Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі

2.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс.

Жиынтық сұраныс – бұл тұтынушылар кез келген мүмкін болатын бағамен сатып алуға даяр ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтық сұраныстың моделін графикте көрсететін болсақ, онда ол баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі арасындағы байланысты сипаттайтын кері ылдыйы бар қисық ретінде көрсетілген (11.1 сурет).

11.1 сурет - Жиынтық сұраныстың қисығы

Тұтынылатын (сатып алынатын) ЖҰӨ динамикасына бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныстың көлемінің өзгеруі арқылы бағалық факторлардың қозғалысы анықталады. Ал бұл жоғарыда көрсетілген графиктегі AD қисығының бойымен қозғала отырып өзгереді. Бағалық емес факторлар жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы AD қисығын солға немесе оңға жылжытады. Жеке тауарларға (тұтынушылар табысы, талғамы, алмастырушы тауарлар бағасы) деген сұранысты анықтайтын бағалық емес факторлар агрегатты деңгейде де ықпалын тигізеді.

Жиынтық ұсыныс – әрбір бағаның мүмкін болатын деңгейінде өндірістің нақты, яғни қолдағы бар көлеміне тең экономикалық агрегат.

Жиынтық ұсыныстың үлгісі графикте бағамен ұлттық өнім көлемінің арасындағы тура байланысты көрсететін қисық түрінде берілуі мүмкін (11.2 сурет).

11.2 сурет - Жиынтық ұсыныстың қисығы

Мұндағы AS-қа, жеке тауар нарығындағы ұсынысқа әсер ететін факторлар (өндірістік технология, шығындар және т.б.) ықпалын тигізеді.

Бағаның тепе-тең деңгейі мен өндіріс көлемінің тепе-теңдігі жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңдігін анықтайды. Бұл тепе-теңдік графикте AD мен AS қисықтарының қиылысу нүктесімен суреттеледі (11.3 сурет).

11.3 сурет - Макроэкономикалық тепе-теңдік

Жиынтық сұранысты экономиканың секторларына сәйкес бөлу бойынша мына құрылымы анықталады:

  1. Үй шаруашылықтарының жиынтық сұранысы (немесе тұтыну (С));

  2. Кәсіпкерлердің капиталды құрал-жабдықтарына деген сұранысы (немесе инвестициялар (I));

  3. Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге деген сұранысы (немесе мемлекеттік сатып алу (G));

  4. Шетел азаматтарының отандық тауарларға деген сұранысы мен отандық азаматтардың шетел тауарларына деген сұраныстың арасындағы айырмашылығы (немесе таза экспорт (Х));

Басқаша айтқанда, AD = соңғы өнімге деген сұраныстың жалпы сомасы = C + I + G + X = ЖҰӨ.

Жиынтық ұсыныс деп кәсіпкерлік және мемлекеттік секторларының сатуға дайындаған соңғы тауар мен қызметтерінің жалпы сомасының ақшалай түрдегі көлемін түсінеміз. Олай болса, жиынтық ұсыныс ЖҰӨ-ге тең болады (AS = ЖҰӨ), немесе, есептеген кездегі байқалмайтын айырмашылықтарды ескермегенде, жалпы ұлттық табысқа тең болады.

2.3.Акселератор, мультипликатор түсінігі.

Макроэкономиканың қызмет ету туралы Кейнстік түсінік «мультипликациялық» эффект теориясында орын алды. Кейнс теориясында мультипликатор дегеніміз инвестиция өзгерісінен табыстар өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент.

Экономика тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнстік теория инвестиция өскенде, ЖҰӨ бастапқы қосымша инвестицияға қарағанда әлде қайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардың мультипликациялық (өспелі) эффектіге жеткізетіндігінен шығады. Алғашқы эффекттен басқа, екінші, үшінші және т.б. эффектілер құбылысы пайда болады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмысбастылықты көбейтеді. ЖҰӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш эффект мультипликациялық эффект деп аталады. Мультипликатор - инвестиция көлемі ұлғайғандағы ЖҰӨ-ның өсу шамасын көрсететін сандық коэффициенті. Ол ЖҰӨ өсімшесінің инвестиция өсімшесіне қатынасы арқылы анықталады.

Акселератор. Тұтыну заттарына деген сұраныстың өсуі машиналар мен жабдықтарға деген сұраныстың бірнеше мәртеге өсуіне алып келетін жалғаспалы реакцияны туғызады. Бұл заңдылық акселератор эффекті деп сипатталады (акселертор - жылдамдаушы).

Тұтыну заттарын өндірудің қажетті деңгейіне жету үшін экономикада өндіріс жабдықтарын дайындауда алдын ала шығындар жасалады. Тұтыну заттарына сұраныстың әрбір өсуі өндіріс жабдықтарын өндіруді одан аса кеңейтуге алып келеді де, нәтижесінде олардың арнайы бөлігі нарықта артық болып қалады. Акселераторды инвестициялар мен тұтынушылық сұраныстың (дайын өнім) немесе ұлттық табыстың өсуінің арасындағы қатынас ретінде қарастыруға болады:

v =

Бұл жерде v - акселератор, І – инвестициялар, Y – табыс (немесе тұтынушылық cұраныс), t – инвестиция жасалған жыл.

2.4. ЭМР-дің принциптері (қағидаттары). ЭМР-дің әдістері.

ЭМР-дің принциптері:

- проблеманы толық шешу сәттілігің қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын басымдық сұрақтарды бөлу;

- халық шаруашылығын басқаратын барлық деңгейдегі жүйелердің тиімді үйлесімділігі (пропорциональность) және теңгерімділігі (сбалансированность);

- мемлекеттік реттеудің мақсаттар деңгейіне және сипаттамасына сәйкес келетің құралдарты таңдау;

- реттеу объектісіне кешенді (комплексный) көзқарас.

ЭМР-дің әдістері.

Мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді.Тікелей әдістерге жататындары: әкімшілік-құқықтық реттеу (экономиканың құқықтық негіздерін құру, монополияға қарсы саясат), қоғам өмірінің маңызды сфераларын басқару (қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, білім беру, денсаулық сақтау, ұлттық музейлер, парктер, жолдар және т.б.), мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік инвестициялар және мемлекеттік тапсырыстар. Жанама әдістерге жататындары: қаржы саясаты, ақша-несие саясаты, инвестициялық саясат, әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат.

3-тақырып. ЭМР-дің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

    1. ЭМР-ді ұйымдастырудың теориялық негіздері.

ЭМР-ді ұйымдастырудың теориялық негіздеріне келесі жатады:

1. Мемлекеттің функционалды қызметінің ерекше сферасына әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды және халық шаруашылықтың басымдықты ғылыми негіздеу жатады. Мемлекет мақсатталған қызметің келесі факторларды есепке алып іске асырады:

- экономикалық саясаттың іске асыру тактикалық негіздері мен стратегиялық бағыты;

- мақсатқа жету процессінің материалдық, қаржылық және интеллектуалды ресурстармен қамтамасыздандырылғандығы;

- дүниежүзілік шаруашылық процестермен ұлттық экономиканың интеграциясының дуңгейі және сипаттамасы.

2. Ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатты жүзеге асыру бұл мақсатты кіші немесе қысқа мақсаттарға бөлуді болжайды. Бұл бөлу мазмұны бойынша (Мысалы, жалпыэкономикалық, әлеуметтік, аймақтық және т.б.) немесе мерзім бойынша (Қысқы мерзімді, орта мерзімді) жасалады.

3. Әрбір мақсат орындалу үшін уақыт керек. Сондықтар ғылымдар «кешігу» эффектің еске алу керек дейді. Бұны лаг деп атайды. Лившиц бес лаг бөледі: проблеманы мойындау лагы, шешім қабылдау лагы, саяси мақсаттарының иерархиясын анықтау (подцелей) лагы, шешімді іске асыруды бастау лагы, реттеу құралдын мақсатқа әсер тигізу лагы.

4. Мемлекет экономикалық және әкімшілік әдістердің қатынасың дұрыс табу керек. Макродеңгейдегі реттеу көбінесе әкімшілік әдістеріне негізделеді, микродеңгейдегі реттеу экономикалық әдестерге негізделуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]