Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және есептеуіш техника кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу, оқу-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі проректор

___________ Бекназаров Р.А.

«___» _______ 2014 ж.

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

EEMP.DKKIO 2214 ЭЕМ-дегі практикум. Delphi қосымшаларды құрудың интегралды ортасы

5В060200 «Информатика»

жалпы орта білім негізіндегі күндізгі бөлім

Ақтөбе

2014

«ЭЕМ-дегі практикум. Delphi қосымшаларды құрудың интегралды ортасы» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы 5В060200-«Информатика» мамандығының Типтік оқу жоспарының, 2012 ж. және «ЭЕМ-дегі практикум. Delphi қосымшаларды құрудың интегралды ортасы» пәнінің Оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Құрастырушы: Урдабаева Г.Ж., оқытушы

Кафедра мәжілісінде қаралды. № 6 хаттама, «15» қаңтар 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ _ Сарсимбаева С.М._

(қолы)

Факультетің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды.

5 хаттама, «28» қаңтар 2014 ж.

Факультет деканы______________Мухамбетова А.А. __

(қолы)

Түсінік хат

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Delphi ортасында программалау. Алгоритмдерді және программаларды құру практикалық сабақтарда орындалады. Бұл пән «Delphi ҚҚИО» пәні бойынша алған білімдерін тереңдету мақсатында жүргізіледі.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері: қазіргі заманға сай ақпараттық технологияларды студенттерге тереңірек меңгерту және сол білімдерін нақты бір есепті шешуде қолдануға үйрету. Delphi ортасында қосымшалар құру.

Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

  • жобаны компиляциялау және орындауды;

  • IDE ортасының құралдарын пайдалануды;

  • қосымшаның интерфейсін құру және функционалдығын анықтауды;

  • формалар, диалогтар, мәзірлер құруды;

  • Delphi-дің IDE ортасында жұмыс жасай білуді;

  • қосымшаның интерфейсін құру және функционалдығын анықтауды.

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері: Программалау, ЭЕМ-дегі практикум. Программалау, Delphi ҚҚИО; Деректер қорының теориясы, Объектіге бағытталған программалау.

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

(сағат саны.)

Практ.

(сағат саны

Семинар

( сағат саны.)

Зертхана

(сағат саны.)

ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау формасы

2

4

3

-

45

-

-

24

66

емтихан

Барлық сағаттар 135