Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Семестр.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.05 Mб
Скачать

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Мысалы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.(Л.Толстой) Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

2-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

3-сабақ

Университет – білім ордасы

Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан – жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов(1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту(1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт –Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.), университеттері жатады. Орталық Азияда 1920жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ(1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті(1972ж.) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жекеменшік университеттер бар.

3-тапсырма. Оқыңыз. Екі журналистің жауабын салыстырып, әңгімелеңіз.

Олардың мамандығына деген махаббаты мен жалпы журналистиканың бүгінгі беделіне байланысты пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сауалдар қойылған:

1. Журналист мамандығын не үшін таңдадың?

2. Қалам ұстаған қауымның қоғамдағы мәртебесі қандай?

3. Қазақ журналистикасына қалдырар қолтаңбаң бар ма?

Максим Рожин, «Жетінші арна» тілшісі:

1. Бір қызығы мен журналист болғаныммен, мамандығым мүлде басқа. Кәдімгі еңбек пәнінің мұғалімімін. Алайда, журналистикаға қазақ тілін жетік меңгергенімнің арқасында келдім. Журналистік қызметімді тележүргізуші болып бастадым.

2. Қоғамда журналистиканың мәртебесі әжептәуір. Әйтсе де, көп жағдайда БАҚ өкілдеріне көзқарас ала –құла. Лайықты деңгейде мойындалмайды. Өйткені жұртты мақтап қана жағасың. Ал, проблема көтерсең, бәлеге қаласың.

3. Өз қолтаңбамды қалдыратын уақыт алда деп есептеймін.

Жәнібек Амангелдіұлы, «Заң және заман» («Закон и время») журналының редакторы:

1. Бала кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Үздік туындыларды оқи отырып, оқиға желісін көркем суреттеген жазушылардың шеберлігіне қызықтым. Осы қызығушылық мені журналистикаға алып келді.

2. Жалпы БАҚ – ты қоғамдағы төртінші билікке балап жатады. Қалам ұстаған қауымға бұл күлкілі естіледі. Көпшілігі журналистиканың өз тұғырына қона алмай жатқандығын тілге тиек етеді. Мұндай пікірмен келісуге болады. Оның бірқатар себептері бар. Бір ұшы кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензураға тиеді. Журналистер еркін шығармашылықпен айналыса алмады. Қоғамдық пікір де тек бір сарынды болды. Айналып келгенде барлығы биліктің қас – қабағына қарады. Осы жалтақтық кейбір БАҚ – та әлі күнге дейін бар. Шындықты шырылдатып жазбаған кейбір басылымдар журналистиканың мәртебесіне кедергісін келтіріп келеді.

3. Қазіргі таңда азаматтық журналистика, жаңа медиа бағыты қарқын алып барады. Жалпы интернетті әлем ақпарат құралы ретінде мойындап қойған. Өйткені, бүгінде жұртшылық БАҚ – қа қарағанда ғаламторды көбірек ақтарады. Блогшылар қауымының жазғаны баспасөзге басылған мақалалардан кем түсіп жатқан жоқ. Мен де «менің қолтаңбам!» деп айтуға тұрарлық дүние қалыптастыру бағытында еңбектеніп жатырмын.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Олар өз таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етіп жүр ме?

- Журналист мамандығы ның мәртебесі туралы көзқарастары қандай?

-Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбалары бар деп есептей ме?

5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша, сарапшылырдың қатал сынынан іріктеліп өткен талапкерлер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай – ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі – ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.