Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
куравая Медета.docx.docx
Скачиваний:
148
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
315.09 Кб
Скачать

1.4.2 Станса жұмысын диспетчерлік басқару

ДСЦ стансаның технологиялық орталығының (СТО) операторының құжатпен сәйкестендіріп, тексерілген натурлы қағазын алып, өңдеуге түсетін пойыздарды ретімен қояды және натурлы қағазға өзгерістерді енгізіп, оны қайтадан сұрыптау қағазын жасау үшін СТО операторына тапсырады.

Жүк қабылдап-тапсырушыдан алынған мәліметті енгізеді. ДСЦ пойыз құрастырушыға кірме жолдардан вагондарды әкетуге тапсырма береді.

1.4.3 Пойыздардың келуі туралы ақпарат

Телімдік станса нақты және алдын-ала ақпарат алуы тиіс. Алдын-ала ақпарат стансаға жол бөлімшесінен ауысымға беретін тапсырмамен бірге жіберіледі. Онда 12 сағат ішінде стансаға келетін әр бағыттағы пойыздар саны беріледі, сонымен қатар түйеуге келіп тусетін бос вагондар саны беріледі.

Әрбір 4-6 сағат сайын жол бөлімшесінен стансаға түзету енгізілген ақпараттар жіберіліп отырады. Онда әрбір пойыз туралы мәлімет болады: пойыз номері, пойыз индексі, тиеу уақыты, жалпы саны, салмағы.

Темір жолда автоматтандырылған жүйе әрекет ету кезінде стансаның технологиялық орталығына натурлық қағаз үрдісінде барлық санаттардағы пойыздар мен құрамдардың келуі жөніндегі нақты ақпарат түседі.

1.4.4 Біріктірілген ауысым және кешенді бригада

Өндірістік тапсырманы табысты орындау үшін, қозғалыс үшін вагон және локомотив шаруашылығы, СОБ және байлныс қызметі жұмыскерлерінің пойыздар мен вагондарды өңдеуде шұғыл кірісуі негіз болып табылады.

Пойыздарды қабылдап жөнелту және маневрлік жұмысты орындау үшін телімдік стансаларда келесідей кешенді бригадаларды құрайды: станса жұмыскерлері, коммерциялық қарау пункті (КҚП), техникалық қарау пункті жұмыскерлері, маневрлік локомотив бригадалары.

1.4.5 Ақпараттық орталық және сто жұмысын ұйымдастыру

СТО-да келесідей негізгі міндеттерді орындау жүктеледі;

  • жөнелтілетін немесе келген пойыздарға жүк құжаттарын уақытылы және сапалы дайындау;

  • сұрыптау қағазы мен натурлы қағазды құрастыру;

  • тиеу-түсіру пунктерінде, сұрыптау жолдарында орналасқан вагондарды үздіксіз есепке алып отыру;

  • құрастырылатын пойыздардың ұзындығын және белгіленген салмақ мөлшерін, пойыздардың құрастыру жоспарын бақылап отыру;

  • жүк құжаттарының сақтанымдылығын қамтамасыз ету;

  • стансадан вагондардың уақытында жөнелуін бақылап отыру және есепке алу;

Ақпараттық пунктегі оператор инфоримоктор міндеті келесідей:

  • пойыз, вагон және жүктердің келуі жөнінде кешенді ақпаратты қабылдап өңдеу;

  • жүк операцияларына берілген вагондар туралы ақпаратты тапсыру;

  • жөнелетін пойызға ақпаратты тапсыру.

СТО штатының саны стансаға келетін және жөнелетін пойыздар санына байланысты анықталады.

СТО жұмыскерлері келесідей материалдар мен жұмыс істейді: пойыздарды құрастыру жоспары; пойыздар қозғалысы графигі; темір жол сызбасы; темір жол стансасының альфавиттік тізімі; жылжымалы құрамның ұзындығы және тара салмағын анықтауға арналған кестелер.

Натурлы қағазды құрастыру бойынша нұсқаулықтар жүк тасымалдау ережелері пойыздарды өңдеудің технологиялық графигі, жоспарлау бойынша нұсқаулық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]