Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_ekonom2.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

54.Несие капиталының халықаралық нарығы және валюта жүйесі

Несие капиталы– жеке немесе заңды тұлғаларға қайтарылу шартымен және несие пайызы түріндегі төлемақыға берілетін ақшалай нысандағы капитал. Уақытша бос ақшалай капиталдың құралуы және оның Несие капиталына айналуы өндіріс пен айналыс саласында болатын ауыспалы айналым негізінде жүзеге асады. Несие капиталының нысандары – банк несиесі мен коммерциялық несие

55 Меншік объектілері мен субъектілері

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.

Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады.

Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы.

Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы:

а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;

б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б.

в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.

56 Дүниежүзілік сауда: қазіргі кездегі түрлері мен құрылымы.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады.

Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

  • Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

  • Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

  • Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерстік немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]