Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_ekonom2.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

79. Экстенсивті және интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

  1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

  3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

80. Қоғамдық өндірістің құрылымы. Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

  1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

82. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

  1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

  2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Өндірістік қатынастар — өндірісбөлісайырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамның экономикалық құрылымы, заңи және саяси қондырма икемделетін және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық қатынастар; олар технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты туындайды, мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық еңбек бөлінісімен байланысты туындайды, Екінші жағы – өндірістік-экономикалық қатынастар; олар өндірістік-техникалық қатынастардан өзгеше түрде адамдардың өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын, яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары мағыналас ұғымдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]