- •Халықтық қолөнер. Шылау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Өнер жұлдыздары
- •II апта ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері. Септеулік шылау
- •1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.
- •2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
- •3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.
- •4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Күй атасы -Құрманғазы
- •1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.
- •2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Ііі апта өлең – сөздің патшасы
- •1 Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.
- •1.Абайдың қарасөздерін оқып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсінуге тырысыңыз.
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •2. Абайға төмендегі мақалдар ұнамайды. Себебін түсіндіріңіз.
- •3.Сұхбаттасыңыздар.
- •Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.
- •Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы
- •2. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •3. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •М.Әуезов – суреткер
- •1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
- •3. Берілген сөздермен сөйлем құраңыздар.
- •4. «Мен Мен м.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыздар.
- •О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы
- •1. Жаңа сөздермен танысыңыз.
- •3. Мәтіннен үстеулерді топтап теріп жазыңыздар. Сұрақ қойып, сөйлемде қай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.
- •Адам және табиғат
- •Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау
- •Қызыл кітап
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •VI апта туған жерге саяхат
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Туристік нысандар
- •Қазақстанның тарихи орындары
- •Есептік
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •VII апта
- •Туризмнің даму тарихы
- •6. Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.
- •7. «Әлемдегі туристік орталыққа» саяхат жасаңыз.
- •8. Кестеге жоғарыдағы мәтіннен дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңыз.
- •9. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңыз.
- •1.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.
- •Қазақстандағы туризм
- •4. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық талдау жаса-ңыз. Яғни құрамына, мағынасына, сұрағына, атқаратын қызме-тіне қарай табыңыз.
- •6. Қазақстанға шетелден досыңыз (туысыңыз, танысыңыз) келді, қайда апарар едіңіз?
- •7. Алматыға ауылдан досыңыз келді, саяхатты неден бастайсыз? Сұхбат құрастырыңыз.
- •8. Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
- •10. Төмендегі кестені толтырыңыз.
- •Салалас құрмалас сөйлем
- •Университет – білім ордасы
- •Бөж тапсырмасы:
- •IX апта басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас
- •Кемел көшбасшы
- •Ел үміті –қоғам қайраткері
- •Бөж тапсырмасы
- •X апта қоғам және жастар
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Сабақты бекіту сұрақтары:
- •Бөж тапсырмасы
- •XI апта қазақстан - әлемдік кеңістікт
- •Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
- •Қазақстан – Азия барысы
- •Қазақстан – әлемдік кеңістікте
- •Бөж тапсырмалары
- •Сөздік жұмысын жүргізіңіздер
- •Тәуелсіз Қазақстанның дамуы
- •Жаса, Қазақстан
- •Бөж тапсырмалары
- •XIII апта қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Кредиттік оқу жүйесіндегі артықшылықтар
- •Бөж тапсырмалары
- •6. А) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.
- •8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер.
- •9. Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіздер.
- •Ел болашағы – білікті маман қолында
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
- •3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •6. А) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •50 Елдің қатарына қосылу мақсатын орындау
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Бөж тапсырмалары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •2 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •2. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •7. Сөйлемді толықтырыңыз.
- •1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •Бақылау түрі: коллоквиум
- •Емтихан сұрақтары
3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?
2) Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?
3) Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?
4) Біз Ж.Аймауытұлы шығармаларынан не білеміз?
4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
Бұрын, аса, әжептеуір, қыруар, жанында, нағыз.
5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, ат салысты, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезімталдық.
6. Сөйлесіңіздер.
- Арман, сен қай университетте оқисың?
- ---------------------------------
- Қандай маманықта оқисың?
- ---------------------------------
- Сен Ж. Аймауытұлының шығармаларын білесің бе??
- ----------------------------------
- Жазушының қандай романдары бар?
- ----------------------------------
- Жазушы шығармаларында нені суреттейді?
- ----------------------------------
-Ж.Аймауытұлы кімнің шығармаларын аударды?
- ----------------------------------
2- сабақ
М.Әуезов – суреткер
1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясыныңакадемигі (1946),филологияғылымдарының докторы,профессор(1946),Қазақ КСР-ніңеңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Туған жері — бұрынғы СемейуезініңШыңғысболысы (қазіргіШығыс Қазақстан облысыныңАбай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.1915жылыСемейқалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргендеШәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза»дастаны негізінде «Еңлік-Кебек»пьесасын жазып, оны1917жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.
Әуезовтің мұраcының аса үлкен бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетінжинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы,әдебиеттануменфольклордыңтеориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.
«Абай жолы»– Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы»қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелді. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оныңұлттықдәстүрінбарлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолыроман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі»(Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақхалқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы(1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы»роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін олЛениндік сыйлықтыңлауреаты (1959) атанды.Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы»топтамасында екі том болып басылды.
2. Мәтіндегі ғылым қайтаркері, сауатты кісілер, жатқа оқу, киіз үй сахнасы, ғылыми зерттеулер, ұлттықдәстүр сөздерінің мағыналарын сөздіктен анықтап, олармен сөйлем құраңыз.