Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kriminologia-_2013.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.33 Mб
Скачать
  • Қылмыскерге сенгендігінен қаражат туралы ақпараттарды айтып немесе ақша тұрған жерлерді көрсететін жағдай;

  • Адам өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде әсер қалдырып, қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай;

  • Адам қарақшыға не тонаушыға қарсылық көрсете алатын мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытып, қылмыскерлерге орай туғызатын жағдай. Ұсынылатын арнайы әдебиеттер:

  1. Александров Ю.В. Половые преступления: преступники и потерпевшие. Киев, 1976.

  2. Канатов А. Предупреждение незаконного изготовления и обращения наркотиков. Виктимологический аспект. А., 2003.

  3. Минская В.С., Чечель Г.И. Виктимологические факторы и механизм преступного поведения. Иркутск 1988 г.

  4. Полубинский В.И. Виктимологические аспекты профилактики преступлений. М., 1980.

  5. Франк Л.В. Потерпевшие от преступлений и проблемы советской криминологии. Душанбе, 1977.

  6. Рыбальская В.Я. Виктимологические исследования в системе криминологической разработки проблем профилактики преступлений несовершеннолетних «Вопросы борьбы с преступностьюң. Вып. 33, 1980, с. 32-39.

  7. Ривман Д.В. Криминальная виктимология. СПб., 2002.

6-тақырып: Қылмыстық мінез-құлық механизмі

1. Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы; 2. Сыртқы орта және тұлғаның қалыптасуы; 3. Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизміндегі орны.

Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы. Криминологияны кейде макрокриминология және микрокриминология деп бөдушілер де кездеседі. Осыған сүйенсек, макрокриминологиясы қылмыстылықты құбылысын ретінде социологиялық деңгейде зерттесе, миекрокриминология тек жеке қылмыстың болу себептерін психологиялық деңгейде зерттейді.

Қылмыстық құқық қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы көрінісін ғана зерттейді, өйткені ой әлі де қылмыс емес, сол себепті де тек қана қылмыстың объективтік жағы (қылмысқа дайындалудан бастап) көрініс тапқанда ғана ол іске кіріседі. Ал криминология болса, оны микрокриминология деңгейінде себептерін зерттейтін болғандықтан әуелгі түркісінен бастап, тіпті, ол мотивтің пайда болуының де себептеріне тереңдеп үңіледі. «Қылмыс» пен «Қылмыстық мінез-құлық» ұғымдары бірдей емес, соңғысы алдыңғысына қарағанда кеңірек. Өйткені қылмыс тек заңда келтірілген әрекет түрі болса, қылмыстық мінез-құлық осы әрекетке алып келген себеп-жағдайларды да білдіреді. Қылмыстық мінез-құлық механизмі дегеніміз объективтік шындықтың сыртқы факторлары мен қылмыс жасау шешімін детерминациялайтын, бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын ішкі, психикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы. Осы күнге күнге шейінгі криминология саласындағы еңбектерде қылмыс жасау механизмінің мынандай схемасы ұсынылады (9-суретті қараңыз):

10-сурет. Қылмыс жасау механизмі

ТҰЛҒА

Посткрими-налдық мінез-құлық

Мотивацияның қалыптасуы

Шешім қабылдау жәні жоспарлау

Шешімді орындау

Сыртқы орта

Бұл схеманың ең соңғы (посткриминалдық мінез құлық) сатысынан басқасын В.Н.Кудрявцев ұсынған болатын. Осы схемаға орай қылмыс жасау механизмі қылмыскер тұлғасы мен сыртқы ортаның өзара ықпалдасуы нәтижесінде орын алады. Қылмыс жасау механизмінің әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса, өз кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды.

Қылмыстық мінез-құлықтың мотивациясы дегеніміз мотивтің заңға қайшы қылықты жасаудың саналы түрткісі ретінде қалыптасу процесі. Бұл көрініске қарап отырсақ, қылмыстың ең бастауы, түбірі мотив сияқты болып көрінеді. Тіпті, қылмыстық құқық та қылмыс мотивін қарастырады және қылмыстық субъективтік жағының қосымша белгісі ретінде адамның мінез-құлқының ішкі түркісі деп қарастырады. Шынында да мотив ең бір әрекеттің бастауы болып табылады, дегенмен, ол да әлі беті жағы осы мотивтің қалыптасуының өзіне де біпнеше факторлар ықпал етеді. Олардың да белгілі бір жолдан өтетін тізбегі бар (10 және 12-суреттерді қараңыз).

Бұл тізбек тек қана қылмыстық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туабітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес. Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда «Қарным ашып тұр»- дегеніміз мұқтаждық та, «Қалай тамақ тауып жеймін?»- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олардың мұқтаждық-мүдделері және т.б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда «ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі - тарихи процесс». Егер де мұқтаждықтар өспей, жаңасы туындамай, бір деңгейде қала берсе, онда адамзат әлі алма теріп, арба итеріп жүрген болар еді, немесе әлі де homo sapіens sapіens-ке жете алмай жануар тектес кейіпте қалған болар ме еді?!!

“Егер мұқтаждық, ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарға, институттарға, құрылымдарға бет түзейді”1. Гегельше айтсақ, “ештеңе де мүддеден тыс жүзеге асырылмайды”2. Ол мүдделер нақты шешім қабылдауға негіз болытын мотивті қалыптастыру үшін әлі де мүмкіндіктерге сүйенуі тиіс. Мүмкіндіктің философиялық ұғымы мүддеден де кем түспейді. Ол да жан-жақты. Ол тұлғаның қандай да бір өзгерістерді жасай алуы. Мысалға, заттан келетін мүмкіндік дегеніміз заттың объективтік шындыққа алып келетін өзгерісін тұлғаның өзіне таңуы, телуі. Ал жалпы әлеуметтік мүмкіндік болса, оддан да кең өз әрекеттері мен дене қимылын қоса алғанда кез келген әлеуметтік өзгерістерді еркімен жасай алуы. Әлеуметтік мүмкіндіктер методологиядағы мүмкіндік пен шындық категорияларынан бастау алса да, бірдей емес. Себебі ол методологиядағы мүмкіндік - объективтік те (адамның еркі мен қалауында шаруасы жоқ), әлеуметтік мүмкіндік субъектитвтік: тек қана тұлғаға ғана тән, оның еркімен байланысы. Әлбетте, объектитвтік факторларды ысырып тастауға болмайды, себебі кез келген адам өз еркі тілеген нәтижесіне қол жеткізе алмайды ғой (мүмкіндігі жоқ).

Ары қарай өз жолымен дамып келген осы көздерді құндылық бағдарларына сүйене отырып, бағыттау керек, сонсоң ғана осылардың нәтижесінде белгілі бір актіге деген мотив пайда болады.

Мысалға, қылмыс деген өте сан салалы күрделі әрекетті алмай-ақ, қарапайым бір-ақ актіден тұратын әрекетті алайық. Айталық, студент сабақ үстінде мұғалымнен далаға шығып келуге рұқсат беруін өтінуі керек. Осы бір «Ағай, далаға шығып келейінші» деген түрткінің қалыптасуына ең алдымен, мұқтаждық пен әйестік ықпал етеді, яғни не болмаса белгілі бір табиғи мұқтаждықтар не болмаса басқа да мұқтаждықтар (үйге телефон шалып келу, су ішіп келу) немесе әуестіктер (дәлізде сенделіп жүріп қайту, өзге топтағы досқа барып әңгіме айтып келу т.б.) ықпал етеді.

Бірақ ол сұранбас бұрын проблемалық жағдайлармен де санасуы керек: ол ағай қатаң - ешкімді жібермейді, сұранғанды жақсы көрмейді, өткенде жасаған шалыс әрекетіме өш сақтауы мүмкін т.б. Сол сияқты демнің арасында іштей санада әуелден

11-сурет. Мінез-құлық мотивациясының құрылымы1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]