Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

2 Сабақ Қазақ елі – менің Отаным.

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1.Сөз тіркестермен жұмыс жасаңыз.

Демократиялық, унитарлық, діни бағыттар, шұғыл континенттік, жер көлемі, орталық бөлік, пайыздық көрсеткіш, төменгі ағыс.

2. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыз.

Қазақстан Республикасы - Еуразияның орталық бөлігіне орналасқан мемлекет. Оның жер көлемі 2724,4 шаршы километр, халқы 14953 млн. адам (1999 жылғы санақ бойынша). Қазақстан республикасында тұратын қазақтар 53,4%, орыстар - 30% т.б.

Қазақстан Республикасы демократиялық, унитарлық мемлекет. Бүгінгі күні елімізде 2502 діни бірлестік бар. Елдегі басты діни бағыттар ислам және христиан діндері. Бұлардың басқа протостантты,будда, иуда сияқты дәстүрлі емес діни ұғымдар бар.

Қазақстан Республикасы орталығы – Астана, мемлекет басшысы – Н.Назарбаев. Жоғары өкіметтік орган орындары, Парламент бар, ол Сенат пен мәжілістен тұрады. Орындаушы билік - Өкімет. Ақшасы – теңге. Қазақстанда 14 облыс, 85 қала, 159 аудан, 195 поселок, 2150 ауылдық округ бар. Республика территориясы батыстағы Волганың төменгі ағысынан шығыстағы Алтайға дейін 3000 шақырымға, солтүстіктегі Батыс-Сібір даласынан оңтүстіктегі Тянь-Шань таулы жоталарына дейін 1000 шақырымға созылып жатыр. Шекараның жалпы ұзындығы 15 мың шақырым. Батыс пен солтүстікте Қазақстан Ресеймен, оңтүстікте Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығыста Қытаймен шектеседі. Жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Индия мен Австралиядан кейін 9-шы орын алады. Климаты – шұғыл континенттік.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы 250 жыл бойы күрескен мемлекеттік тәуелсіздігін алды.

Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан бірінші мемлекет.

(Энциклопедиядан)

3. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, ауызша реттік сан есімдер жасаңыз.

4. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік қандай жұрнақтар, мәтінде осы формада тұрған сөздер бар ма?

5. Сұрақтар бойынша сұхбат құрыңыз.

- Қазақстан Республикасы дүние жүзіне несімен танымал?

- ......

- Елімізде діни бірлестіктің көп болу себебі не?

- .....

- Біздің еліміздегі мемлекет басшысы жайлы не айта аласыз?

- ......

- Қазақстанда орындаушы билік кімнің (ненің) қолында?

- .....

- Қазақстанның территориясы жайлы қалай айтуға болады?

- ......

- Климаты туралы ше?

- ......

БӨЖ тапсырмалары

6. Сөйлемді дұрыс орналастырыңыз. Сөйлемнің мағынасын ашыңыз.

Тәуелсіздігін, қазақ халқы, 1991 жылы, 250 жыл бойы, мемлекеттік, алды, 16 желтоқсанда.

7. Туған жерге байланысты мақалдарды жаттап алыңыздар. Мағынасын ашыңыз.

1.Туған жерге туың тік.

2. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

3. Туған жердің тасы да ыстық.

4. Туған ел – алтын бесік.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Қазақстан Республикасы дүние жүзіне несімен танымал?

2. Елімізде діни бірлестіктің көп болу себебі не?

3. Біздің еліміздегі мемлекет басшысы жайлы не айта аласыз?

4. Қазақстанда орындаушы билік кімнің (ненің) қолында?

5. Қазақстанның территориясы жайлы қалай айтуға болады?

6. Етістіктің шақтары.

3 сабақ

Ғибратты ғұмыр иесі

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

  1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Ағартушы, әсер, орыстану, біржолата, ізденіс, сәтті, жалғастыру, батыл, тылсым, құпия, сұрыптау, тіл саласы, тілдік қасиет.

2. Жаңа сөздермен танысып, мәтінді оқыңыз.

Ағартушы - просветитель

әсер - влияние

орыстану - обрусеть

біржолата - окончательно

ізденіс - исследование

сәтті - удачный

жалғастыру - сопровождать

батыл - смелый

тылсым - сокровенный

құпия - секреты

сұрыптау – анализировать

Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы Ташкент қаласында әйгілі ағартушы Шамғали атаның отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №12 қазақ орта мектебі оны үнемі өз әсеріне бөледі. Қалалық жеткіншектердің жаппай орыстануынабет бұрған сол заманда ол қатар-құрбысынан ерекше, ана тілін ардақтай білді.

Ол тіл ғылымы жолына біржолата ден қойды. 1974 жылы «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Осы саланың жетік білгірі профессор С.Аманжоловтың тілдер диалектісін зерттеудегі ізденістерін әрі қарай сәтті жалғастырды. Ғалым көп тілдік аядағы алтайтану мәселесіне де батыл араласып, «Қазақ-моңғол тілдерінің туыстығы жайлы» деген еңбек жазды. Екі халық арасындағы ежелгі жақындықтардың тылсым құпиясын дәлелдеді.

Шора ағамыз тіл саласын зерттеуге ерінбейді. «Кен асылы – жерде, сөз асылы - елде» дейді халқымыз. Шора Шамғалиұлы да тірнектеп жүріп сөз тереді. Бір ғана күлкінің өзін 70 жікке бөліп, сұрыптаған. Әйелдер жайлы 250-ге жуық мақал-мәтелді ел аузынан жинақтап алған. Халық емшілігі туралы материалдардың саны 600-ге жетеді. Шоқан Уәлиханов өміріне негізделген 60 альбомы тағы бар.

Ш.Сарыбаев – тіл байлығын ел байлығы деп түсінген. Ғалым бүкіл саналы ғұмырынтілдің қасиеттерін зерделеуге арнаған филология ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

(Батық Мәжитұлы)