Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kriminologia-_2013.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.33 Mб
Скачать

Ұсынылатын арнайы әдебиеттер:

  1. Антонян Ю.М., Блувштейн Ю.Д. /Методы моделирования и изучения преступника и преступного поведения. М. , 1974.

  2. Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970

  3. Методика криминалистического изучения личности престуника. М., 1977.

  4. Блувштейн Ю.Д. Криминология и математика. М., 1974.

  5. Панкратов В.В. Методология и методика криминалистических исследований. М., 1972.

  6. Психологическое изучение личности преступника. М. 1979.

10-тақырып. Криминологияның ерекше бөліміндегі қылмыстылық түрлерінің бөліну критерийлері

Криминологияның жалпы бөліміндегі білімдер нақты өмірде тек ерекше бөлім арқылы жүзеге асады. Ерекше бөлім нақты қылмыстылықтың түрлерінің жалпы бөлімде қарастырылған аспектілерін жеке қарастырудан және өзге қылмыстылықпен жұптасып жүретін келеңсіз құбылыстарды зерттеуден тұрады. Криминология туралы заң болмағандықтан оның ерекше бөлімінің қандай қылмыстылық түрлерінен тұратындығы туралы да құқықтық негіз жоқ. Сол себептен зерттеушілер өздері түрлерге бөледі. Түрлерге бөлудің бірден бір критерийі - ол шоғырланатын қылмыстардың ортақ заңдылықтарының болуы және осы ортақ заңдылықтарды қолдана отырып, онымен күресу мүмкіндігін туғыза алатындығы, бірақ та ешқашан да олардың барлығы да қылмыстылық атты үлкен жүйені құрайтындығын ұмытуға болмайды.

Неғұрлым кең тараған критерийлер олар:

а) қылмыстық-құқықтық сипаттамаға сүйене отырып:

а.1. қылмыстардың сипатына қарай:

  1. кісі өлтіру (қасақана, абайсызда), ұрлық т.б.

  2. ірі топтарға бөліп криминологиялық заңдылығын анықтау: абайсызда жасалатын қылмыстылық т.б.

а.2. қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге сүйене отырып:

  1. жынысына қарай: әйелдер қылмыстылығы (ерлер қылмыстылығын криминология арнайы бөлмейді);

  2. жасына қарай: кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы; жастар арасындағы қылмыстылық; жасамыс адамдлардың қылмыстылығы т.б.

  3. әлеуметтік жағдайына қарай: қызметкерлердің қылмыстылығы; кәсіпкердің қылмыстылығы; оқушылардың қылмыстылығы; әскери адамдардың қылмыстылығы т.б.

а.3. қылмыстың жасалу мотивіне қарай: пайдақорлық қылмыстылық, зорлықшыл қылмыстылық, пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстылық т.б.

а.4. өзге де қылмыстық құқықтық сипаттамаға сүйеніп:

  1. ұйымдасқан қылмыстылық;

  2. есірткімен байланысты қылмыстылық;

  3. коррупциялық қылмыстылық;

  4. экстрималдық жағдайдағы қылмыстылық;

  5. рецидивтік қылмыстылық;

а.5. жасалу орнына қарай:

  1. көше қылмыстылығы;

  2. ауыл қылмыстылығы;

  3. қала қылмыстылығы.

ә) қылмыс жасалатын өмір сүру аясының ерекшеліктеріне қарай:

  1. саяси қылмыстылық;

  2. экономикалық қылмыстылық (оның өзі де - салық қылмыстылығы, кеден қылмыстылығы т.б. деп бөлініп шыға алады);

  3. медицина саласындағы қылмыстылық (ол да өз кезегінде - фармацефтика саласындағы қылмыстылық, дәріханалардағы қылмыстылық т.б. деп бөліне алады);

  4. әскери қылмыстылық;

  5. пенитенциарлық қылмыстылық;

  6. жанұя қылмыстылығы т.б.

б) өзге де критерийлер бойынша:

  1. кәсіпқой қылмыстылық;

  2. елауғандардың (мигранттардың) қылмыстылығы т.б. с.с.

От «малоуспевающего,

но многообещающего

молодого последователя»1

проф. Е.И.Каиржанова

СӨЗ СОҢЫ

Емтиханға толық дайындалу үшін қашан да бір күн жетпей қалатын студент деген халық үшін сынақ тіреп тұрғанда ғылымдағы дәл сол мәселеге байланысты «қасқабас» ғалымдардың пікірталасынан гөрі жұқа оқулықтағы оның анықтамасы мен түрлері қажет болатындығы айқын. Сол себепті оқырманды аса қатты жалықтырмас үшін криминологияның жалпы бөлімінің қысқаша ғана курсын беруге талпындық. Осы жалпы бөлімнің негізінде ерекше бөлімді оқып қылмыстылық құбылысы, оның заңдылықтары мен онымен күресу жолдары туралы білімдеріңізді жетілдіруге болады. Ал егер де жалпы бөлімді игермесеңіз ерекше бөлімге иек артпай-ақ қойыңыз. Біз хал-қадырымызша ұшан-теңіз білімнің бір тамшысын бере алған болсақ, міндетіміздің орындалғаны.

Білім деп жаттағанның кебегі ұшып, керегі қалғанды айтатын болсақ, негізінен біз кебегінен керегін көп беруге тырыстық. Осы керекті керегіңізге жаратсаңыз құба-құп.

Егер де ұстаздан шәкірт озары анық болса және бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озып жатса, құлақтың ренжімесі анық. Сол себептен, Сіз, қадірлі студент, Бізден озып туыңыз. Сонда ғана қазақ деген талантты халықтың арбасы өрге басады. Құнанбай айтыпты дейді: Абай-Абай деп әлдеқандай қыласыңдар, егер Абайларың мықты болса, өзінен асырып ұл туғызып көрсінші, мен өз кезегімде өзімнен асырып ұл туғыза алдым,-деп. Сол сияқты Сіз де Бізден асып туыңыз!

Олай болса, ұрыста тұрыс жоқ!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]