Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomka_2.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

4.2 Ақ «№1 Автобус паркінің» еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын талдау

Барлық жұмысшылар автобустардың және т.б. машиналардың техникалық қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды орындау барысында техникалық қауіпсіздіктің ережелерін сақтайды. Сонымен қатар барлық жұмысшылар өртке қарсы қауіпті ережелермен таныс. Техникалық қызметпен байланысты барлық жұмыс орындарында өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген. Паркте жаңа техника пайдаланатындықтан, сол техникада жұмыс істейтін адамды арнайы дайындыққа жіберіп отырады. Автопарк бөлімшелердегі еңбек жағдайын бақылау мен жақсарту бойынша басты мамандар жауапты, ал оның жағдайы туралы бөлім басшысы жауап береді. Еңбек қорғау бойынша жауапты адам болып, техника қауіпсіздігі бойынша инженер болады. Оның кабинетінде қажетті құжаттар мен плакаттар бар.

Автобус паркінің техникалық қызмет пунктіндегі барлық жұмыс аймақтарында байқаусыз жағдайларды ескертетін және берілген аймақтағы жұмыстардың қауіпсіз ережелерін көрсететін нұсқаулармен, плакаттармен және жазулармен қамтамасыз етілген.

Жұмысшыларға келесі қорғаныш заттары беріледі:

  • электр құрал-жабдықтарын қызмет ету кезінде – резинкелі етік пен қолғап;

  • ұсталық жұмыстар кезінде – қорғаныш көзілдірік, фартук, биялай;

  • электр-газды пісіру жұмыстар кезінде – қорғаныш қалқандар, көзілдірік, резинкалы төсеніш және брезенттелген биялай;

  • май құюшы жүргізуші – фартук, резинкалы биялай.

Автобустарға техникалық қызметті қозғалтқыштарды сөндірулі кезінде жүргізеді. Машиналардың бұзылуын жоюмен немесе техникалық қызметпен байланысты барлық операцияларды, оларды толық тоқтатқаннан кейін және жетекті сөндірген кезде орындайды.

Машина өздігінен домаламауы үшін домкратпен көтерген кезде, доңғалақтың астына қалыптар қояды. Жүк көліктері және басқа үлкен габаритті машиналарды орнату кезінде, екі домкраттармен пайдаланған дұрыс, олар машинаның жақтарын кезекпен орташа биіктікке көтереді. Бұрандалы және рейкалы домкраттар дер кезінде техникалық куәландыруды өтеді. Домкраттың винт бұрандамасының немесе гайканың тозуы 20%-дан асса пайданалуға рұқсат етілмейді.

Құрамына серіппелер кіретін құрастырмалы бірліктер мен агрегаттарды бөлшектеу кезінде, серіппенің күтпеген жердегі әсерін болдырмайтын қондырғысын қолданылады. Тракторлардың шынжыр буындарын бөлшектеу мен жинақтауды арнайы стендтер мен пресстарда жүргізуге ұсынылады.

Ұсақ құрастырмалы бірліктерді-верстактарда, ал үлкен габаритті бірліктерді - арнайы стендтер мен арнаулы үстелдерде бөлшектеу мен жинақтауды жүргізеді. Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын еденде жүргізуге рұқсат етілмейді.

№1 Автобус паркінің жағдайын талдай отырып, оның айтылған жетістіктермен бірге бірқатар кемшіліктер де бар. Олар:

  • ауа тазартқыштар мен желдеткіштердің ескіруі;

  • өндірістік ғимараттарды жылу жүйесінің төмендеуі;

  • күрделі жөндеуді жүк көтеру механизмдермен жабдықталған арнайы орындардың болмауы;

  • механизаторларды қажетті слесарлық құралдармен толық жабдықталмауы.

Сондай–ақ әр-бір қызметкерлер жыл сайын медициналық бақылаулардан өтіп отыруға тиіс. Сонымен қатар қызметкерлер күн сайын бөлмелерді ылғалды тазалау жүргізіліп отырылуы міндетті.

Техниканы сақтау кезінде атқарылатын жұмыстардан кейін әр-бір қызметкерлер санитарлық норманы сақтау керек. Яғни жұмыстан кейін, жуынып, шайынып тазалануы керек. Ол үшін арнайы жуынатын бөлмелер болуы керек. Жұмыс уақытында операторлардың қол астында әрқашан дәрігерлік қобдиша болуға тиісті.

Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымның) ұзақтығы:

Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан. Жұмыс күні 9.00 сағаттан басталады, түскі уақыт 13.00 – ден 14.00- ге дейін, содан кейін 14.00 – ден 18.00 - ға дейін жұмыс күні болады [13].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]