Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

11Тақырып. Экономикалық реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері

11.1.Қаржы жүйесiнiң мәнi мен құрылымы.

Қаржы – елдегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша құралдарының қорын тұрғызудағы және қолданудағы барлық экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаржылар – ақша құралдарын бөлу мен пайдалануға байланысты құндық ағындардың жиынтығы болып табылады. Араларында ақша ағындарының ұдайы қозғалыстары болып тұратын негізгі субъектілерге мемлекет, оның институттары, фирмалар және тұрғындар жатады.

Қаржы жүйесі – бұл барлық өзара байланыстағы қаржылық құрылымдық элементтердің жиынтығы. Қаржы жүйесіне мыналар кіреді:

а) барлық деңгейдегі бюджеттер жиынтығын (мемлекет, әкімшілік бірліктер, жергілікті басқару ұйымдары);

б) бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, мүліктік, жеке сақтандыру);

в) мемлекеттің валюталық резерві;

г) кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары.

Қаржы жүйесін мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің, тұрғындардың қаржысының өзара байланысы ретінде қарауға болады. Қаржы жүйесінің қызмет істеуі екі кезеңнен тұрады:

  1. Табыстарды алу мен шығындаудың жоспарларын құрастыру.

  2. Ақша ағындарының қозғалысын ұйымдастыру.

11.2.Экономикалық саясаттың қаржылық механизмі.

Егер қаржы жүйесі мемлекет деңгейіндегі мақсаттарға жетуге бағытталған болса, онда бұл мемлекеттік қаржы саясатын білдіреді. Ал ол келесі екі аспектіден тұрады:

а) фискалдық саясат – экономиканы табыстар мен шығыстар арқылы реттеу;

б) бюджеттік саясат – бюджеттік процесстерді реттеу (бюджеттік тепе-теңдікке жету).

Фискалды саясат – бұл мемлекеттік шығындар мен табыстарды өзгерту арқылы экономиканы реттеу жүйесі. Ол екі түрге бөлінеді: дикрециондық фискалды саясат және автоматты. Дикрециондық саясат – экономикалық конъюнктураны тегістеу мақсатында мемлекетпен салықтарды және шығындарды өзгерту (мысалы, салық ставкасын, жәрдемақы мөлшерін). Бұл белсенді фискалды саясат.

Автоматты фискалды саясат автоматты түрде кіріктендірілген тұрақтандырушылар (табысқа салынатын салықтың прогрессивті ставкасы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және т.б.) көмегімен жүргізіледі. Бұл пассивті фискалды саясат: мемлекеттік шығындары мен салықтардың деңгейіндегі қажетті өзгерістер автомат түрінде жасалады.

11.3.Мемлекеттiк бюджет: ұғымы және құрылымы. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің барлық ақша құралдарын (табыстарды) және оларды бөлуді (шығындарды) бейнелейтін мемлекет қызметінің қаржылық бағдарламасы.

Бюджет шығындары құрылымы бойынша: мемлекетті басқаруға, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға, мемлекеттің шаруашылық әрекеттері мен сыртқы экономикалық қызметтеріне, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті бекітуіне жұмасалатын шығындар болып бөлінеді.

Экономикалық әдебиетте мемлекеттік шығындарды әр түрлі жіктелімдеу ұсынылады. А. Пигу оларды трансформациялық және трансферттік түрлеріне бөледі. Бірінші жағдайда тауар мен еңбекте көрсетілген қызметтер мемлекеттік қаржының ағымына қарсы ағады (мемлекеттік инвестициялар, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік тұтыну, жалақыны бюджеттен төлеу). Трансферттік шығындар қарсы келетін қызметті болжамайды және тікелей құралдарды беру болып шығады (трансферт: субсидиялар, үй шаруашылығына жәрдемақы, әлеуметтік қамтамасыздандыру).

Мемлекеттік шығындардың басқа жіктелеуі институционалдық бағытпен байланысты: негізі ретінде оларды министрліктер, агенттіктер арасында бөлу жатады. Осындай жүйелеу құралдарды жұмсауды бақылауын жеңілдетеді, бірақ та олар қаншама тиімді пайдаланғанын көрсетпейді.

Функционалды принциптің негізінде шығындар мақсатты міндеті бойынша топталады (қорғаныс, білім беру, өнеркәсіп және т.б.). Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылығы туралы пікірге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің шаруашылық әрекеттерге шығындары таза ұлттық өнімді мультипликациялық өсіруге әкеледі. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы таза ұлттық өнім өзгерісінің үкімет шығындары өзгерісінің қатынасына тең.

Мемлекеттік бюджет кірістері – орталық және жергілікті билік ұйымдары алатын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан және мақсаттық қорлардан тұрады.

Экономикалық әдебиетте мемлекеттік шығындардың келесі жіктелеуі беріледі:

- салықтық және салықтық емес;

- қарапайым (тұрақты) және төтенше (уақытша, кезеңдік);

- жеке сектордан және мемлекеттік сектордан.

Өз кезегінде, мемлекеттік сектордан алынатын табыстар ұлттық мемлекеттен және шетелден (көмек, репарациялар) түскен қаржыларға бөлінеді. Жеке сектордан түсетін мемлекеттік табыстар мемлекеттің рынок түріндегі табыстарды болжайды.

Қаржы жүйесінің құрылуының екі принципі белгілі:

а) демократиялық орталықтандыру;

б) фискалдық федерализм.

Демократиялық орталықтандыру кезінде жергілікті органдар ақша қаражаттарын өз бетімен жұмсай алмайды. Ал фискалдық федерализмде орталық және жергілікті қаржылар қатаң шектелген. Жергілікті билік қаржы шығындарының бағытын өзі дербес анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]