Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

5.3Макроэкономикалық көрсеткіштер

Қоғамның макроэкономикалық аспектіде жетуге тиісті ұмтылатын басты төрт мақсаты бар:

  1. Өндірістің әр түрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен болатын оқыс тоқтаусыз және өзгеріссіз ұлттық масштабтағы тұрақты өсуі .

  2. Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін нарықтық бәсекелестік негізінде қалыптасады және өте тез қарқынмен өспейді деп болжанады.

  3. Жұмыс бастылықтың жоғары деңгейі. Мамандық алып және осы мамандық бойынша жұмыс іздеген адамның мақсатына жетуі.

  4. Сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қолдау. Яғни импорт және экспорт арасындағы салыстырмалы тепе-теңдіктің болуы.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді негізгі үш топқа бөлуге болады:

    1. Ұлттық өнім көлемі.

    2. Бағаның жалпы деңгейі.

    3. Жұмыс бастылығы.

Ұлттық өнім көлемінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  1. Жалпы ұлттық өнім – ЖҰӨ.

  2. Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ.

  3. Ұлттық табыс (ҰТ).

ЖҰӨ – бұл қай жерде орналасқанына тәуелсіз белгілі бір елдің азаматтарына тиісті өндіріс факторлары арқылы өндірген барлық тауарлар мен қызметтердің жылдық нарықтық құны.

ЖІӨ – бұл иелігіне байланыссыз ұлттық экономика шекарасында орналасқан барлық өндіріс факторлары арқылы өндірілген жиынтық өнім көлемі.

Номиналды ЖҰӨ - бұл ағымды бағамен көрсетілген тауарлар мен қызмет өндірісінің көлемі. Өндірілген өнім көлемің баға деңгейінен байланыссыз бағалау үшін нақты ЖҰӨ түсінігі пайдаланды. Ол базистық деп аталатын уақыт кезенінде қалыптасатын тұрақты бағалармен есептелетін жасалған тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Нақты ЖҰӨ - бұл өзгермейтін бағалармен көрсетілген тауарлар мен қызметтердің өндіру көлемі.

Сонымен бірге фактылық және потенциалды ЖҰӨ-ді ажыратады. Фактылық ЖҰӨ - бұл анықталған уақыт кезенінде шынында өндірілген өнім көлемі. Потенциалды ЖҰӨ барлық қолдағы өндіріс факторларды максималды пайдаланған кезде өндіруге мүмкін өнім көлемін көрсетеді.

Ұлттық табыс барлық факторлық табыстардың сомасын көрсетеді (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда).

ЖҰӨ (ЖІӨ) – амортизация = ТҰӨ (таза ұлттық өнім) .

ТҰӨ - жанама салықтар = Ұлттық табыс.

Ұлттық табыс - корпорация табысына салық - әлеуметтік сақтандыру аударылымы - бөлінбеген пайда + тұрғындарға трансферттік төлемдер = Жеке табыс.

Жеке табыс - салықтар және төлемдер = Қолдағы табыс.

ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:

  1. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі – қоғамда жасалған барлық табыстар сомасы. Ол факторлық табыстар (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда), жанама салықтар және амортизация сомасы.

  2. ЖҰӨ-ді шығындар бойынша есептеу әдісі - қоғамның соңғы тұтыну шығындарының сомасы: тұрғындардың жеке тұтыну шығындары (С), тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу (G), кәсіпкерлердің инвестициялық шығындары (I) және таза экспорт (X) (таза экспорт = экспорт – импорт), яғни

C + G + I + X.

3. ЖҰӨ-ді өндіріс бойынша есептеу әдісі – ЖҰӨ елдегі барлық кәсіпорындармен өндірілген өнімнің қосымша құндарын қосу арқылы анықталады. Бұл өнім бөліктерінің құнын бірнеше рет есептейтін қайталанатын есепті жояды.

Жалпы ұлттық табыс көрсеткішіне қоса таза экономикалық әл-ауқаттылық көрсеткіші пайдаланады. Бірақ бұл көрсеткіш нақты статистикалық көрсеткіш емес және ешбір елде есептелмейді. Ол американдық экономистер У.Нордхаус және Дж. Тобинмен ұсынылған, және елдің әл-ауқаттылығын көбейтуге мүмкіндік беретін барлық жағдайларды көрсетуге бейімделген: білім алу деңгейін арттыру үшін, балаларды тәрбиелеу үшін бос уақытты пайдалану, үй шаруашылық қожасының жеміс консервілеу жұмысы, айналым ортаны ластау, қалалар халқының тығыздығы, заңдық, бірақ салық төлемейтін қызмет, мысалы үй ремонты, қар жинау және т.б.

Бағалардың жалпы деңгейі – бағалардың тауарлар мен қызметтердің кең тобы бойынша орташа деңгейі, ол келесі көрсеткіштер арқылы анықталады:

  1. Ағымдағы жылдағы баға индексі – пайызбен көрсетілген ағымдағы жылдағы бағаның базалық жылдағы бағаға қатынасы.

  2. Инфляция деңгейі – пайызбен көрсетілген ағымдағы жылдағы баға мен өткен жылдағы баға айырмасының өткен жылдағы бағаға қатынасы.

  3. ЖҰӨ дефляторы – номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы. Ол жыл бойы соңғы тауарлар мен қызметтердің баға бойынша өзгерісін көрсететін баға индексі.

Жұмыс бастылықтың көрсеткіштері:

  1. Жұмыс күші (жұмыспен қамтылған халық пен жұмыссыз халықтың қосындысына тең).

  2. Жұмыссыздық мөлшері (пайыз бойынша көрсетілген жалпы жұмыссыздардың еңбек күші санына қатынасына тең).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]