Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kriminologia-_2013.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.33 Mб
Скачать

Жыныстық инстинкт (либидо)

Мұқтаждықтарды сублимациялау

Яғни, оны қанағаттандырсаң қоғамдық тәртіпті бұзып қылмыс жасайсың, қанағаттандырмасаң сананың қызметі бұзылып аномалияға алып келеді.

Сондықтын да, автор ''мұқтаждықтарды сублимациялау'' жолын ұсынады, яғни келіп тұрған жағымсыз энергияны қоғамдық тәртіпке қайшы емес, қайта қоғам өзі қолпаштайтын бағыттарға, арналарға бұрып жіберу. Спортқа, көркем өнерге, ғылымға т.б. жолдарға. Мысалға, жануар инстинкті ұрып-соғуға итермелесе, онда спортпен айналысу. Аталған мұқтаждықты қылмыстық жолмен қанағаттандырсаң, түрмеге қамайтын болса, спорт арқылы қанағаттандырсаң, түрмеге қамамақ түгілі, қолпаштап, алақанға салып жүреді: чемпион жасайды!

Басқаша әсірелеп айтқанда, ''Ол'' дегеніміз асау ат сияқты, ал ''Эго'' - оны үйретуші шабандоз, ал ''Жоғары эго'' - аттың жүруге тиісті жолы. Жабайы жылқы өз бетінше шапқысы келеді, жол жалғыз-ақ, ал адам үстінде тізгінге ие бола алмай дал болады.

Бірақ З.Фрейдтің бұл айтқандары қылмыскерлірді, әсіресе, зорлықшыл қылымскерлерді ақтап алғандай болды. Себебі, біреуді зорлап тастап, ''мен емес кінәлі, бәріне ''ол'' кінәлі, сол мені қысталаған'' деп айтуы әбден мүмкін. Осыған байланысты З.Фрейдттің де сыншылары жетіп артылады. Қарсыластары санаға бағынбайтын деп жүрген инстинкті әуел бастан тәрбиелеуге болатындығын, Фрейд либидоның күшін соншалықты арттырып көрсететіндігін айтты. Фрейдке қарсылар ''жабайы жылқыны'' құлыншақ кезеңінен жүгендеуді ұсынады. Фрейдтің либидосы теологиядағы ''нәпсі'' ұғымымен де қабысады.

Тіпті нәпсі ұғымымен қабысып қана қоймай, либидо-жылқыны құлын күнінен тәрбиелеу дегенінен дейін қазақ қоғамында фрейдке дейін-ақ айтылып жүрген болатын. Мысалға, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,

Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ.

Өзін-өзі бағуға көп әл керек,

Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ, - деген өлең жолдары тек М.Ж.Көпейұлының ғана емес оған дейінгі ислам философисымен біте қайнасқан қазақ дүниетанымының қағидаларының бірі еді. Қазаққа кең таралған өлең күйіндегі нәрсенің бәрін көркем шығарма есебінде ғана емес, дәстүрлі қазақ қоғамының өзіндік ерекшеліктеріне орай оны философиялық түйін, аңсар, ұстаным ретінде де қарау ләзім.

Дегенмен Фрейд нәпсінің тек жыныстық түріне тоқталған. Ислами әдебиеттерде, қазақ филоософиясында одан өзге де түрлері қарастырылады: көз нәпсісі, көңіл, тойым, құлақ нәпсісі т.б. Яғни адамның рухани, имани мұқтаждықты қанағаттандырудан өзге талап қылатын нәрселері. Нәпсінің барлық адал түрлеріне рұқсат етіледі, тек белгілі бір шекте, шеңберде сақталса. Мысалға, тойымға қатысты «қанағат» категориясы өлшем болады. Оны қазақ мақалдарынан да аңғаруға болады: Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз – жалғыз атын сойғызар; Тарта жесең – тай қалар, қоя жесең – қой қалар т.б. Жыныстық нәпсіні де белгілі бір шекте және тәртіпте қанағаттандыруға рұқсат етілген. Ал Христиан дінінің католик шіркеуіндегі діни қызметкерлерге жыныстық нәпсіні толықтай тию бұйрық етілген.

Сол сияқты фрейдтің Эдип комплексіне байланысты пікіріне қатысты дау да біртөбе болып келеді. ''Эдип комплексі'' - фрейдизмнің негізгі ұғымдарының бірі. Оның мәнісі - әрбір балада ерте балалық шағында қарама қарсы жыныстағы ата-анасына жыныстық әуестіктен, өзінің жынысындағы ата-анасының бірінің өлімін тілеуден тұратын бейсана сезімдердің комплексі туындайды-мыс. Бұл термин құдайлардың қалауымен өз әкесін өлтіріп, шешесі екендігін білмей оған үйленген көне грек аңызының кейіпкерімен байланысты. З.Фрейд бойынша қыздарда аңыз бойынша әкесі үшін өш алып шешесін өлтірген ''Электраның комплексі'' болады. Кейіннен адам өсе келе өзінің осы жыныстық әуестіктері үшін ары алдында азап шегеді. Осыдан барып, бейсана деңгейде конфликтіге алып келетін кінәлілік сезмі пайда болады-мыс.1

Дегенмен З.Фрейдтің ғылымға қосқан тағы бір үлесін айналып өтуге әсте болмайды - ол ең алғаш рет ғылымға, соның ішінде психология ғылымына бейсана құбылысты енгізуі. Бейсана құбылыстарды зерттеу криминология үшін де өз пайдасын тигізеді.

в) Социологиялық теориялар негізінен ХҮІІІ - ХІХ ғ.ғ. аралығында қалыптасты.

Утопиялық социализмнің негізін қалаушылар Томас Мор (1478-1535) біреулердің кедейшілігі мен екіншілердің паразиттік өмірінің қылмыстылықпен бірлікте екендігін атаса, Томазо Кампанелла (1568-1639) да осы текте көзқараста болып қоғамды «әділдік пен теңдік» принципіне сүйеніп қайта құрмаса, ештеңе өзгермейтіндігіне меңгейді. Ж.П.Марат (1743-1793), А.Н.Радищевтер (1749-1802) қылмыстылықтың себептеріне адамды адамның қанауынан, қоғамдық құрылыстан көреді.

Социал-утпоистер Сен-Симон (1760-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Роберт Оуен (1771-1858) - жеке меншіктің пайда болуы мен әділетсіздікті қылмыстылықтың негізгі себебі деп біледі.

Неміс криминалисті Ф.Лист (1851-1919) тек қана эконмомикалық факторлар ғана емес, қылмыстылыққа соғыс, алкоголизм, кейбір дәстүрлер, әдет ғұрыптар, жезөкшелік, кейбір тәрбие кемістіктері де үлес қосатынына назар аударды.

К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) таптар арасындағы күрес, кедейшілік және осының шиеленісуі нәтижесінде туындайтын антогонистік көзқарасты қылмыстылықтың себептеріне саяды. Осы идеяларды әрі қарай жалғаушы болғанмен де В.Лениннің (1870-1924) өзіндік «тума дақтар» (родимые пятна) теориясы да бар, яғни тума дақтар адам денесінде емес, санасында. Қанша жаңа қоғамдық қатынастарға икемделем десе де адам бұрынғы феодализм немесе капитализм кезінде қалыптастырған көзқарастары мен мінез-құлқынан арыла алмай қалады..

Француз социологы және философы Э.Дюркгеймнің (1858-1917)- «аномия» теориясына сәйкес «Әуелгі құдайлар өліп, кейінгі құдайлар тумаған кезде» аномия болады да қоғамды біріктіріп тұрған идеялар, нормалар бұзылады, біріккен топтар ыдырай бастайды, өйткені адамның ішкі рухы нық емес. Мысалға, осындай күйді біздің қоғамымыз өмір бойы коммунизмге жетеміз деп ұрандап келіп, ХХ ғ. 90 жылдары бір-ақ сәтте оның «өліп» қалғанын көргенде, қоғам енді қай «құдайға» табынарын білмегенде болды десе болады.

Осы теорияның американдық нұсқасын жасаушы - Р.Мертон мұндай кезде адамның не қоғамға қарсы бүлік жасайтынын, не өзі өмірден кететінін (өзіне қол салатындығын) айтады..

Американ ғалымы Эдвин Сатерланд (1883-1950) «дифференцияциялық байланыс» теориясын қалыптастырды. Оған сәйкес қылмыс - қылмыстық тәртіпке үйретудің нәтижесі: заңды сақтағаннан гөрі заңды бұзғандағы бағалау жоғары болғанда орын алады. Мысалға, бәрі қылмыскер болып кетпесе де мектептегі ауытқып кететін мінез-құлықты қалыптастыруға да осындай көзқарас әсер етеді. Айталық, оқушы 8-сыныпқа шейін үздік оқып келеді, бірақ «өтпелі кезең» уақытында онсыз да оның үздік мінез-құлқына үйренген сыныптастары қоршаған ортасы бәлендей назар аудара қоймайды. Ал осы кезеңде оның өз орнын анықтауға деген ұмтылыс айқын аңғарылады. Сөйте келе ол сабақты арасында ғана оқып келуге әуестенеді, не болмаса, екі сыныптың немесе мектептің ұлдары шекісіп қалғанда «талповой» төбелесті бастап кеп жібереді. Ал келесі күні оның құрдастардың арасында «крассавчик» статусына ие болады және ондай бағалау бұған ұнай түседі. Не болмаса сыныпта кейкілжіңге келген мұғалімді тыңдамай, далаға рұқсатсыз шығып кетеді.

Тағы бір американдық болып аталатын социологиялық теорияның бірі «субмәдениет» теориясы. Қоғамдағы өмір сүретін жекелеген топтардың да мәдени қалыптасқан байланыстары, құндылық иерархиясы бар. Олар қоғамдағы мәдениеттен айырмашылығы да болуы мүмкін. Ондай кезде қалыптасқан құндылықтарды қабылдамай, өз топтарының құндылығын (иерархиясымен қоса) мойындайды. Нағыз «байкердің» немесе «рэпердің» образы, шайка мүшесінің бейнесі, «вор в законе» бейнесі, «годтардың», «скин хэдтердің» т.б. жасырын болса да жағымды етіп көрсетіліп жүрген бейнесі қоғам мүшелеріне, әсіресе, жасөспірімдерге ықпал етпей қоймайды. Осы аталған теория кеңес мемлекеттерінде пайда боп, өрістеген «референттік топтар» теориясымен жанасады. Адам қоғамды өмір сүру барысында бірнеше топқа мүше болады, бірақ олардың маңызы ол үшін бірдей емес. Тұлға онымен тығыз байланыста екенін сезініп, өз мінез-құлқын бағалауға келгенде қай топтың көзқарасымен салыстыратын немесе келістіретін болса, сол референттік топ болып табылады. Оның ақпараттық, нормативтік және құндылық-бағалаушылық функциялары бар. Қоғам мүшелері тек дамыған, үлгі боларлықтай топтарға ғана емес, сонымен қоса, артта қалған, қоғамға қарсы топтарға да еліктейді, онымен снасады, оны үлгі тұтады. Референттік топтар тек қана нақты өмір сүретін емес, абстрактілік идея да бола алады.

в) Теологиялық теориялар.Кейбір халықтар құдай деңгейіне шейін жасанды түрде көтеріп алған жеке тұлғалармен байланысты емес, тікелей періштелер арқылы жаратушыдан түсірілді деп аталатын төрт кітаптың – Забур, Тәурат, Інжіл, Құранның оқиғалары бір оқиғаны бір біріне қайшылық келтірмей қайталайды. Ол – ең алғашқы адам - Адамның1 жұбайымен бірге жұмақтан қуылуы. Қуылу себебі алғашқы күнә (яғни «қылмыс») – алуға болмайтын жемісті алып қоюы. Көп деректерде ол алма жемісі болуы керек деп келтіріледі2. Осы «қылмысы» себепті aдамзат баласы сынақтан өту үшін жұмақтан жерге жіберілді деп сипатталады аталған діни кітаптарда. Кітаптардың барлығында бірауыздан айтылғандай адамзат баласына ақырзаман күні туындап, барлық туылып-өлген адамдардың істері жазылған амал дәптерлері қайта қаралады, яғни келген жағына қайта оралады1. Теологиялық теорияда алғашқы күнәдан басқа, алғашқы қылмыс туралы да айтылады, яғни Адам атаның екі ұлы - Қабыл мен Абылдың бірі қызғаныштан өз бауырын өлтіруі. Қылмыстылықтың себептері туралы теологиялық теориядан қалам тартушылар адамзаттың қылмыс жасау қанында бар екенін, адам күнә жасаудан тұратындығын алға тартады.

3. Қылмыстылықтың себептерін топтастыру. Әр түрлі критерий бойынша қылмыстылық себептерін топтастыруға болады.

а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:

  1. барлық қылмыстардың (жалпы қылмыстылықтың) себептері (философиядағы «жалпы» категориясына сәйкес келеді);

  2. қылмыстылықтың жекелеген түрінің себептері (мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың немесе кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері, бұл философиядағы «ерекше» категориясына сай келеді);

  3. жекелеген қылмыстардың себептері (мысалға, ұрлықтың себептері, бұл методологияның «бөлек» категориясына сай).

Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз, өйткені өмірде «бөлек» категориясы өмір сүрмейді, ол тек «жалғыз» категориясы арқылы өмірде орын алады. «Жалғыз» ол «бөлектің» нақты өмірдегі көрінісі. Бұл категориялардың арақатанасын мынандай мысалмен түсіндіруге болады. Мысалға, сізге біреу «адам» десе, сіз тек қана «Мұратты» елестетсеңіз, бұл елестету деп аталады, ал егер де «адам» дегенде барлық екі көзі, екі аяғы, екі қолы және құлағы бар және сөйлей алатын тіршілік иесін елестетсеңіз ол ұғым деп аталады. Бірақ та сол адамыңыз нақты «Мұраттарсыз», «Қанаттарсыз», «Сидор»-»Сергейлерсіз» өмір сүрмейді. Демек, ұғым («барлық адам») бөлек бөлса, елестету (тек қана «Мұрат») ол жалғыз деген категория. Сол сияқты ұрлықтың себебі дегеніміз әлі де «бөлек» категориясын білдіреді, ал оның әлі де Иванның Сидордың сиырын ұрлау себебі, Жанаттың Талғаттың ақшасын ұрлау себебі («жалғыз») т.б. сияқты өмірдегі нақты көріністері бар. Тағы бір айта кететін жәйт - ол барлық қылмыстардың себептеріне байланысты. Олар әр қилы және әр тектес екендігі аян, дегенмен, әркімнің көкейінде «осы себептердің барлығын бір біріне кіріктіріп келгенде барлық қылмыстардың жалғыз ғана себебі шығар ме екен?»- деген заңды сұрақ тұрары анық. Ондай «мынау» деп айтарлықтай, әлбетте, себеп жоқ. Дей тұрсақ та, абстрактілік ойлау арқылы бір нәтижеге қол жеткізе аламыз - ол қоғамдағы қайшылық. Біз жоғарыда қылмыстылықтың анықтамасын берген уақытта тоқталып өткендей, қылмыстылық атты құбылыс тек қана тапқа бөлінетін, қайшылығы бар (антогонистік-антогонистік еместігіне қарамастан) қоғамға ғана тән құбылыс екендігін айтқанбыз, демек қылмыстылықтың да жалғыз ғана «себебі» ол қоғамдағы қайшылық, қоғам мүшелерінің көзқарасарының, мүдделерінің, мұқтаждықтарының қайшылығы, үйлесімге келмеуі.

ә) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:

  1. себептер;

  2. жағдайлар.

Олардың ең басты айырмашылығы әсер ету пәрменінде: себеп - салдарды туындатады, ал жағдай - туындатпайды, бар болғаны оның туындауына жәрдемдеседі, қолтықтап демейді. Себептерсіз құр өздері қалса, салдарды туындату қабілетінен айырылады.

б) адам санасы мен еркіне бағыныштылығына қарай:

  1. объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын);

  2. субъективтік себептер (адам санасы мен еркіне тікелей бағынышты);

  3. объективтік-субъективтік себептер (объективтік өмірдің де, субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).

в) мазмұнына қарай әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық т.б. деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]