Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турик алиппеси.docx
Скачиваний:
700
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
60.01 Кб
Скачать

Сілтеу есімдіктері (İşaret zamirleri)

Түрік тіліндегі сілтеу есімдіктері (İşaret немесе Gösterme zamirleri) қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктеріне ұқсас болып келеді. Олар: bu, şu, o, bunlar, şunlar, onlar.

bu — бұл, мынау: Bu benim eserim (Бұл — менің жұмысым)

şu — анау: Şu dağlarda kar olsaydım (Анау тауларда қар болғанымда (болсам ғой))

o — ол: Ben o kitabı hiç okumadım (Мен ол кітапты еш оқымадым)

bunlar — бұлар, мыналар: Bunlar en sevdiğim kitaplarımdır (Бұлар — ең сүйікті кітаптарым)

şunlar — аналар: Şunlar neden masanın üzerinde duruyor? (Аналар неге үстелдің үстінде тұр?)

onlar — олар: Evet, onları iyi biliyorum (Иә, оларды жақсы білемін)

İsmin halleri

1şahıs, tekil

2 şahıs, tekil

3 şahıs, tekil

1şahıs, çoğul

2 şahıs, çoğul

3 şahıs, çoğul

Yalın hal

bu

şu

o

bunlar

şunlar

onlar

Belirtme hali

bunu

şunu

onu

bunları

şunları

onları

Yönelme hali

buna

şuna

ona

bunlara

şunlara

onlara

Bulunma hali

bunda

şunda

onda

bunlarda

şunlarda

onlarda

Ayrılma hali

bundan

şundan

ondan

bunlardan

şunlardan

onlardan

.

Қысқаша сөздік

İsmin halleri — септіктер

şahıs (şahsı) — 1) кісі; 2) жақ (грамматика)

tekil — жекеше түр

çoğul — көпше түр

Тәуелдеу есімдіктері (İyelık zamirleri)

benim — менің;  senin — сенің;   onun — оның;  bizim — біздің; sizin — сіздің, сіздердің;  onların — олардың.

Қолданылуы

Тәуелдеу есімдіктерінің қолданулары жайлы айтпай кетуге болмас. Себебі олар тек Benim evim (менің үйім), senin odan (сенің бөлмең), т.б. қарапайым сөйлемдерде ғана қолданылмайды.

  1. Зат есімнің алдында келеді: Bizim ev çok büyüktür — Біздің үй өте үлкен.

  2. Баяндауыштың қосымшасымен (мұнда: -dir) қосарланып келеді: Bu oda senindir — Бұл бөлме — сенікі.

  3. Тәуелдеу есімдігіне -ki қосымшасы жалғанып, заттанған мағынаға ие болады: Bizimkiler evde değil — Біздікілер (біздің үйдегілер) үйде емес.

Сұрау есімдіктері (Soru zamirleri)

Түрік тілінде сұраулы есімдіктер бірнеше топқа бөлінеді. Соларды қарастырайық.

Kim? (kimler?) — кім? (кімдер?). Бұл сұраулы есімдік адамдарға қойылады.

Мысалы: Bu kim? — Бұл кім?, Öğleden sonra kimler geldi? — Түсқайта кімдер келді?

Ne? (neler?) — не? (нелер?). Жансыз заттарға қойылатын сұрақ.

Мысалы: Babam sana ne dedi? — Әкем саған не деді?, Tarihte bugün neler oldu? — Бүгін тарихта нелер (не) болды?

Kaç? — қанша?. Мөлшерді (бағаны, уақытты) анықтауға арналған сұру есімдігі.

Мысалы: Saat kaçta? — Сағат қаншада?, Bir kilo elmanın fiyatı kaç liradır? — Бір келі алманың бағасы қанша лира?

Hangi? hangisi? (hangileri?) — қай?, қайсысы? (қайсылары?). Адам мен жансыз заттарға қойылатын сұрақ.

Мысалы: Hangi araba daha iyi? — Қай автокөлік жақсырақ?

Nasıl? — қалай?. Мысалы: Nasıl çalışır? Қалай жұмыс істейді?, Nasılsınız? — Қалайсыз?, Қалыңыз қалай?

Nere? (nerede?, nereye?, nereden?), neresi? — қайда?, қай жерде?, қай жері?. Орын-мекенге арналған сұрақтар.

Мысалы: Kim nerede yaşıyor? — Кім қайда тұрады (мекендейді)?, nereden nereye? — қайдан қайда?

Апта күндері (Haftanın günleri)

Түрікше-қазақша апта күндерінің аттары

Türkçe-kazakça haftanin günlerinin isimleri

Pazartesi — Дүйсенбі

Pazar сөзі парсының “базар (بازار)” сөзінен шыққан. Қазақша маңынасы кәдімгі “базар” сөзі. Ал tesi сөзі ertesi дегеннің өзгеріске ұшырауы (er әріптері түсіп қалған).

Salı — Сейсенбі

Бұл сөз арабтың және парсының “үшінші күн” деген мағына беретін сөздерінен шыққан (арабша: الثلاثاء — сейсенбі, парсыша: سه شنبه — сейсенбі).

Çarşamba — Сәрсенбі Perşembe — Бейсенбі

Cuma — Жұма Cumartesi — Сенбі Pazar — Жексенбі

Benim babam Pazartesi günü geliyor — Менің әкем дүйсенбі күні келеді.

Geçen Salı geldim — Өткен сейсенбі күні келді.

Түрік тіліндегі жіктеу есімдіктері (Şahıs (kişi) zamirleri)

Түрік тілі қазақ тіліне ұқсас болғандықтан жіктеу есімдіктері де өте ұқсас болып келеді.

ben — мен; sen — сен, siz — сіз; o — ол; biz — біз; siz — сіздер, сендер; onlar — олар.

Ben есімдігінің әр түрлі септіктерде тұрған түрін қазақшасымен жазамын. Қалған есімдіктер содан түсінікті болады.

beni — мені; bana — маған; bende — менде; benden — менен.

İsmin halleri

1şahıs, tekil

2 şahıs, tekil

3 şahıs, tekil

1şahıs, çoğul

2 şahıs, çoğul

3 şahıs, çoğul

Yalın hal

ben

sen

o

biz

siz

onlar

Belirtme hali

beni

seni

onu

bizi

sizi

onları

Yönelme hali

bana

sana

ona

bize

size

onlara

Bulunma hali

bende

sende

onda

bizde

sizde

onlarda

Ayrılma hali

benden

senden

ondan

bizden

sizden

onlardan

.

Қысқаша сөздік