Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.45.«Таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, жарақатты микроб түсуден сақтау.

Көрсетілім: Жара жағдайы.

Қоры: 1. 3% сутегі асқын тотығы.

2. 0,5% нашатырь спирт ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі, 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Ескі таңғышты пинцетпен шешініз, жара аймағында бір басынан екінші басына қарай.

  4. Кепкен таңғышты 3% сутегі асқын тотығымен жібітініз.

  5. Жара мен айналасындағы тіндерді қараныз.

  6. Жара айналасындағы теріні әуелі құрғақ мақта шаригімен, кейін 0,5% нашатырь спирт ерітіндісіне малынған мақта шаригімен жара шетінен переферияға қарай тазаланыз.

  7. Жара айналасындағы теріні антисептиктердің бірімен өңденіз: 1% йодонат ерітіндісімен, кейін спиртпен.

  8. Жараны 3% сутегі асқын тотығымен жуыныз, егер жарада ірің болса мақта қысқышпен.

  9. Жараны кептіріп, жарада 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунда немесе тампон қалдырыныз.

  10. Стерильді салфетка немесе мақта қолданып жаңа таңғыш қойыныз.

  11. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.

  12. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

5.46. Таза отадан кейінгі жараға таңғыш қою техникасы.

Мақсаты: Жараны тексеру, антисептикалық таңғыш қою.

Көрсетілім: отадан кейінгі жара.

Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешініз.

  4. Тігіс айналасына пальпация жасаныз.

  5. Йодонатқа малынған салфетканы пинцетпен алып тігісті өңденіз.

  6. Пинцетпен жараға стерильді салфетка қойыныз.

  7. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.

  8. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.

5.47. Іріңді жараға таңғыш қою.

Мақсаты: жарадағы антисептиканы сақтау.

Көрсетілім: іріңді жараның болуы.

Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ, зонд, шприц қайраусыз инемен, жалпақ резеңке дренаждар, антисептик ерітінді, жаракергіш.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешініз.

  4. Пинцетпен жалпақ резеңке дренажды шешініз.

  5. Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап өңденіз.

  6. Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.

  7. 1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен қстап жараны өңденіз.

  8. Жараны зондпен немесе жаракергішпен тексереміз.

  9. Жараны шприц пен қайраусыз инемен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шайыныз.

  10. Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.

  11. Қолданылған құралдарды лас лотокқа тастаныз.

  12. 1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.

  13. Пинцет пен зонд көмегімен жараға жалпақ резеңке дренаж енгізініз.

  14. Жараға антисептик ерітіндісіне малынған салфетка қойыныз.

  15. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.

  16. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]