Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kriminologia-_2013.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.33 Mб
Скачать

Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл алынып отырады.

Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990 жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен (жалғаспалы әдіс) салыстырып шығайық.

Жылдар

Қылмыс-тылықтың деңгейі

1990 жылмен салыстыр-ғанда

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда

1990

148053

-

-

1991

173858

+17,4%

+17,4%

1992

200873

+35,6%

+15,5%

1993

206006

+39,1%

+2,5%

1994

201796

+36,2%

-2%

1995

183913

+24,2%

-8,8%

1996

183977

+24,2%

+0,03%

1997

165401

+11,7%

-10%

1998

142100

-4%

-14%

1999

139431

-5,8%

-1,87%

2000

150790

+1,8%

+8,14%

1-сурет.

Жылдар

Қылмыс-тылықтың деңгейі

2000 жылмен салыстырған-да

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда

2000

150790

-

-

2001

152168

+0,9%

+0,9%

2002

135151

-10,3%

-11,2%

2003

118485

-21,4%

-12,3%

2004

143550

-4,8%

+21,1

2005

146347

-2,9%

+1,9%

2006

141271

-6,3%

-3,4%

2007

128064

-15,0%

-9,3%

2008

127478

-15,4%

-0,4%

2009

121667

-19,3%

-4,5%

2010

131900

-12,5%

+8,4%

2-сурет.

Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы - бір жылдың ғана емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың көрсеткіштері алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін қолдана отырып есеп жүргізіледі. Ол көрсеткіштерді қоса отырып, абсолюттік санын алуға да, не болмаса олардың орташа көрсеткішін де алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан бері қарайғы қылмыстылықтың көрсеткіштерінің әрбір он жылдығын алып көрелік (3-суретті қараңыз).

Онжылдық-тардағы қылмысты-лық

Он жыл бойына жасалған қылмыс-тар саны

Онжылдықтағы орташа көрсеткіш

60-жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда

Алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда

ХХ ғ. 60-жылдары

443444

44344,4

-

-

ХХ ғ. 70-жылдары

610524

61052,4

+37,6%

+37,6%

ХХ ғ. 80-жылдары

978594

97859

+120%

+60%

ХХ ғ. 90-жылдары

1745408

174540,8

+293%

+78%

ХХІ ғ. 1- онжылдығы

1364971

136497,1

+207%

-21,7%

Мына кестеге қарап отырсаңыз тек құрғақ сандар түк те түсіндірмейтіндігіне көзіңіз жетеді. Айталық 60-жылдардағы қылмыстылықтың көрсеткішіне қарағанда 21-ғасырдың алғашқы онжылдығынды қылмыстылық деңгейі 207%-ке өскен. Бұл біздің қоғамның дені қылмыскер боп кетті дегенді әсте білдірмейді, себебі бұл әлі заңдылығын бермейтін тек абсолюттік сандардың көрсеткіші. Енді заңдылығы анық көрінетін әр он мың халыққа шаққандағы көрсеткішін алайық. Ол үшін әр он жылдықтың соңғы жылындағы халық санын есепке алып, қылмыстылықтың орташа көрсеткішіне салып есептейік. Мысалы, 60-жылдардағы орташа көрсеткіш:

Кф = 44344,4 х 10 000 = 34,1

13 000 700

Енді әрі қарай зер салайық:

Онжылдық-тардағы қылмысты-лық

Онжылдықтағы орташа көрсеткіш

Сәйкесінше 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы халық саны

Әр бір

10 000 халыққа шаққандағы онжылдық бойынша коэффициент

Сәйкесінше 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы қылмыс саны

Сәйкесінше 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы әр 10000 халыққа шаққандағы коэффициент

ХХ ғ. 7-онжылдығы (60-жылдар)

44344,4

13000,7 мың

34,1

52567

40,4

ХХ ғ. 8- онжылдығы (70-жылдар)

61052,4

14684,6 мың

41,1

73309

49,9

ХХ ғ. 9- онжылдығы (80-жылдар)

97859

16536,6 мың

59,1

135338

81,8

ХХ ғ. 10- онжылдығы

(90-жылдар)

174540,8

14953,1 мың.

116,7

139431

93,2

ХХІ ғ. 1- онжылдығы

136497,1

16009,6 мың

85,2

121667

75,9

3-сурет.

Онжылдықтар бойынша коэффициент есептегенде сол он жыл ішіндегі халықтың саны да орташа есепке алу керек, бірақ жыл сайын санақ жүргізілмегендіктен бізде нақты дерек жоқ, тек әр бір он жылдық соңындағы халық санымен салыстырып өттік. Сырқаттың қаншалықты сырқат екенін білдіретін қызу өлшейтін құрал болса, бұл коэффициенттер де қоғамның қаншалықты криминогенді екендігін білдіретін «құрал». Қалай десек те заңдылығы көрініп тұр, жеке жылдармен есептесек, біз 70-80-жылдардың орта деңгейін енді ғана жете-ғабыл деңгейге түстік. 90-жылдар туралы айтудың өзі артық. Ал онжылдықтармен есептегенде 80-жылдардың деңгейіне де жету әлі алыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]