Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турик алиппеси.docx
Скачиваний:
700
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
60.01 Кб
Скачать

Ünsüz uyumu

Егер сөздің соңғы әрібір қатаң дауыссызға (f, s, t, k, ç, ş, h, p) аяқталса, онда оған жалғанатын жалғаулар c, g және d әріптерінен басталмайды. Бұл әріптер үндестік заңдылығы бойынша ç, k және t әріптері айналады. Мысалы: ağaç+da = ağaçta sınıf+da = sınıfta, ipek+ci = ipekçi, seç+gin = seçkin.

Негізі түрік тіліндегі түбір сөздер b, c, d, g әріптеріне аяқталмайды. Бірақ p, ç, t, k әріптеріне аяқталатын сөздер бар. p, ç, t, k әріптеріне аяқталған сөзге дауысты әріптен басталатын жалғау жалғанғанда b, c, d, ğ әріптеріне айналады. Мысалы: kitap+ı = kitabı, kılıç+ı = kılıcı. Бірақ бұл ережеге бағынбайтын да сөздер бар. Олар бір буыннан немесе жалқы есімдерден тұрады. Мысалы: ipi, Ahmetim, topu, milleti.

Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Буындар

Буын дегеніміз ауыздың бір қалыпта әрекет етіп шығарған дыбысы мен дыбыстар жиыны.

Түрік тіліндегі ең қысқа буын — бір әріпті, ең ұзын буын — төрт әріпті.

Дауыстығы бітетін буын — ашық буын (açık hece), дауыссызға бітетін буын — жабық буын (kapalı hece).

Сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады (мысалы: badana = ba – da – na, sabah = sa – bah).

Түрік тілінде буынның алты түрі бар:

  1. Бір ғана дауысты дыбыстан жасалған буындар: -a, -ı, -o, -u, -e, -i, -ö, -ü ;

  2. Бір дауысты және бір дауыссыз дыбыстан жасалатын буындар: -al, -at, -ak, -ay, … ;

  3. Бір дауыссыз және бір дауысты дыбыстан жасалатын буындар: -ce, -le, -me, -ba, -ka, … ;

  4. Бір дауыссыз, бір дауысты және бір дауыссыздан жасалатын буындар: -bel, -bol, -kal, -gel, -bal, -kal, -sal, -ses, … ;

  5. Бір дауысты және екі дауыссыздан жасалатын буындар: -est, -ast, -üst, -ört, -alt, – ırk, … ;

  6. Бір дауыссыз, бір дауысты және екі дауыссыздан жасалған буындар: Türk, -kurt, -yurt, -dört, -dert, -sert, -kurt, -türk, -mert, … .

Негізі, буындардың барлығы бірдей жалғыз тұрғанда қандай да бір мағынаға ие бола бермейді. Олардың кейбірі ғана буын ретінде тұрып-ақ мағынаға ие болады. Мысалы: bal (бал), bel (бел), kol (қол), dal (бұтақ), çal (тастау, лақтыру), hal (жағдай, қалып), Türk (түрік), kürk (тері (мех)), …

Сабаққа қатысты сөздер мен сөйлемдердің аудармасы

ve — және; var — бар; harf — әріп, қаріп; iki — екі;

altı — алты; çeşit — түр; ses — дыбыс;

sesli harf — дауысты әріп; sesli — дауысты; sessiz — дауыссыз

gelen (gelmek) — келген (келу); meydana gelmek — пайда болу, шығу, жасалу;

Türkçe’de altı çeşit hece vardır — Түрікшеде алты түрлі буын бар;

Bir tek sesli harften oluşan heceler — Бір ғана дауысты дыбыстан болатын буындар;

Bir sessiz, bir sesli harften meydana gelen heceler — Бір дауысты және бір дауыссыз дыбыстан жасалатын буындар;

Bir sesli, bir sessiz harften oluşan heceler — Бір дауыссыз және бір дауысты дыбыстан жасалатын буындар;

Bir sessiz, bir sesli ve bir sessiz harften meydana gelen heceler — Бір дауыссыз, бір дауысты және бір дауыссыздан жасалатын буындар;

Bir sesli ve iki sessiz harften meydana gelen heceler — Бір дауысты және екі дауыссыздан жасалатын буындар;

Bir sessiz, bir sesli ve iki sessiz harften meydana gelen heceler — Бір дауыссыз, бір дауысты және екі дауыссыздан жасалған буындар.

Türkçe konuşalım! (Selamlaşma, hal hatır sormak, vedalaşma)

Türkçe konuşalım! — Түрікше сөйлесейік!

Сәлемдесу, амандасу және қайырласу (қоштасу)

Түрік тіліндегі Selam сөзінің қазақшасы — сәлем. Ал Selamlaşma дегеніміз “Сәлемдесу” болады. Әдетте, адамдар тіл үйренгенде (сөйлеп үйренуге арналған сабақтарды бастағанда) сәлемдесу сөздерін үйренуден бастайды. “Сәлемдесу — сөз басы” деген мақал бекер айтылмаған.

Төменде түрік тілінде қолданылатын сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу (hal hatır sormak) сөздері мен қоштасар кезде (vedalaşma - қоштасу) қолданылатын сөз тіркестері келтірілген. Екінші бағанада қазақша аудармасы жызылған.

Türkçe

Қазақша

Selamun aleyküm!

Ас сәләму әлейкум!

(U)aleyküm selam!

Уа алейкум сәләм!

Selam!

Сәлем!

Merhaba!*

Сәлем!

Günaydın!

Қайырлы таң!

İyi günler!

Қайырлы күн!

İyi akşamlar!

Қайырлы кеш!

İyi geceler!

Қайырлы түн!

Nasılsınız?

Қалыңыз қалай?, Қалайсыз?

Nasıl gidiyor?

Қалыңыз қалай? Жағдайыңыз қалай?

İyimisiniz?

Жақсысыз ба?

İyiyim, sağ olun.

Жақсымын, рақмет.

Hamdolsun

Шүкіршілік

Çok iyiyim, sağ olun

Керемет (өте жақсымын), рақмет.

İyilik, sağlık

Бақуат, аманшылық

Fena değil

Жаман емес

Şöyle, böyle

Олай-былай, болады

Ne var, ne yok?

Не жаңалық?

Ne haber? Ne oldu?

Қандай хабар бар? Не болды?

Herşey yolunda mı?

Барлығы орнында ма (дұрыс па)?

Hoşça kalın

Кездескенше

Güle güle

Сау болыңыз, кездескенше

Sonra görüşürüz

Кейінірек кездесеміз

Yakında görüşürüz

Жақын арада көрісеміз

Benden selam söyleyin!

Менен сәлем айтыңыз!

* Merhaba сөзіндегі h әрпі көп жағдайларда оқылмайды. Айтылуы «Мераба» болады.

.Түрік халқында сәлемдесудің түр-түрі бар. Мысалы, қолмен, сөзбен, баспен және көзбен сәлем беру. Үлкен, құрметті кісілерге сәлем бергенде жастар олардың қолын сүйеді. Жақын бауырлар немесе өте жақын достар (таныс адамдар) сәлемдескенде, көбіне, қол алысып, бастарын оң жақпен бір, сол жақпен бір соғыстырады.

Ұзақ арақашықтықтағы екі адам дауыстап сәлемдеседі. Егер дауыстап сәлем беру ыңғайсыз болса көзбен де сәлемдесе береді.

Түріктер мұсылман халқы болғандықтан ер адамдар бір-бірімен қол алысып, Selamun aleyküm деп айтады. Кей адамдар одан басқа да діни емес сәлемдесу сөздерін қолданады