Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.15. Биологиялық сынама қою техникасы.

Мақсаты: донор мен рецепиент қанының сәйкестігін анықтау.

Көрсетілім: қан құю.

Қоры: донор қаны, қан құюға арналған система, стерильді марлі шариктері, спирт, стерильді пинцет, стерильді қолғап,КБУ.

Әрекеттер алгоритімі:\

1. науқасқа процедура мақсатын түсіндіру.

  1. Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз.

  2. Қолды гигиеналық дәрежеде тексеріңіз.

4. стерильді қолғап киіңіз.

5. системаны дайынданыз.

  1. 10-15мл қан жіберініз.

  2. Системаны 3 мин жабыныз.

  3. Науқастың жағдайын бағаланыз.

  4. 10-15мл қан жіберініз.

  5. Системаны 3 мин жабыныз.

  6. Науқастың жағдайын бағаланыз.

  7. 10-15мл қан жіберініз.

  8. Науқастың жағдайын бағаланыз.

  9. Қалған қанды мин 8-10 тамшыдан баяу құйыныз.

  10. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

V.IV. Десмургия

5.16. Қалып бинтпен бау қою техникасы

Мақсаты: Денеге таңбаңы бекіту, жарақат кезінде тасымалдау, жарақатты микроб түсуден сақтау, гемостаз мақсатында.

Әрекеттер алгоритімі:

1.Науқасты өзіне ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз не жатқызыңыз.

2.Таңушы науқасқа бетпе-бет қалыпта орналасады

3. Таңуды перефериядан – орталыққа, солдан оңға, сағат тіліне қарсы жүргізу керек

4.Таңуды әрдайым бинттің бекіту бөлігінен бастау керек

5.Бинттің әр келесі орамы алдыңғысын ½ немесе 2/3 бөлігін жабу керек

6.Бинтті таңылған орыннан айырмай орау керек

7.Таңу 2 қолмен жүргізіледі: 1 қолмен бинттің басын, 2 қолмен орамын жасау

8.Бинтті сол қолмен ұстап, оң қолмен орақтаныз, таңылған аймақты орай отырып,

9.Бинтті бірқалыпты таңылған аймақтан орау керек

10.Дененің таңылатын орнына, таңғыш қойылғаннан кейін ыңғайлы болатын қалыпқа қою керек

11.Дененің конустық бөлігіне таңғыштың жақсы орналасуы үшін әр 2 айналым сайын дәкені майыстыру керек.

12. таңғыш өз функциясын орындау керек.

13. Таңғыш жарақатқа қарама-қарсы бетке орналастыру керек.

5.17. Қалпы ʺЧепецʺ таңғышын қою техникасы:

Мақсаты: Басқа таңғышты бекіту

Көрсетілімі: Маңдай мен шүйде сүйегінің жарақаты.

Қорытынды: бинт-ені 10 см, қайшы

Әрекеттер алгоритімі:

1.Науқасты өзінізге қарама қарсы отырғызыныз, тынышталдырыныз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

2.Ұзындығы 80см-1м бинт үзіндісін дайындаңыз.

3.Үзіндігінің ортаңғы жағын төбе сүйегі аймағына орналастырыңыз, ұштарын науқас немесе көмекейі ұстап тұрады.

4.Бинт ұштарын құлақ алды арқылы төмен түсіріңіз

5.Ені 10 см бинт алып маңдай мен төбеден бекітуші айналым жазаңыз

6.Шүйде мен төбе сүйегі аймағында 2-ші айналыммен бинтті бекітіңіз

7.Байлам арқылы қарама-қарсы бетке айналдыра отырып төбе мен маңдай сүйегін жаба отырып айналым жасаңыз

8.1-2 рет бекітіңіз

9.Бас сүйегі толық жабылғанша 2-3 орам жасаңыз

10.Байламды иек астынан бекітіңіз

5.18. ʺУздечкаʺ таңғышын қою техникасы

Мақсаты: астынғы жақ қимылсыз қалыпқа келтіру.

Көрсетілім: астыңғы жақ жарақаттары.

Қорытынды: ені 10 см бинт, қайшы.

Әрәкеттер алгоритімі

1.Бинттің бастамасын сол қолға, бас жағын оң қолға алыңыз.

2.Маңдай немесе шүйде сүйегі аймағынан бекітуші орау жүргізіңіз

3.Байламды шүйде мен шек астынан жіберіп, самай мен төбе сүйегін айналдыра 2 айналым жасаңыз.

4. 3-4 рет қайталаңыз (1рет)

6.Байламды шуйденің сол жағынан алып бекітіңіз.

7.Басты айналдыра бекітіңіз

8.Ұштарын бастың маңдай аймағынан байлаңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]