Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_ekonom2.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

6.Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясы.

Экономикалық мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси формалардың (институттардың) біртектілігі (гомогендігі) күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады. Жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптимальды және тиімді механизмдерін айқындау процесі жүріп, жалпы адамзат игіліктерінің ортақтығы планетарлық өркениетті қалыптастыратыны даусыз айқын бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі қоғамдық дамудың өркениетті теориясы қалыптасуының алғашқы кезеңі екенінде ескеруіміз керек. Мұндай теорияның қажеттілігі айқын сезілуде. Жоғарыда да атап өткендей, жалпы әлеуметтік жіне экономикалық мәселелердің кемшілігін дұрыс түсіндіргенімен, формациялық теория қазіргі күнгі түбірлі мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге негіз бола алмайды.

Бұл халықаралық қатынасытар саласы, қазіргі әлемдік мәселелер, экономикалық жаңғырту (реформа) және т.б. проблемалар.

7. Постиндустриалдық экономика теориясы және қазіргі даму сатысының көріністері мен ерекшіліктері.

Басты саласы –экономикалық –өндірістік емес (қызмет көрсету)сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе

8. Нарықтық экономика: мән-мағынасы және қазіргі кезеңдегі модельдері.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

  1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

  2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

  3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

  4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

  5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады

  6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады;

  7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;

  8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.

  9. Құнның еңбектік теориясы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]