Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_ekonom2.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

АР =

мұнда Ғ1-өзгермелі факторлар

Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

  1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

  2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

  3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

  4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың артықшылығы.

  5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

  6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді қарқынының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

  1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.

  2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

  3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС<Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

  4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім кезінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

19.Трансакциондық шығындар теориясы.

20. Кәсiпкерлiктiң мәнi және үлгiлерi.

21. Қазақстандағы фирмалардың ұйымдық- құқықтық түрлері.

22 Өндiрiстiк кооперативтер – кәсiпкерлiктiң ұйымдық- құқықтық түрі ретiнде

23.Жетілмеген бәсекелі нарық теориясы және тәжірибелік рөлі.

24. Таза монополия рыногы.

19. Трансакциондық шығындар теориясы

Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар «трансакциондық шығындар» деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Р.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:

  • нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;

  • келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты шығындар;

  • тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттаржүйесін жасауға, фирманың белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;

  • заң жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған шығындар;

  • нарықта ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған шығындар.

и это из википедии

Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған кобінесе айналыс шығындары жатады — тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деге түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артыкшылығына айырбас мүшелерінің әркайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша темендеу тенденциясы жатады дейді. 

20. Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды.

  2. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сатып алу – сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алыпсатарлыққа жатпайды.

  3. Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.

  4. Делдалдық кәсіпкерлік – бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

  5. Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.

Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әртүрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын да қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы.

Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.

Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпкерлік -әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік- бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;

- бизнес көлемінің шектелмеуі;

  • қатаң бағамен шектелмеуі.

Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.

Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.

Серіктестік – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.

Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.

Толық серіктестік – мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.

Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.

Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.

Командитті серіктестік – үлестік меншікке негізделген. Командитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.

Артықшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.

Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.

Акционерлік қоғамдар – бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын.

Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.

Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:

-акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;

-басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;

-корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.

Кемшіліктері: корпорация табысының акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business corporation) статусын алуға болады. Бұл кезде корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады.

Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағын бизнеске мынадай анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндігі бар. Ірі фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады, нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар: жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық бизнес. Батыс елдерінде шағын бизнес шаруашылықтың елеулі бөлігін құрайды. Мұнда бизнестің франчайзингтік және венчурлық формалары кең тараған. Біздің республика үшін шағын бизнес формаларына франчайзинг пен жанұялық бизнесті жатқызуға болады.

21. Фирмалардың үжымдық-құқықтық түрлері Мемлекеттік кәсіпкерлік -әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік- бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;

- бизнес көлемінің шектелмеуі;

  • қатаң бағамен шектелмеуі.

Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.

Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.

Серіктестік – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.

Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.

Толық серіктестік – мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.

Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.

Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.

Командитті серіктестік – үлестік меншікке негізделген. Командитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.

Артықшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.

Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.

Акционерлік қоғамдар – бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын.

Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.

22. Өндірістік кооператив кәсіпкерліктің ұжымдық құқықтық нысаны ретінде

Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.

23. Жетілмеген бәсеке нарығы

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

  1. Бәсеке даму сипатына қарай:

    1. Жетілген бәсеке

    2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Монополистік бәсеке нарығы.

Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшелігі:

  • Фирмалардың салыстырмалы көп саны;

  • Өнімдер бір-бірінен ерекшеленеді;

  • Бағалы және бағалы емес бәсеке жүргізіледі;

  • Салаға кіру салыстырмалы оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Олар: патент, лицензия, сауда маркасы т.б.

Монополистік бәсеке нарығында тауарлар бір-бірінен дифференциалданып ерекшеленеді:

  • Сапасы жағынан;

  • Қызмет көрсету жағынан;

  • Фирманың орналасуы жағынан.

Таза монополия.Таза монополияда өнімнің бір ғана өндірушісі болады. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнім жоқ. Таза монополияның негізгі ерекшеліктері:

  • Белгілі бір өнімнің бір ғана өндірушісі және сатушысы болады;

  • Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнімдер жоқ. Сондықтан монополистің жарнама жасауы өз еркінде болады;

  • Монополист бағаға толық бақылау жасайды.

Салаға кірудің шектері өте жоғары болады. Оның экономика, технология, заң жағынан шектері бар. Сонымен қатар табиғи монополиялар да болады: газ, су, электроэнергия, байланыс т.б. Бұл салалар бірнеше қолда болатын болса, шығындарды анықтау қиындап, пайда аз болады. Сондықтан мемлекет бұл салаларды бір кәсіпорынның қолына береді. Бірақ бағаға бақылауды өзі жасайды.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

  2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

  3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.

Шоғырланудың бағыттары

Прямая соединительная линия 126Прямая соединительная линия 128Прямая соединительная линия 127Прямая соединительная линия 125

Көлденең Тікелей Диверсификация

Прямая соединительная линия 122Прямая соединительная линия 123Прямая соединительная линия 124

Бір саладағы компания-лардың бірігуі немесе әлсіз кәсіпорындарды күшпен тартып алу

Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирмалардың бірігуі

Технология жағынан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі

Монополияның ұйымдастыру формалары:

  1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу

  2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.

  3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.

  4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .

Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы заңдылықтар қолданылады.

Олигополистік нарық.

Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады. Стандартты олигополияда ауыр өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. Мысалы: құрыш, мыс, т.б. Дифференциалды олигополияда тұтыну тауарлары өндіріледі: автомобиль, киім, т. б. Олигополистік нарықта бірнеше фирмалардың маңызда үлесі бар. Бұл фирмалар бір-біріне тәуелді болады. Олигополиялардың болуы масштаб әсерінен. Олар ҒТП - тің және капиталды орталықтандыру нәтижесінде пайда болған. Көп фирмалар өз әрекеттерін аз ғана капиталмен бастап, басқа фирмалармен бірігіп әрекет етеді. Салаға кіру үшін бірден ірі фирма болу керек, себебі олигополистік нарықта патенттер, лицензиялар, жарнамаларды, стратегиялық тауарларды бақылауға көп шығындар кетеді. Олигополистік нарықта тек қана бағалы емес бәсеке қолданылады, өйткені баға өзгерісіне басқа фирмалар тез арада жауап бере алады. Сондықтан олар жарнамаға көп шығын жұмсай алады. Монополияның пайда болуы ғылыми техникалық прогрестің тоқтауына алып келеді. Сонымен қатар монополия өнім сапасының төмендеуіне және бәсекенің жойылуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ол нарықта фирманың монополизациясын жою. Сол үшін белгілі бір шаралар қолданылады. Олар әкімшілік және нормативтік реттеу. Әкімшілік реттеу ол монополияға қарсы заңдар шығарып, мемлекет тарапынан бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі. Монополияға қарсы акт бірінші рет 1889ж. Канадада пайда болды.

24. Таза монополия Таза монополия.Таза монополияда өнімнің бір ғана өндірушісі болады. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнім жоқ. Таза монополияның негізгі ерекшеліктері:

  1. Белгілі бір өнімнің бір ғана өндірушісі және сатушысы болады;

  2. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнімдер жоқ. Сондықтан монополистің жарнама жасауы өз еркінде болады;

  3. Монополист бағаға толық бақылау жасайды.

Салаға кірудің шектері өте жоғары болады. Оның экономика, технология, заң жағынан шектері бар. Сонымен қатар табиғи монополиялар да болады: газ, су, электроэнергия, байланыс т.б. Бұл салалар бірнеше қолда болатын болса, шығындарды анықтау қиындап, пайда аз болады. Сондықтан мемлекет бұл салаларды бір кәсіпорынның қолына береді. Бірақ бағаға бақылауды өзі жасайды.

25. Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшелігі:

  • Фирмалардың салыстырмалы көп саны;

  • Өнімдер бір-бірінен ерекшеленеді;

  • Бағалы және бағалы емес бәсеке жүргізіледі;

  • Салаға кіру салыстырмалы оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Олар: патент, лицензия, сауда маркасы т.б.

Монополистік бәсеке нарығында тауарлар бір-бірінен дифференциалданып ерекшеленеді:

  • Сапасы жағынан;

  • Қызмет көрсету жағынан;

  • Фирманың орналасуы жағынан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]