Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_ekonom2.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

31.Капитал айналымы. Капиталдың толық және ауыспалы айналымы

Капитал айналымы[1]– капиталдың үздіксіз жаңарып отыратын ауыспалы айналымы; компанияның жылдық сату көлемінің салынған капиталға (меншікті қаражаттың орташа сомасына) қатынасы; жылдық өткізу (сату) көлемін тұрақты капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына тең шамасына бөлу арқылы есептелетін көрсеткіші. Өнеркәсіп капиталы ауыспалы айналымның барлық сатысынан өтетін уақыт капитал айналымының уақытын құрайды.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=А' - А

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал,

d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

32. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамтудың мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары шығады, оларда негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға қызметтерінде еркіндікті қамтамасыз ететін кепілдемелер көрсетілген. Жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде бизнесті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыру үшін бірқатар қаулылар қабылданды. 1997 жылы шағын кәсіпорындар саны 123 мың бірлікті құрады. Заңды және шағын кәсіпкерлік тұлғаларының тез көбеюіне 1997 жылы шыққан ҚР Президентінің Жарлығы үлкен ықпал жасады: "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамуын белсендіру шаралары туралы", "ҚР-да аймақтық шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту бағдарламалары және басымдықтар туралы" және шағын бизнестің өзекті мәселелерін іс жүзінде шешу үшін қабылданған бірқатар заң және нормативті актілер

Кәсіпкерлік қызметтің табысты болуының критерийі бұл кәсіпорынның тек өз шығындарын жауып ғана қоймай, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беретіндей жеткілікті түрде пайда мен табысқа қол жеткізу қабілеттілігі болып табылады. Қарама-қарсы жағдайда ол банкротқа ұшырауы мүмкін. Фирма қызметінің тиімділігін бағалаудың басты критерийлерінің бірі- оның нарықтағы орнының болуы. Нарықта тұтынушылардың қажеттіліктері сапалы деңгейде қанағаттандырылатын кәсіпорын ғана тиімді болып саналады. Нарық құрылымы нарықтағы фирмалардың саны, өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемі, жұмыстар мен қызметтердің әртүрлі деңгейі, нарыққа кіру шарты, тұтынушылардың саны, еңбек ақы төлеу шарты, өнімге сұраныстың ауытқуы және оның бағаға ықпалы сияқты элементтерден тұрады. Жаңадан ашылып келе жатқан нарықтар үлкен артықшылыққа ие, өйткені мұнда бәсеке деңгейі жоғары дәрежеге жетпейді. Өсу стадиясында болатын салалар да тартымды, өйткені мұнда да нарықта кәсіпорын өз орнын таба алады. Екінші жағынан бизнес сферасына енгенде өнімдер мен қызмет көрсету үшін қатаң бәсекелік күрес жүріп жатқан кәсіпорындар жоғарғы шоғырланған аймақтарды, сондай-ақ дағдарыс стадиясында тұрған салалар бар аймақтарды тартудың қажеті жоқ. Бизнесті ұйымдастыру үшін ең дұрысы сыйымды және тез өсіп келе жатқан нарықтарды іздеу керек. Мұндай нарықтарды иемдену өндіріс көлемінің жыл сайынғы өсімін қамтамасыз етеді. Екінші маңызды мәселе – нарық потенциалы, яғни саладағы фирмалардың, тұтынушылардың өспелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл жағдайда бастысы уақыт факторы болып табылады. Егер фирмалар толық қуаттылықпен жұмыс істейтін болса, онда мұндай нарық тартымды болып келеді.

Қызмет көрсету нарығының да үлесі маңызды мәнге ие. Шетелдік тәжірибеде нарықтағы үлесі 20 және одан да көп пайызды құрайтын кәсіпорындар тиімді саналады. Тауарлар мен қызметтер нарығының жоғарғы үлесі тек ғана өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз етпейді, сондай-ақ шамасы фирманың меншікті капиталынан асатын кәсіпорынның бағалық құнын әсіреді. Егер фирманың потенциалы 5 пайыздан кем нарық мөлшерімен бағаланатын болса, бұл нарықтың аз ғана үлесін білдіреді, сәйкесінше мұндай фирмалар шағын болып есептеледі.

Бәсеке деңгейін көрсететін көрсеткіштерге бағаға бақылау, шығындар мен өткізу каналдарын бақылау, салаға енудегі кедергілер жатады. Баға мен өзіндік құн, өткізу каналдарын бақылау дәрежесі көп жағдайда бәсекелік күрес сипатымен анықталады. Негізгі бәсекелес 40-50 %, тіпті 60% ие қызмет нарығы салаға жаңа фирмалардың енуі үшін кедергі болып табылады. Бизнес тиімді жағдайда болады, егер ол қазіргі заманғы технология, прогрессивті материалдар мен конструкцияларды пайдаланатын болса, сондай-ақ онда патенттік құқық, лицензиялық артықшылық немесе жұмыстар мен қызметтер орындауға құқық алу мүмкіндігі болса. Мұндай артықшылықтардың болуы өте маңызды, өйткені олар салаға басқа бәсекелестердің енуі үшін кедергілерді тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]