Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kriminologia-_2013.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.33 Mб
Скачать

Жасырылған (жасанды) латенттік қылмыстылық

Жасырын (табиғи) латенттік қылмыстылық

  1. Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);

  2. Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);

  3. Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).

Қылмыстардың жасырынушылық қабілетке ие болуы оларды жасаушы мен жәбірленушінің мүдделі болуы мен қылмыстардың ауырлық деңгейіне байланысты. Жалпы алғанда, қылмыстардың латенттілік деңгей мен олардың ауырлық деңгейі кері пропорционалды, яғни неғұрлым қылмыс ауыр болған сайын соғұрлым оның латенттілік деңгейі төмендейді. Қылмыс жеңіл болса, қолды бір-ақ сілтеуге де оңай және жасыруға да болады (мысалға, жеңіл жарақатқа - құлап қалдым, есікке соғып алдым деуге). Ал ауыр қылмысты жасыру да қиын, қол сілтеуге де ауыр (мысалға, кісі өлтірілсе , мүрдесі бәрібір табылады немесе ауыр дене жарақатын төсек тартып жатып, құлап қалдым деп айта алмайды). Бірақ, бұл үнемі қылмыстың ауырлығына қарап латенттілік деңгейін өлшеуге болады дегенді білдірмейлі, себебі, кейде қылмыс қанша ауыр болса да, тым жеке сипатта болуы мүмкін (мысалға, әйел жынысты адамды зорлау), сондықтан көп хабарланбай да қалуы әбден ықтимал. Сол себепті де барлық жағдайда деп емес, жалпы алғанда деп беріліп отыр. Ресейде 60 құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сұраунама жүргізгенде олар латенттілік деңгей жалпы қылмыстылықтың 73,4%-не нұсқаған, соның ішінде, ұрлық - 68,4%, тұтынушыларды алдау - 67,8%, брокеньерлік - 72%, бұзақылық - 38,6%, парақорлық - 95,2% деген қортындыға келген.1

Ал Т.К.Щеглованың басшылығымен 20 ғылыми қызметкер мен практиктердің қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижелері төмендегідей: ұсақ талан-тараж - 85-90%, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу - 80-85%, тұтынушыларды алдау - 60-75%, алаяқтық - 40-60.2

Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу керек. Сол себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар. Солардың ішінде кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды талдау, сараптамалық баға, байқау т.б.

Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның өзгелерінен ерекшелігі - ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.

Мысалға олар мынандай сыңайда болып келеді:

АНКЕТА

  1. Сізге қарсы соңғы 2-3 жыл ішінде қылмыс жасалды ма (керегінің астын сызыңыз):

  • бұзақылық - иә, жоқ

  • тұтынушыларды алдау - иә, жоқ

  • ұрлық- иә, жоқ

  • тонау- иә, жоқ

  • жол жүру ережелерін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (қылмыстық)- иә, жоқ

  • қорқытып алушылық- иә, жоқ

  • қорқыту- иә, жоқ

  • қасақана дене жарақатын салу- иә, жоқ

  • өзге де қылмыстар (ҚК бабын көрсетуіңізге болады)

Осы қылмыс бойынша Сіз құқық қорғау органдарына жүгіндіңіз бе - иә, жоқ

  1. Егер де хабарлаған болсаңыз қандай шаралар қолданылды:

  • қылмыстық іс қозғалды;

  • қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды;

  • өзге де шаралар (нақтылауыңызға болады)

  1. Егер де жүгінбеген болсаңыз, не себептен:

  • қылмыстың маңызы шамалы деп есептедіңіз;

  • жүгінгеннен пайда жоқ деп ойладыңыз ;

  • қылмыскер өш алады деп сақтандыңыз;

  • өзге де себептер болады (нақтылауыңызға болады)

Ал құжаттарды талдау әр түрлі болады. Мысалға, қылмыстардың ауырлығына қарай жасалуында да заңдылық бар, айталық, аса ауыр қылмысқа қарағанда ауыр қылмыс көбірек жасалады, ал соңғысына қарағанда орташа ауырлықтағы қылмыс, орташаға қарағанда кішігірім ауырлықтағы қылмыс көбірек жасалады. Яғни бұл заңдылық пирамидаға ұқсайды (5-суретті қараңыз).

5-сурет. Қылмыстардың ауырлығы мен санына қатысты пирамидаға ұқсас пропорция

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]