Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_ekonom2.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

69. Филлипс қисығы нені көрсетеді? Қай жылы

Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филлипспен көрсетілген. Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. 1958 ж. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі, бағаның және жалақының өсуімен бірге болады (Филипс қисығы).

Жалақы

Прямая соединительная линия 230Прямая соединительная линия 231А

Прямая соединительная линия 232Прямая соединительная линия 2333

жалақы

Прямая соединительная линия 234Прямая соединительная линия 2352

Прямая соединительная линия 236

Прямая соединительная линия 2371

D

Прямая соединительная линия 238

1 2 3 жұмыссыздық (%)

Қаншаға инфляция дәрежесі жоғары болса, соншаға жұмыссыздар үлесі төмен. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды.

Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды.

Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғарғы ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі. Бірақ бұл жағдай қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10жыл ) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды. Инфляцияны 1%-ке түсіру үшін жыл бойына жұмыссыздық 2% табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Бірақ бұл жағдай да бір шешімге келген емес.

Өндірістің терең құлдырауы, яғни экономикалық өсімнің тоқтауы стагнация деп аталады. Инфляцияның стагнациямен қатар жүруі стагфляция деп аталады.

70. Қаржы дегеніміз не? Атқаратын қызметтері

1. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

  • мемлекет және оның институттары,

  • компаниялар, кәсіпорындар,

  • үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

  3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]