Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomka_2.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

3 Конструкторлық бөлім

3.1 Шайтанарба тұрағы

Жалпы алпы алғанда дамушы елдер дамыған елдерден экономика,технология саласы бойнша үлгі алу арқылы алга дамып жылжуы сөзсіз хақ.Елімізде сол, әсіресе технологиясы дамыған елдерден мысал алып дамып келе жатқанымыз бәріне мәлім.Елордамыз Астана қаласын өзінде мысалға келтіре кетсекте болады.Тәуелсіз алғанымызғада 23 жыл болғанына қарамастан шетел тәжірибесіне сүйене отырып небір зәулім ғимараттар бой көтерді.Жалпы ол құрлыс саласы бойынша.

Менің бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған дипломдық жұмысымды дамушы еліміз Қазақстанда алі жоқ шайтанарба тұрағын салу арқылы ,қаладағы экология,адам денсаулығына жалпы алғанда экономикага,қарапайым халыққа өте тиімді жобаны ұсынғым келіп отыр.

Сурет 3.1 - Жапония мемілекетіндгі шайтанарба тұрағы

Сурет 3.2 - Шайтнарба тұрағының жұмыс істеу барысы

Шайтанарба тұрағы жерастына казылып орнатылады (сурет 3.3)12-15 метр. Шамамен 250-300 шайтанарба сияды.Жұмыс істеу қызыметін арнайы роботтар атқарады,шайтанарбаны тұраққа откізу уақыты 17-20 секундта атқарып шайтанарбаңызды бос орынға апарып орналастырады.

Жұмыс жүру процесі еш адам көмегінсіз техникалык роботтар арқылы жүзеге асады (сурет 3.2),және арнайы әр адамнын озінің жекелеген карточкасы болады.

Карточка ол шайтанарба тұрағына шайтанарбаңызды алуға келген кезде сол карточканың көмегі арқылы жүзеге асады.Осы карточканы пайдалану арқылы,сол карточкаға ай сайын қаражат салу арқылы сол тұрақтың қызметін төлейсіз.

Жапонияда 1883 йен (~$21) шамасында ай сайынғы төлем бағасы. Мектеп оқушылары,студенттерге жанағы жоғарыда көрсетілген бағаның 50% төлем көрсетеді.Бұл біздің елдің бағасына аударып қарасақ $21%- 3780тг.

Сурет 3.3 - Шайтанарба тұрағының сызба суреті

Бұл шайтанарба тұрағы біздің ел үшін өте маңызды. Экономикалық,экологиялық,жалпы адам денсаулығы үшін ,спорт саласы жағынан қарасақта.Бір сөзбен қортындылай айтқанда осындай шайтанарба тұрағы біздін елге өте қажет.

3.2 Қазақстандағы мұнаймен жанар-жағармай бағасы

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы жыл сайын қымбаттайды. Ел билігі «баға биыл бірінші тоқсанның аяғына дейін қымбаттамайды» деп уәде берген еді. Бір ерекшелігі, сыртқы нарықта мұнай бағасының қымбаттауы немесе арзандауы елдегі ішкі бағаға онша әсер етпейді.

Отын түрлерінің бағасы әлемдегі мұнай бағасына тікелей тәуелді екені белгілі. Мұнай қымбаттаған сайын отын да қымбаттай түседі. Бірақ Қазақстанда жанар-жағармай материалдары бағасы мұнайдың әлемдегі бағасына қатысы жоқ ішкі логикамен реттелетін ерекшелігі бар.

Қазақстан статистика агенттігі деректері бойынша, 2003-2012 жылдары  әлемдегі мұнай бағасы 3,7 есе өскен. Ал елдегі ең «өтімді» АИ-80 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы 2,2 есе, АИ-92 – 2,5 есеге ғана, бірақ дизель отынның бағасы 3,9 есеге өскен.

Мұнай мен отынның кейбір түрлерінің жылға шаққандағы орташа бағасы, доллармен

 Көрсеткіштер

                                    Жылдар

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

мұнай/тонна

221

311

411

462

665

322

540

679

781

807

АИ-80/литр

0,27

0,37

0,38

0,48

0,60

0,48

0,45

0,48

0,59

0,60

АИ-92/литр

0,30

0,43

0,46

0,61

0,71

0,64

0,55

0,60

0,72

0,74

дизель/литр

0,20

0,35

0,39

0,46

0,58

0,62

0,47

0,53

0,68

0,78

Мұнай мен негізгі мұнай өнімдері бағасы біркелкі өспегенін Азаттық тілшісі құрастырған кестеден байқауға болады. Мұны мемлекеттің ішкі «ерекше» факторларымен түсіндіруге болатын сияқты. Мысалы, 2009 жылы мұнай бағасы 67 пайызға өскенімен, отын бағасы екі жыл бойы арзан болды. Кейбір мамандар мұны теңгенің құнсыздануымен байланыстырады.

Азаттық тілшісі құрастырған кестеде мұнайды сыртқы нарықтағы бағасы мен Қазақстандағы АИ-80, АИ-92 маркалы бензин мен дизель отын бағасының динамикасы көрсетілген (АҚШ долларымен):

Мұнайлы Норвегияда халқының орташа жалақысы - 5 300 $; Мұнайлы Қазақстанда орташа жалақы - 108 857 теңге; Мұнай түгілі сымпылтық та жоқ Германияда орташа жалақы -  3 мың 064 евро; Ресейдегі орташа жалақы - 30 026 рубль. Теледидар қарап отырсаң Еуропаның кемпір - шалдары қолұстасып әлемді шарлап қыдырып жүргенін көресіз. Көшеге шықсаң, 30 мың теңгелік зейнетақысына күнін көре алмағандықтан атасы кәсіп қылмаған саудамен айналысып отырған қазақтың шал - кемпірін көресіз. Бәрін өз құлқыныңнан өткізіп, көртышқандай ол ақшаны жинай бергенше халқыңның әлеуметтік жағдайын көтер, Норвегиядағыдай 5 300 доллар бермей - ақ қой, мұнайы жоқ Германияның дәрежесіне көтеріп орташа жалақыны 3 евроның үстіне шығары сөзсіз.

Дәл қазіргі уақытта Қытай елдегі (Қазақстан) шығып жатқан мұнайдың бірден-бір "иесі" екенін ескерсек, бұл әңгіменің көпке ұзамай орындалып қалары шындыққа айналатындай.

1. "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" - 94,47 пайызы.

2. АҚ "Маңғыстаумұнайгаз" – 50 пайызы.

3. "Buzachi Operating Ltd" – 50 пайызы.

4.  "Қаражанбасмұнай" ААҚ - 50 пайызы.

5  China Investment Corporation – 50 пайызы.

6. "CNPC-АйДанМұнай" АҚ  - 100 пайызы.

7. "Қуат Амлон Мұнай" АҚ  -100 пайызы.

8 "Эмир Ойл" ЖШС – 100 пайызы.

9. "КМК Мұнай" АҚ – 86,79 пайызы.

10. "Сазанқұрақ" ЖШС -100 пайызы.

11. "Прикаспиан Петролеум Компаний" ЖШС  – 100 пайызы.

12. "Сағыз Петролеум Компани" ЖШС  -100 пайызы.

13. "Адай Петролеум Компани" ЖШС  – 50 пайызы.

14. "Уралс Ойл и Газ"ЖШС – 22,5 пайызы.

15. "Caspian Investments Resources" -75 пайызы.

16.  "Разведка Добыча "ҚазМұнайГаз" ЖШС -57,9 пайызы.

17.  "China Investment Corporation"- 11 пайыз акцияларын Қытайлар иемденіп отыр.

Мұнай және газ министрлігі ұсынған түзетулерді ескере отырып, шекті бағаларды белгілеу үшін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі  төрағасының бұйрығымен осы жылғы 6 сәуірден бастап мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сатудың шекті бағалары ҚҚС ескере отырып. мынандай өлшемде белгіленді:

Шекті бағалар:

Дизель отыны - литрі 95 теңге;

Аи-80 - литрі 95 теңге;

Аи -92 -  литрі  112 теңге;

"Бұл бұйрық Мұнай және газ министрлігімен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген", деп хабарлайды ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда қазан айында жанар-жағармайдың бағасы қымбаттады. Қазір дизель отынының бір литрі – 94 теңге, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңге, АИ-92 маркалы бензин – 110 теңге.

Жеке меншік такси көлігінің жүргізушісі, алматылық Бауыржан "жолақыны қымбаттатпасам, бизнесімді жалғастыра алмай қаламын ба" деп қорқады.

- Бағаның өсуі мен сияқтыларға қатты тиді. Өйткені біз көлігімізге бензинді күнде құямыз ғой, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Қазақстандықтарды жанар-жағармаймен қамту мәселесі – мұнайдың мол қорына қарамастан, Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде әлі шешілмей келе жатқан проблема.

Бензиннің бағасы жыл сайын өседі. Тек соңғы алты жыл ішінде жанар-жағармайдың бағасы 20-50 пайызға өскен.

Шығын.

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов мұнай өнімдерінің бағасының көтерілуіне жанар-жағармайдың бөлшек саудасымен айналысатындардың шығынға батуы себеп болғанын айтады.Қазақстан мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев (сол жақта) Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаевты тыңдап отыр. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

Мұнай саласының топ-менеджері Сауат Мыңбаевтың айтуынша, егер Қазақстан мұнай экспортын азайтып, 7 миллион тоннаны ішкі нарыққа шығарса, ел бюджеті жылына 1 миллиард 800 мың доллардан айырылады. Демек, сыртқы нарыққа басымдық берілетіні айқын.

Тәуелсіз автомобилистер одағының басшысы Эдуард Эдоков Азаттыққа берген сұхбатында «Қазақстандағы бензин бағасы «өндіру – өңдеу – сату» тізбегіндегі алыпсатарлардың қаптап кетуінен өсіп барады» деген пікір айтты.

Қарапайым азаматтардың ойынша, мұнайлы елде бензин жеткілікті әрі арзан болуы тиіс. Ал Эдуард Эдоков «Қазақстандағы жағдай қисынсыз. Мұнай бағасы қалай құбылса да, баға бәрібір өседі» дейді. Эдоков қымбатшылықтың екінші себебі ретінде мұнай өндірісі мен өңдеу сатысын басқарудың тиімсіздігін атайды.

Салыстыру.

Жанар-жағармай бағасы 2006-2011 жыл аралығында қалай өзгергенін төмендегі диаграммадан көре аласыз:

Мұнай өнімдерінің бағасы 2012 жылдың тоғыз айында төмендегідей болды: АИ-80 маркалы бензиннің бір литрі – 85,61 теңге, АИ-92 – 105,66 теңге, АИ-93 – 105,79 теңге, АИ-95 және АИ-96 – 138,47 теңге, ал дизель отыны – 90 теңге.

Баға көтерілердің алдында, яғни қыркүйек айында Қазақстанда Аи-95 маркалы бензин шамамен 0,72 евроға сатылған. Бұның қаншалықты қымбат екенін білу үшін басқа елдердегі бағамен салыстырып көрелік.

АИ-95 маркалы бензиннің 2012 жылдың қазан айының ортасындағы бағасы:

Кестеден көрінгендей, белгілі бір елде мұнайдың бар-жоғы мұнай өнімдерінің бағасына ықпал ете алмайды. Оның үстіне, мұнай өндіруші Норвегия мен Нидерланды сияқты елдер өнімнің қымбаттығы жағынан алғашқы қатарда тұр. Ал мұнайы жоқ Беларусь халықты арзан бензинмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жердегі тағы бір мәселе - халықтың әл-ауқаты. Кейбір елдерде бензин қымбат болғанымен, халықтың табысына қарай ол қатты батпайды.

«Ембімұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты Прорва кенішіндегі мұнай сорабы. Атырау облысы, 18 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бірақ жанар-жағармайдың бағасы қоғамның әл-ауқатының деңгейін де көрсете алмайды. Бұл арада мәселе халық тұрмысының көрсеткіштеріне, еңбекақы көлеміне, әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүргізілуіне байланысты.

Мысалы, Еуростаттың 2012 жылдың бірінші жартысындағы ең төменгі жалақы мөлшері жөніндегі деректерін алайық. Норвегиялық тұрғын ең төменгі жалақыға АИ-95 маркалы бензиннің 1 мың 205 литрін сатып ала алады. Люксембург тұрғыны – 1040 литр, бельгиялық – 748 литр, голландиялық – 713 литр, ағылшын – 661 литр, грек – 413 литр, румын – 209 литр бензин алуына болады. Ал Қазақстандық тұрғынның елдегі ең төменгі жалақыға бар болғаны 125 литр бензин сатып алуға шамасы бар.

Экономикалық одақтардың шектеулері.

Мұнайға бай елде бензин бағасының қымбат болуына қазақстандықтардың көпшілігі наразы. Бензин бағасы қазіргіден екі есе арзан болуы тиіс дейтіндер Қазақстанның Кеден одағына мүше екенін, енді Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі жатқанын ұмытқандай. Қазақстан енді өз қағидаларын емес, демпинг саясатын жүргізуге жол бермейтін халықаралық ұйымның ережелерін ұстанады. Билікке енді халықтың әл-ауқатын арттырудан басқа амал қалмайды.

Жанар-жағармай бағасы қымбаттаған қазан айында инфляция өсімі 0,7 пайыз болды. Статистика агенттігінің деректері бойынша, өткен айда азық-түлік пен басқа тауарлардың бағасы 0,6 пайызға, қызмет көрсету бағасы 0,9 пайызға өскен. Көктемде де осындай жағдай болып, жанар-жағармай қымбаттағаннан кейін басқа тауарлардың бағасы да өскен еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]