Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

9Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері

9.1. Инвестиция: мәні, түрлері, мультипликаторы

Инвестициялар дегеніміз жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдары мен заттарды енгізуге байланысты өндірісті кеңейту және жаңарту мақсатында жасалатын шығындар.

Инвестиция көздері:

  1. Кәсіпорын құралдары (өзіндік және қарызға алынған).

  2. Мемлекеттік капиталдық салымдар.

Инвестициялар мөлшері мен динамикасы үш факторға байланысты: кәсіпорын табыстары, шығындары және күту факторы.

Көптеген жылдар бойы өтелетін құралдарды инвестициялау мәселені шешкенде келесі шарттарды есепке алу керек:

  1. Жаңа инвестициялар есебінен алынған жаңа өнімдерге сұраныстың өзгеруі;

  2. Инвестициялар шығындарына әсер ететін пайыздық ставкалар мен салықтар мөлшерлері;

  3. Сұраныс ауытқуларын анықтайтын саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер.

  4. Қоғамдағы инфляциялық үрдістер.

Инвестициялар ЖҰӨ-нің аса маңызды және өзгермелі құрамды бөлігі болып табылады. Құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын құралдар қысқарғанда, осы қысқарудың көптеген бөлігі инвестициялық шығындардың көлемінің түсуімен байланысты болады.

Инвестициялық шығындардың үш түрі анықталады:

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларына жасалатын инвестициялар. Ол кәсіпорындардың өзінің өндірістік әрекетінің аясында қолдану мақсатында сатып алынатын ғимараттар, үйлер және жабдықтар.

  2. Тұрғын үй құрлысына жасалатын инвестициялар. Олар ол үйде тұру мақсатында сатып алынатын үй, сонымен қатар үй иелерінің жалға беру мақсатында сатып алатын үйлер шығындарын қамтиды.

  3. Қорға алынатын инвестициялар. Ол дегеніміз фирмалардың сақтауға алатын тауарлары, шикізат пен материалдары, аяқталмаған өндіріс пен дайын заттарды білдіреді.

Инвестиция мен пайыздың нақты ставкасы арасындағы байланыс келесі суретте көрсетілген (11.5 сурет).

r

I(r)

I

11.5 сурет – Инвестиция мен пайыз ставкасының арасындағы тәуелділік

Мұндағы r – пайыздың нақты ставкасы;

I – инвестициялар.

Негізгі қорларға салынатын инвестициялар пайыз ставкасын төмендеткен кезде өседі, өйткіні пайыз ставкасының төмен мөлшері капитал бірлігіне қатысты шығындарды азайтады, сондықтан капиталды иемденуді көбірек ұтымды етеді.

Жалпы және таза инвестициялар түрі болады. Жалпы инвестиция – арнайы кәсіпорынға салынатын барлық ақша құралдары. Жалпы инвестициядан өтелімді (амортизацияны) алып тастаса – таза инвестиция қалады.

Макроэкономиканың қызмет ету туралы Кейнстік түсінік «мультипликациялық» эффект теориясында орын алды. Кейнс теориясында мультипликатор дегеніміз инвестиция өзгерісінен табыстар өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент.

Экономика тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнстік теория инвестиция өскенде, ЖҰӨ бастапқы қосымша инвестицияға қарағанда әлде қайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардың мультипликациялық (өспелі) эффектіге жеткізетіндігінен шығады. Алғашқы эффекттен басқа, екінші, үшінші және т.б. эффектілер құбылысы пайда болады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмысбастылықты көбейтеді. ЖҰӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш эффект мультипликациялық эффект деп аталады. Мультипликатор - инвестиция көлемі ұлғайғандағы ЖҰӨ-ның өсу шамасын көрсететін сандық коэффициенті. Ол ЖҰӨ өсімшесінің инвестиция өсімшесіне қатынасы арқылы анықталады.

Классикалық мектеп логикасы бойынша жинақтауға деген үлкен бейімділік ұлттың гүлденуіне алып келеді. Оларға қарағанда Кейнс мектебінің көзқарастарынан айырмашылығы үлкен. Кейнске жүгінсек, дамудың жоғары деңгейіне жеткен елдерде үнемі жинақтауға деген талпыныс инвестиция салуға деген талпыныстан асып түседі. Оның екі жақты себептері болады:

  1. Капиталды жинақтауы өскен сайын, оның қызмет етуінің шекті тиімділігі төмендейді, өйткені тиімділігі жоғары капитал салымдарының альтернативті мүмкіндіктерінің шеңбері қысқарады.

  2. Табыстың өсуіне байланысты жинақтау мөлшері арта түседі.

Осыған байланысты Кейнс автономды және туынды инвестициялар категорияларын қарастырады.

Автономды инвестициялар – ұлттық табыс көлемі мен динамикасынан тәуелсіз капиталдық салымдар. Олар бастапқы «инъекциялар» ретінде жүзеге асырылып және мультипликатор эффектінің әсерінен ұлттық табыстың өсуіне алып келеді.

Іскерлік әрекеттің жандануы, жұмысбастылықтың өсуі түрлі кәсіпкерлер топтарының инвестиция жасауларына алып келеді. Бұл инвестициялар туынды деп аталады. Олар ұлттық табыс динамикасынан тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]