Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Республикамызда қазақ тіліндегі БАҚ субъектілерінің саны орыс тіліндегілерге қарағанда (қандай?) .

2. Әрбір қазақстандық кез келген ақпаратты (қайдан?) ала алады.

3. Кейбір басылымдар (неге?) бейімделіп барады.

4. Ақиқаттан алшақтау (нені?) туындатады.

5. Сұхбаттасыңыздар

А. Арман, саған бүгінгі БАҚ-тағы қандай өзгерістер ұнайды?

Б. ?

А. БАҚ-та бәсекелестік бар ма?

Б. ?

А. Сөз бостандығы БАҚ-та сақтала ма?

Б. ?

А. БАҚ-та қандай принциптер ұстануы керек?

Б. ?

БӨЖ тапсырмалары

Сөз бостандығын пайдалану” дегенді қалай түсінесіз?. Қоғаммен байланыс мамандарының этикасы жайлы ой пікіріңізді бөлісіңіздер.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Демократияның бастауы деп нені айтамыз?

2. Республикадағы БАҚ туралы қандай деректер білесіз?

3. БАҚ-тағы бәсекелестік жайлы не айта аласыз?

4. Шетелдік басылымдар туралы не білсіз?

5. Қалау рай.

15 сабақ

Мемлекеттік тіл және БАҚ

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Бұқаралық, ақпарат алу, мәдени орталықтар, компьютерлі оқулықтар, ақпараттық кеңістік, құзіретті орган, халықаралық деңгей, әлемдік мәдениет.

2. Сөздікті біліп алыңыз.

қолдау – поддержать

оқырман – читатель

көрермен – зритель

алға тарту - продвигать

ақпараттық кеңістік – информационный круг

3. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.

Мемлекеттік тілді қолдау туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар мен көрермендер де үзбей айтып келеді. Олардың ішінде мәжіліс депутаттары Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан т.б. бар. Ұлттық мәдени орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шыққан.

Мемлекеттік тіл саясатын электронды БАҚ арқылы жүргізу мәселесі бойынша арнайы конкурстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бұқаралық іске айналғанда ғана мақсатқа қол жетеді.

Қазақ тілі – басқа көптеген елдерде тұратын отандастарымыздың ұлттық тілі. Сондықтан компьютерлі оқулықтар шығару, интернет жүйесі арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту, шетелде тұратын отандастарға арналған арнайы верб-портал ашу - өзекті мәселе.

Сонымен бірге құзіретті органдардың алдында бірнеше міндеттер тұр, олар: шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін танытатын, мәдениетін, өнерін насихаттайтын мәдени орталықтар ашу; Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін халықаралық деңгейде ұйымдастыру; дүние жүзі Құрылтайын жоғары дережеде өткізу т.б.

Қазақ тілі - әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі. Ол тек қазақ топырағында ғана ойдағыдай дами алады.

(«Егемен Қазақстан» газетінен)

4. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.

Мемлекеттік тілді (?), тіл (?), мәдени (?), ақпараттық (?), арнайы (?), отандастарымыз (?),ақпараттық (?), жоғары дережеде (?)