Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

5. –Лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының қызметі не?

Шығарма-шы-лық, ерекше-лік, бір-лік, элитар-лық, политология-лық,экономика-лық, портрет-тік, нақты-лық.

6. Мәтіннен туынды сын есімдерді теріп жазыңыз, қалай жасалып тұрғанын баяндаңыз.

БӨЖ тапсырмалары

Дөңгелек үстел: «Сізге қандай радиобағдарлама ұнайды?», «Бүгінгі журналистиканың ерекшелігі» деген тақырыпта баяндама әзірлеңіз.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

  1. Сөз бен істің бірлігін ойлайтын кім?

  2. Журналистің өзінің шығармашылығы қандай болады?

  3. Өз ойын халыққа түсінікті етіп жеткізу міндетті ме?

  4. Қазіргі ақпараттар әлемі туралы өз ойыңызды жеткізіңіз.

  5. Туынды сын есім.

12 сабақ

Журналистік зерттеу жүргізу.

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Өмір ағымы, оқиға, журналистік зерттеу, оқырман, дау-шар, дауласушы жақ, жеке мүмкіндік, психологиялық талдау, жан-дүниесі.

Еске түсірейік:

Етістіктің төрт райы бар:

  • ашық рай (үш шақта тұрған етістік);

  • бұйрық рай (түбір етістіктен жасалады);

  • шартты рай (-са, -се жұрнақтары арқылы жасалады),

  • қалау рай (-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалады).

2. Сөздікті жаттап алыңыз.

Журналистік зерттеу жүргізу – журналистское исследование

Өмір ағымы – панорама жизни

Ой жүгірту – размышлять

Дауласушы жақтар – спорящие стороны

Шынайы – правдивый

Адамның жеке мүмкіндігі – индивидуальные возможности человека

Әлеуметтік-адамгершілік жан дүниесі – социально-нравственный мир

3. Мәтінді оқып, баяндап беріңіздер.

Өмір ағымы журналистік зерттеудің объектісі бола алады. Журналистік зерттеудің құқық қорғау органдары зерттеулерінен айырмашылығы бар. Журналист оқиғаның бірнеше версиясын қарап, қаралау қорытындысы бола алатын біреуіне тоқталады. Оның мақсаты – материалдың кейіпкеріне немесе оқиғаға оқырманның көңілін аудару, ол туралы ой жүгірту.

Еңбек, жанұя, әрекеттер арасындағы дау-шарлар журналистік зерттеудің объектісі бола береді. Журналист дауласушы жақтармен ашық, шынайы әңгіме жүргізеді, ұжым жиналысына қатысады.

Адамның жеке мүмкіндігін ашу, психологиялық талдау жасау оның әлеуметтік-адамгершілік жан-дүниесін ашады.

(В.Ворошилов, «Журналист»)

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Журналистік зерттеу объектісі не?

2. Оның құқық қорғау органдарының зерттеуінен қандай айырмашылығы бар?

3. Журналист зерттеу барысында не істейді?

4. Сіздің неліктен журналист болғыңыз келеді?

5. Мәтіндегі етістіктерді теріп көшіріңіз, қай райда тұрғанын айтыңыз.

Үлгі:бола алады – ашық рай.

6. Етістіктерді рай түрлері бойынша топтап жазыңыз.

Отырыңдар, жазсын, үтіктеді, көрсетсе, жина, шұғылдан, барыңыз, шықсын, ұшса, оқыпты, кетпек, тұрамыз, тоқтады, жинаңыздар, тыңдайық, жазылыңыздар.

Үлгі:Ашық рай: үтіктеді…

Бұйрық рай: отырыңдар…

7. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

Мақала жаза аласыз ба?

Очерк жазып көрдіңіз бе?

Журналистік зерттеу жасағыңыз келе ме?

Сөйлескіңіз келмей отыр ма?

Кейін кім болғыңыз келеді?

Қара жұмыс істеп көрдіңіз бе?

Емтиханды қашан тапсырасыздар?

Қазақ тілін үйреніп жүрсіз бе?

БӨЖ тапсырмалары

Қазақстанда Халықаралық PR күндерін атап өтуге байланысты ақпарат дайындау.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Ең алғашқы қазақ баспасөзі жайлы не айта аласыз?

2. Газеттің редакторы кім еді?

3. Онда не басылды? Газеттің қоғамдық рөлі қандай болды?

4. «Дала уалаятының газеті» туралы не білесіз?

13 сабақ

Журналистика – қоғамдық сананы дамыту факторы.

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Қазіргі журналистиканың басты функциясы не?

Қоғамдық сананы да қалыптастыратын – публицистика жанры дегенге қосыласысыз ба?

Баспасөз қызметкерін оқырман психологиясына ой салатындығына қандай пікір айтар едіңіз.

Журналистикада пікірдің қалыптасуынан гөрі қоғамдық сананың қалыптасуы алғашқы орында тұруға тиіс пе?

2. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Қоғамдық сана, азаматтық қоғам, оқырман талғамы, психологиялық сана, сезіну, пікірдің қалыптасуы, кепіл, журналистиканың өлшемі.

Еске түсірейік:

Шылаулардыңөз алдына мағынасы болмайды, сөздерді байланыстырады.

Олардың үш түрі бар:

жалғаулық шылаулар (да, де, та, те, және, мен, бен, пен, кейде,бірде, бірақ т.б.);

септеулік шылаулар (дейін, кейін, шейін, соң);

демеулік шылаулар (-ақ, -ау, -ай, ғана, тек т.б.).

3. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Басты функция – основная функция

Қоғамның талабына сай – согласно требованию общества

Әлеуметтік-психологиялық сана – социально-психологическое сознание

Баспасөз қызметкері – сотрудник печати

Оқырман психологиясы –психология читателя

Талғамы оянады – появляется вкус

Пікірдің қалыптасуынан гөрі чем формирование мнения

Қоғамдық сананың қалыптасуы – формирование общественного сознания

Диалектикалық байланыс – диалектическая связь

Нәтиже – результат

Журналистиканың өлшемі – суть журналистики

Өзгертудің кепілі – залог изменения