Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.40. Қалып «Білекке Крамер шинасын қою техникасы».

Мақсаты: транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: Білек сүйектерінің сынығы.

Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, сезімсіздендіруші зат,тшприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

  4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

  5. Жарақат орның қараныз.

  6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

  7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

  8. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.

  9. Ұз 80см ені 8см баспалдақты Крамер шинасын таңыныз.

  10. Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгіленіз.

  11. Айқындалған буынды тік бұрышта бүгініз.

  12. Шинаны сау түпкілікке қойып, білек пен шоқты теңденіз.

  13. Шинаны түпкіліктің артқы, сыртқы бетінен теңденіз – шоқ саусақтарынан иықтың жоғарғы үшінші бөлігіне дейін.

  14. Шинаны түпкіліктердің шоқ саусақтарынан иық буынына дейін бекітініз.

  15. Түпкіліктің жақсы тіркелуі үшін бекітпе бау қойыныз.

  16. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

5.41. Қалып «Сирақ сүйегіне Крамер шинасын қою техникасы».

Мақсаты: 3 шина көмегімен транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: сирақ сүйектерінің сынығы, тізе буынының шығуы.

Қоры:3 баспалдақты Крамер шинасы, мақта, 2 дәке, шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, стерильді қолғап, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты көлденең жатқызап, тынышталдырыныз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

  4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

  5. Жарақат орның қараныз.

  6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

  7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

  8. Баспалдақты Крамер шинасын алыңыз: бірінші ұз 120см,ені11см; екеуі ұз 80см,ені 8см.

  9. Шина түбін науқастың сау түпкілігіне қойыныз, саусақтан өкшеге дейін.

  10. Өкше аймағында тік бұрышта бүгініз.

  11. Дайындалған шинаға аяқты қойыныз:

  • 1- шина өкшеден өтіп, сирақ пен жамбастың үшінші бөлігіне дейін.

  • 2- шина сирақтың сырт жағынан өтіп, өкшенің сырт шетінен жамбастың ортаңғы үшінші бөлңгңне дейін.

  • 3-шина сирақтың ішкі бөлігінен өтіп, өкше мен жамбас орта үшінші бөлігінің сыртқы шетінен.

  1. Шинаны түпкілікке бекітініз.

  2. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

Ескерту:

  1. Шина қойғанда 2 буынды бектіңіз; сынықтан жоғары және төмен буындар.

  2. Сирақтың жоғарғы үшінші бөлігінің сынығында, тізе буын зақымдануында шинаның жоғарғы түбі жамбас буынына жетуі керек.

  3. 3 шина жоқ болған жағдайда, шеткі беттеріне 2 шина немесе түпкіліктің артқы бөлігіне 1 шина қойылады.

  4. Өкше сынығы кезінде шинаны саусақ ұшынан сирақ ортасына дейін қояды.

  5. Шинаны 2 жағынан мақтамен орап, дәкелеп қойыныз.

    1. Қалып «Дитерихс шинасын қою техникасы».

Мақсаты: Мықын сынығы кезінде транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: мықын сынығы.

Қоры: жұмсақ төсеніштер, дәке, мақта, Дитерихс шинасы, Крамер шинасы, шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, стерильді қолғап, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты көлденең жатқызап, тынышталдырыныз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

  4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

  5. Жарақат орның қараныз.

  6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

  7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

  8. Ұз 120см, ені 11 см Крамер шинасын алыңыз.

  9. Шина түбін науқастың сау түпкілігіне қойыныз, саусақтан өкшеге дейін.

  10. Өкше аймағында тік бұрышта бүгініз.

  11. Шинаны түпкіліктің артқы төмеңгі бетінен омыртқаға дейін қойыныз.

  12. Шинаның ұлтандық бөлігін 8-дік тәсілмен баумен өкшенің қлтандық бетіне бектініз.

  13. Шинаның сырт жағын бұлшық ет үсті шұқырынан бастап табанның өкше бетінен 8-10см шығып тұратындай етіп бекітініз.

  14. Оны шинаның ұлтандық бөлігінің бақыр құлағына сұғындыр.

  15. Шинаның ішкі бөлігін түпкіліктің ішкі бетіне дейін 8-10см табан ұлтандық бөлігіне теңде.

  16. Ол арқылы ұлтандық бөліктің ішкі бақыр құлағын жаса.

  17. Шығынқы жерлерге төсеніш немесе мақта қой – некроз дамуын және қысылуды байқау мақсатында.

  18. Шинаны сирақта, жамбаста, іште, көкірек қуысына бекітініз.

  19. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

    1. «Медициналық пневматикалық шина қою».

Мақсаты: түпкіліктер сынығында транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: жоғарғы және төмеңгі түпкіліктер сынығы.

Қоры: Шиналар бар пакет.

Ескерту: Құрсым мөлдір пластмассалық үлдірден жасалған. Ол 3 түрде шығарылады: 1 – шынтақ пен білекке; 2 – табан мен сираққа; 3 – тізе буыны мен жамбасқа.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

  4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

  5. Жарақат орның қараныз.

  6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

  7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

  8. Шинаны пакеттен шығарыныз.

  9. Сүйретпелі-түйреуішті ашыңыз.

  10. Шинаны аударып баяу зақымданған түпкілікке жақындатыныз.

  11. Сүйретпелі-түйреуішті жабыныз.

  12. Ауа өткізгіш құрылғының клапаның ашып түтігін сағат тіліне қарама қарсы бұрыңыз.

  13. Шинаны насоспен қатты қалыпқа дейін үрленіз.

  14. Клапанды түтікті сағат тіліне қарай бұрып жабыныз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]