикалық және грамматикалық тұрғыдан қолдана бiлуге үйрету. Интегративтi негiздегi коммуникативтi құзыр аясында лингвистикалық (тiлдiк), дискурсивтiк және әлеуметтiк- мәдени құзыры қалыптастырылады. Студенттердiң өз елi мен оқытылып жатқан елдiң мәдениеті, салт-дәстүрін игеруде тіл ерекшелiктерiн ескере отырып, мәдениаралық қарым-қатынас жасау қабiлеттерiн қалыптастыру.

5.3. Пәндi оқытудың арнайы тапсырмалары

  1. Ағылшын тiлiнен ауызша және жазбаша қатынасты тiлдiк әрекеттердiң барлық түрiнде оқу рөлiнде жүзеге асыруды үйрету;

  2. Жоо алған бiлiмдi әрі қарай кәсiптiк iскерлiкте жетiлдiру үшiн, өздiгiнен бiлiмдi тереңдету iскерлiгiн қалыптастыру;

  3. Тiлдiң базалық, кәсiби лексика-грамматикалық және фонетикалық минимумдарын тұрмыстық, кәсiби, және iскерлiк қатынастарда коммуниктивтiк-бағыттық мақсатта қолдану.

5.4. Курсты өткеннен кейiнгi бiлiм және біліктілiк

Студент сөйлеу ағымында алфавит әрiптерiнiң, әрiп қосындыларының негiзгi оқу ережелерiн бiлулерi тиiс.

  • ағылшын тілінің лексика –грамматикалық белгілеріне қарай белгілі бір дыбыстың орфографияға сәйкес әріп және әріп қосындысы түріндегі жазылуын меңгеру;

  • оқытылатын мамандықтың кәсібилігіне сәйкес қолданылатын көп мағыналы сөздердің, терминдердіғң, лексикалық құрылымдардың контекстік мағыналарын меңгеру;

Студенттердің міндетті түрде білуі тиіс:

  • мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқи білуі, қажетті ақпаратты табу, оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну.

  • бланк толтыру, резюме құрастыру, жеке және іскерлік сипатта шағын хат жазу;

  • ағылшын тіліндегі мәтіндерді ана тіліне аударма нормаларына сәйкес аудару;

  • өткізілген тақырып аумағындағы аудио материалдарды ағылшын тілінде түсіну;

  • тілдің сөйлеу нормасына сәйкес өзінің ойын ағылшын тілінде айта білу, сұрақ қою және оған жауап беру, оқытылған тақырыптық сөздердің көлеміне қарай және қарым –қатынас саласына байланысты ағылшын тілінде әңгіме жүргізе білу, осы және коммуникативтік рөлді адекватты орындай отырып оқу, есту және көру негізінде мазмұндау.