Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.60. Іштің өткір жарақатындағы шұғыл көмек.

Мақсаты: Ауырсынуды ескерту, хирургия бөліміне жеткізу.

Көрсетілім: іш жарақатының болуы.

Қоры: 2мл 2% промедол ерітіндісі, 500мл полиглюкин, стерильді резеңке қолғап, 70% этанол , дәке.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты қараныз, тынышталдырыныз.

  2. Зардап шегушіні жатқызыныз.

  3. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  4. Қолынызды спиртпен өңдеп резеңке қолғап киініз.

  5. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.

  6. Жара шеттерін 70% этанолмен өңденіз.

  7. Бублик тәріздес стерильді үйіндімен жабыныз.

  8. Фурациллинге малынған стерильді салфетка қойыныз.

  9. Дәке таңғышын қойыныз.

  10. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл 2% промедол енгізу.

  11. Шалқасынан жатқызып хирургия бөліміне тасымалданыз.

5.61.Іштің жабық жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.

Мақсаты: Ауырсынуды ескерту, хирургия бөліміне жеткізу.

Көрсетілім: іш жарақатының болуы.

Қоры: салфетка, мұзды мұйық, полиглюкин.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты қараныз, тынышталдырыныз.

  2. Зардап шегушіні жатқызыныз.

  3. Бүгілген тізеге үйінді қойып,науқасты шалқасынан жатқызыныз.

  4. Ішке слфетка үстіне мұзды мұйық қойыныз.

  5. Көк тамырға 500мл полиглюкин енгізініз.

  6. Қан қысымы мен тамыр соғысын қадағаланыз.

  7. Хирургия бөліміне тасымалданыз.

5.62.Құлаққа таңғыш қою кезіндегі медбикенің әрекет алгоритімі.

Мақсаты: ортаңғы құлақ ауруы, отадан кейінгі кезең.

Қоры: ені 10-12см дәке.

Әрекет алгоритімі.

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз, тексеру мақсатын түсіндірініз.

  2. Ені 10-12см дәке алыныз.

  3. Сол көзді оңнан солға, оң көзді солдан оңға қарай дәкелейміз.

  4. Дәке бастамасын сол қолға, басын оң қолға алыныз.

  5. Дәкені маңдай бөлігінен құлақ раковинасының үстіңгі бөлігіне түсірініз.

  6. Бекітуші айналым жасаныз.

  7. Маңдай бөлігіенде байлам жасап таңғышты бекітеміз.

  8. Шүйде мен маңдай арқылы бекітуші айналым жасаңыз.

  9. Маңдай бөлігінде байлам ұштарын бекітініз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]