Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomka_2.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

1.3 Ақ «№1 Автобус паркінің» қызмет көрсету және жөндеу зонасының сипаттамасы

ТҚ – 1 зонасы тәулігіне ұзыныдығы 11 метрлік 4 автобус және 17 метрге жететін екі жапсарланған автобустарға қызмет көрсете алады.

ТҚ – 2 жүргізу үшін 7 пост бар, оның ішінде 5-еуі жүккөтергіштігі 8 тонна болатын гидромеханикалық көтергіштермен жабдықталған.

Ағымдағы жөндеуді өткізу үшін 22 жылжымалы құрам бар, олардың ішінде төртеуі қозғалтқыш пен оның жүйесін реттеп, тексеріп тұріға арналған, ал екеуі әрқайсысының жүккөтергіштігі 1,2 тонна болатын көтергіштермен жабдықталған, олар өз кезегінде күшті агрегаттарды қондыру мен алуға арналған.

Посттар автомобиль шиналарына жөндеу жүргізу үшін жүккөтергіштігі 10 т болатын 4 көтергішмен қамтамасыз етілген. Шиномонтаж посттарында бір уақытта ұзыныдығы 11 метрлік 4 автобус және 17 метрге жететін екі жапсарланған автобустар сыйып кете алады.

Автомобиль шиналары мен камераларына жөндеу жүргізу үшін пост касында бүкіл керекті құралдармен жабдықталған вулканизаторлық цех орналасқан. Цехта сонымен қатар шиналарға баласировка жүргізуге арналған стенд те бар.

Жылжымалы құрамның мезгілдік және сапалы жөнделуін жүргізу үшін жөндеу базасында барлық қажетті түйіндер, агрегаттар және басқа да саймандар бар, олар мыналар:

  1. ГМБ жөндеу цехі (Гидромеханикалық беріліс). Цехта гиромеханикалық берілісті жөндеуге, басқа да қызмет жасауға жағдай жасалған.

  2. Агрегаттар цехі – автобусқа қондырылған барлық агрегаттар мен түйіндерді тексереді.

  3. Мекемеде бар барлық автобустардың қозғалтқыштарына жөндеу мен қызмет көрсетуді мотор цехі өз мойнына алады. ІЖҚ-на сапалы жөндеу жасау үшін цех барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

  4. Құрал – жабдықтарды жөндейтін және оларға қызмет көрсететін слесарлы – механикалық аумағы мен өндірісті дайындайтын цехі бар өндіріс дайындау қызметі. Сонымен қатар, мекеменің өндіріс- техникалық базасының техникалық жағдайын қадағалайды.

  5. Аккумуляторлы цех аккумуляторлық батареялардың деңгейін тексереді.

  6. Электржабдықтарын жөндейтін цех генератор, стартер мен автобустың басқа да приборларының жұмысын тексереді.

  7. Жанармай аппаратурасы цехі жанармай жүйесіндегі агрегаттарға жөндеу жұмысы мен қызмет көрсетуді қадағалайды.

  8. Слесарлы цех сцепление, тормозды қалыптың тозған қаптамаларына керекті жұмыстарды жүргізеді.

  9. Жез жасайтын цеж жезге қатысы бар барлық жұмыстарды және радиаторларды жөндейді.

  10. Кузовты және малярлы цех автобустарға аз уақытта бояу жағумен және қалыпқа келтіреумен айналысады.

11. Терезе жасау мен оларды орнату цехі автобустарға терезені тез уақытта қондырып береді. Бұл олардың жөндеу базада ұзақ тұрып қалмауларына жағдай жасайды.

12. Мекеме аумағында орналасқан эстакада жылжымалы құрамға күнделікті қызмет көрсетумен айналысады.

Цех пен басқа аумақта жұмыс жасайтын қызметкерлер техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуде үлкен тәжірибеге ие. Ең аз өндірістік жұмыс өтілі 8 жыл.

Cурет 1.3 - «№1 Автобус паркінің» қызмет көрсету және жөндеу орны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]