Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

СӨЖ

СӨЖ тақырыптары

Берілген мерзімі

СӨЖ қабылдау мерзімі

Сағат саны

№1

Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау.

1апта

1апта

3

№2

Тармақталу алгоритмдерін бағдарламалау.

1апта

2апта

3

№3

Циклдік алгоритмдерді бағдарламалау.

2апта

3апта

4

№4

Бір өлшемді массивтер.

3апта

4апта

2

№5

Көп өлшемді массивтер.

4апта

5апта

3

№6

Жолдарды қолданып бағдарламалау.

5апта

6апта

5

№7

Жазба мен файлдарды қолданып бағдарламалау.

6апта

7апта

5

№8

Модульдер.

7апта

8апта

5

№9

Графиктік компоненттер.

8апта

9апта

5

№10

Графиктік ақпараттарды бейнелеу құралдарын пайдаланып бағдарламалау.

9апта

10-11апта

6

№11

Динамикалық бағдарламалау.

11апта

12апта

8

№12

Мультимедиа және диаграмма.

12апта

13-14апта

8

№13

Ойындарды бағдарламалау.

14апта

15апта

9

Практикалық сабақтар

1Модуль. Delphi ортасында құрылымдық және модульдік бағдарламалау №1.1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау.

Мақсаты: DELPHI ортасында қарапайым бағдарлама каркасын құруды үйрену. Сызықтық алгоритм бағдарламасын құру.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, Delphi ортасы.

Мазмұны мен жұмысты орындау реті:

  1. Теориялық материалды қайталау.

1.1. Delphi бағдарламаны құрастырудың интегралданған ортасы

DELPHI ортасы визуальді түрде монитор экранында бір уақытта ашылатын терезелер негізінде жүзеге асырылады. Терезелердің саны, орналасуы, өлшемі мен түрі бағдарламаны құрастырушының қажеттілігіне қарай өзгіртіледі, ал бұл жұмыс тиімділігін арттырады. DELPHI ортасы жүктелген кездегі бейнесі 1.1-суретте көрсетілген:

Негізгі терезе әр уақытта экранда болады және бағдарламаны құру процесін басқару үшін арналған. Негізгі меню (Қосымша 1) жобаны басқару үшін қажетті құралдардан тұрады. Пиктограммалар негізгі мәзірдің жиі қолданылатын командаларын орындауды жеңілдетеді. Компоненттер мәзірі арқылы (Қосымша 2) форма терезесіне бағдарлама құрушы орналастырған визуальді элементті (компонентті) сипаттайтын DELPHI ортасының стандартты сервистік бағдарламалар жиынына ену мүмкіндігі жүзеге асырылады. Әрбір компонент белгілі бір қасиеттер (параметрлер) жиынын ие. Мысалы, терезе түсі, тақырыбы, батырмадағы жазу, шрифт өлшемі мен түрі.

Объектілер инспекторының терезесі (F11 пернесі арқылы шақырылады) таңдалған компоненттер қасиеттерін өзгерту үшін арналған және екі парақтан тұрады. Properties (Қасиеттер) парағы компоненттің қажетті қасиеттерін өзгерту үшін, ал Events (Жағдайлар) парағы компонеттің қандай да бір жағдайға реакиясын (мысалы, белгілі бір перненің басылуы немесе батырманы «тышқанмен» шерткенде) анықтау үшін арналған.

Форма терезесі бағдарламаның Windows-терезесі жобасын бейнелейді. Бұл терезеге бағдарламаны жазу барысында қажетті компоненттер орналастырылады. Бағдарлама орындалған уақытта орналастырылған компоненттер жобалау кезіндегі түрде болады.

Мәтін терезесі бағдарлама мәтінін қарау, жазу және редактрлеу үшін арналған. DELPHI жүйесінде Object Pascal программалау тілі қолданылады. Алғашқы жүктелген кезде бағдарлама мәтіні терезесінде бос форма Windows-терезесі ретінде жұмыс жасауы үшін минимальді операторлар жиынынан тұратын мәтін болады. Форма терезесіне қандай да бір компонентті орналастырғанда бағдарлама мәтіні автоматты түрде ол үшін қажетті стандартты бағдарламалар кітапханаларымен (uses бөлімі) және айнымалы типтерімен (type бөлімі) толықтырылады.

DELPHI ортасындағы бағдарлама формамен байланысты жағдай (мысалы “тышқанмен” батырманы шерткенде – OnClick жағдайы, форманы құру – OnCreate) туындағанда орындалатын алгоритмдер сипаттамасы ретінде құрылады. Формадағы әрбір өңделетін жағдай үшін объектілер инспекторының Events парағының көмегімен бағдарлама мәтінінде процедура (procedure) құрылады, бағдарламалаушы begin және end қызметші сөздерінің арасына Object Pascal тілінде қажетті алгоритмді жазады.

Форма терезесінен бағдарлама мәтінің терезесіне және керісінше көшу F12 пернесінің көмегімен жүзеге асырылады.