Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Семестр.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.05 Mб
Скачать

Өнер жұлдыздары

1-тапсырма. Өзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз.

  1. Фильмді түсірген жыл ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­----------------------------------------

  2. Бас режиссері ­­­­­­­­­­­­­­­­­---------------------------------------------------

  3. Басты рөлде ойнағандар ------------------------------------------

  4. Басты кейіпкерлер -------------------------------------------------

  5. Жағымды кейіпкерлер ------------------------------------------------

  6. Жағымсыз кейіпкерлер -------------------------------------------------

  7. Фильм туралы сіздің пікіріңіз ------------------------------------------

2-тапсырма. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді аяқтаңыз.

Классикалық ________ үлкен залдарда симфониялық ______ орындалады. Классикалық музыка ______ мазмұнды болып келеді. Әрине, оны _____ білу керек. Жастардың көбі ______ музыканы ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно және т.б. _________ эстрада жұлдыздары көп. Олар: Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев және т.б. Олардың ________бәріміз сүйсініп _________.

Керекті сөздер: тыңдаймыз, жеңіл, терең, Қазақстанда, оркестрмен, түсіне, музыка, әндерін.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

  1. Мен домбыраның сүйемелдеуімен ән айттым.

  2. Қазақстандық әншілердің концерті болды.

  3. Қазақтың ұлттық аспаптарын білесің бе?

  4. Қобыздың үні естілгенде көңілің толқиды.

4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

  1. Бұл көлік үйге таман келіп тоқтады. 2. Жиналыс сағат үшке таман басталады. 3. Мұрат ғылым туралы айтты. 4. Олар да келді. 5. Көктемнің алғашқы айында кейде жаңбыр жауып, кейде қар жауып тұрады. 6. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес. 7. Ауылдың маңы жап-жасыл шөп.

5-тапсырма. « Өнер жұлдыздары» тақырыбына шығарма жазыңыз.

II апта ұлттық мәдениет тамыры

1-сабақ

Айтыс өнері. Септеулік шылау

1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.

ШЫЛАУ

Септеулік шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік шылау

Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады.

Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар

Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады.

Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.

Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді.

Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау,

-мыс, түгіл, ғана, тек,

-ды, ді, ты, ті

2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен сайын

өзім туралы

мыңға кейін

онға дейін

түстен жөнінде

сонымен жуық

кешке тарта

4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Айтыстың бірнеше түрлері бар: жануарлар айтысы, жұмбақ айтыс, өлі мен тірінің айтысы және салт айтысы.

Салт айтысының екі түрі бар, олар қыз бен жігіт айтысы мен ақындар айтысы. Бұл айтыс әсіресе XIX ғ. кеңірек етек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. Олар түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.     Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтыста ақындар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Мұның бәрі ақындардан сөзге білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажет етеді, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.

"Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Біржан мен Сара айтысы ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады. Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді, Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді... Өткен ғасырда екі ақын бірлесіп, әйелдің бас бостандығын жырлады, ескі феодалдық салтқа қарсы шықты, өз дәуірі үшін прогресшіл идея танытты. Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып – тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан - внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымды – уместно