Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турик алиппеси.docx
Скачиваний:
700
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
60.01 Кб
Скачать

İsmin halleri — септіктер

şahıs (şahsı) — 1) кісі; 2) жақ (грамматика)

tekil — жекеше түр

çoğul — көпше түр

Türkçe konuşalım! Танысу, адамдармен араласу

Türkçe konuşalım! — Түрікше сөйлесейік!

Танысу, адамдармен араласу (Tanışmak, insanlarla iletişim kurmak)

Türkçe

Қазақша

Hoş geldiniz!

Қош келдіңіз!

Yalnız mısınız?

Жалғызсыз ба?

Benim adım Hasan

Менің есімім (атым) — Хасан

Sizin adınız ne?

Сіздің есіміңіз (атыңыз) кім?

Soyadınız ne?

Тегіңіз (фамилияңыз) кім?

Benim soyadım Ergüney

Менің фамилиям — Ергүней

Mumnun oldum

Танысқаныма қуаныштымын

Türk müsün?

Түріксің бе?

Hayır ben Türk değilim

Жоқ, мен түрік емеспін

Nereden geliyorsunuz?

Қайдан келесіз?

Nerelisiniz?

Қай жақтан боласыз?

Türkçe biliyor musunuz?

Түрікше білесіз бе?

Biraz biliyorum

Біраз білемін

Ne zamandan beri Türkçe öğreniyorsun?

Қай уақыттан (қашаннан) бері үйреніп жүрсің?

Yedi aydan beri

Жеті айдан бері

Türkçe öğrenmek istiyorum

Түрікше үйренгім келеді

Türkçem iyi değil. Yavaş konuşabilirmisiniz

Түрікшем жақсы емес. Жайырақ (асықпай) сөйлей аласыз ба?

Buraya oturabilir miyim?

Мұнда отыруыма бола ма?

Çalışıyormusunuz?

Жұмыс істейсіз бе?

Nerede çalisiyorsunuz?

Қайда жұмыс істейсіз?

Orada ne zamandan beri çalışıyorsunuz?

Ол жақта қашаннан бері жұмыс істейсіз?

Haftada kaç gün çalisiyorsunuz?

Аптасына қанша күн жұмыс істейсіз?

Telefon numaranız nedir?

Телефон номеріңіз қандай?

Seni ne zaman arayabilirim?

Саған қашан қоңырау шала аламын?

Affedersiniz

Кешіріңіз (қалыпты жағдайда сыпайылық белгісі ретінде)

Pardon

Ғафу етіңіз. Кешірім өтінемін.

Evet

Ия

Buyurun

Мінекейіңіз

Lütfen

Өтінемін. Өтініш

Түрік тіліндегі екпін (Vurgu)

Түрік тіліндегі екпін, әдетте, сөздің соңғы буынына түседі. Бірақ бұл ережеден тыс сөздер де бар. Ондай сөздердің соңғы буыны екпін түспейтін жалғау арқылы жасалады.

Екпіннің соңғы буынға түсуі: konut, sözlük, anne, durak …

Екпіннің алдыңғы буынға түсуі

Жер-суға қатысты жалқы атауларда екпін алғашқы буынға түседі. Мысалы: Avrupa, Almanya, Kayseri, Erzurum

! Бірақ соңы “-istan” деген жалғаумен аяқталатын ел-жер аттарында екпін соңғы буынға түседі. Мысалы: Kazakistan, Yunanistan, Türkistan, Hindistan.

Сабаққа қатысты қазақша түрікше сөздік

konut — тұрғылықты жер, мекен;

sözlük — сөздік;

durak — 1) аялдама; 2) үзіліс жасау;

Türkçe dil bilgisi. 4. ders: Çoğul Ekleri (Көптік жалғаулар)

Көптік жалғаулары дегеніміз жекеше түрде тұрған зат есімге жалғану арқылы оған көптік мағына беретін қосымша. Түрік тілінде зат есімнің көпше түрлері -lar және -ler жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Қазақ тіліндегі секілді -дар (-дер), -тар (-тер) жалғаулары түрік тілінде жоқ. Қазақ тіліндегі көптік жалғауларының барлығының қызметін -lar және -ler жалғаулары атқарады.

Көптік жалғауы жалғанатын сөздің соңғы буыны жуан болса (a, ı, o, u), -lar жалғауы жалғанады, ал егер жіңішке болса (e, i, ö, ü), -ler жалғауы жалғанады.

Буын құраушы дауысты әріптер

Көптік жалғаулар | Çoğul Ekleri

Мысалдар | Örnekler

a, ı, o, u

-lar

arabalar, kadınlar, pilotlar, memurlar

e, i, ö, ü

-ler

resimler, evler, gözler, günler

.

Сабаққа қатысты сөздік

araba — машина, көлік;

kadın — әйел, қатын;

pilot — ұшқыш, пилот;

memur — қызметкер;

resim — сурет, кескін;

ev — үй, жай;

göz — көз;

gün — күн;

ek — жалғау;

Çokluk bildiren ekler — Көпше түрді (көптікті) білдіретін жалғаулар

Türkçe dil bilgisi. 3. ders: Ses uyumu (дыбыс үндестігі)

Сөздің құрамындағы әріптердің бір-біріне жуан-жіңішке, еріндік-езулік, қатаң-жұмсақ болуына байланысты тілдегі заңдылық негізінде үндесетіні бар. Түрік тілінде үндестік заңдарын үлкен екі топқа топтастырамыз: дауыстылар үндестігі (ünlü uyumu) және дауыссыздар үндестігі (ünsüz uyumu).

Бұның алдындағы сабақта дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып екіге бөлінетінін жазып едік. Kalın ünlüler – a, ı, o, u. İnce ünlüler – e, i, ö, ü.

Бұл жолы әріптердің (дыбыстардың) айтылуындағы заңдылықтарға байланысты ережелерді қарастырамыз.

Ünlü uyumu

Дауыстылар айтылуына байланысты еріндік және езілік (еріндік емес) болып екіге бөлінеді. Еріндік – yuvarlaklık, езулік – düzlük.

Yuvarlak ünlüler uyumu – o, ö, u, ü. Бұл әріптерді айтқанда ерін дөңгелектеніп алдыға қарай созылады.

Düz ünlüler uyumu – a, ı, e, i. Бұл әріптерді айтқанда езу екі жаққа қарай тартылады.

Ünsüz uyumu

Өз кезегінде дауыссыздар қатаң және үнді болып екіге бөлінеді. Қатаң дауыссыздар Tonsuz ünsüzler немесе Ötümsüz ünsüzler деп атлады, үнді дауыстылар Tonlu ünsüzler немесе Ötümlü ünsüzler.

Tonsuz ünsüzler uyumu – f, s, t, k, ç, ş, h, p. Есте сақтау оңай болу үшін мына тіркесті жаттап алыңыз: Fıstıkçı Şahap (Жержаңғақ сатушы Шахап). Мұнда барлық қатаң әріптер бар.

Tonlu ünsüzler uyumu – b, c, d, g, ğ, j, l, m, n, r, v, y, z. Есте сақтау өте оңай. Fıstıkçı Şahap-та жоқ барлық дауыссыздар үнді дауыссыздарға жатады.

ЕРЕЖЕЛЕР

Ünlü uyumu

Büyük ünlü uyumu: Егер алдыңғы буындағы дауысты әріп жуан болса, онда одан кейінгі буындағы дауысты әріп те жуан болуы тиіс. Мысалы: soğan, bıcak.

Егер алдыңғы буындағы дауысты әріп жіңішке болса, онда одан кейінгі буындағы дауысты әріп те жіңішке болуы тиіс. Мысалы: güzel, güneş, peynir.

Küçük ünlü uyumu: Егер сөздегі соңғы буында еріндік дауысты болса, ол сөзге жалғанатын қосымша (жалғаулар) да еріндік болады. Мысалы: anlaşmak, yanaşmak, kayıkçı.

Сол сияқты, соңғы буында езулік дауыссыз болса, жалғанатын қосымша да езулік болуы тиіс. Мысалы: yelek, bilek, çilek . Бірақ мына сөздер бұл ережеге бағынбайды: mümin-lik, müzik-çi, yağmur-luk, mü-min, mü-zik, pro-fe-sör, ra-dyo, va-kur.