Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

8.3Жұмысбастылық саясаты. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу бағыттары.

Жұмысбастылық саясаты еңбекке жарамды тұрғындарды табыс әкелетін қоғамдық-пайдалы қызметке тарту бойынша әлеуметтік-экономикалық қатынастарды білдіреді. Жұмыс бастылық экономиканың және халықтың әл-ауқаттылығының манызды сипаттамасы болады.

Тұрғындар – тарихи қалыптасқан және адам өмірін қайта қалыптастыру үрдісінде жаңғырылып отыратын, әрі қоғамның басты құраушысы болатын адамдардың жиынтығы. Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді – еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша жарамды, жұмысқа қабілетті жасындағы адамдар жиынтығы. Еңбекке қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады, яғни қоғамдық өндіріске қатысуға дайын немесе оған қатысып жүрген бөлігі. Еңбек ресурстары құрамында табыс әкелетін қызметтегі экономикалық белсенді тұрғындар, және ақылы жұмыс іздеп жүргендер жұмыссыздар кіреді.

Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында еңбек ететін адам санымен және оларды еңбек ету сфераларға бөлумен сипатталады.

Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыс бастылықсыздығы. Қазақстан Республикасының жұмыс бастылық туралы заңға сәйкес, өздеріне байланысты емес себеп-салдардан еңбек ақы алмайтын, мемлекеттік жұмысбастылық қызметінде есепке алынған, жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істейтін орыны жоқ азаматтар жұмыссыздар деп саналады.

Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:

  1. Циклдық жұмыссыздық. Дағдарысқа байланысты жұмысшы саны жұмыс орындардан едәуір көп болғанда қалыптасады.

  1. Фрикциондық жұмыссыздық. Жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты ауысуымен байланысты (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық игеру, оқу, балаларға күтім жасау және т.б. байланысты).

  1. Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгеруін туғызатын өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орнына бұрыннан қалыптасқан жұмыс күшінің құрылымының сәйкес келмеуі. Бұл жағдай өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға әкеледі.

Нарық экономикасында толық жұмыс бастылығы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болғанда есептеледі. Бұл жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Циклдық жұмыссыздықта толық жұмыс бастылық бұзылады.

Жұмыссыздықтар көрсеткіштері:

  1. Жұмыссыздық деңгейі – пайыз түріндегі жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы.

  1. Жұмыссыздық ұзақтығы.

Оукен заңы жұмыссыздық пен экономикалық белсенділіктің сандық өзара байланыстылығын сипаттайды. Осы заңға сәйкес ЖҰӨ-нің жыл сайынғы өсімі 2,7 %-ға тең болса, жұмыссыздық деңгейі бір қалпында қалады. ЖҰӨ-нің қосымша 2 %-ға өсімі жұмыссыздықтар үлесің 1%-ға төмендетеді. Дәл сол сияқты, әрбір ЖҰӨ өсімінің 2% төмендеуі жұмыссыздық деңгейің 1% көбейтеді.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағдарламаларың атауға болады:

  1. Жұмысбастылықты өсіруді және мемлекеттік сектордағы жұмыс орынын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары;

  1. Жұмыс күшін дайындау және дамыту бағдарламалары;

  1. Жұмыс күшін жалға беруге жәрдемдесу бағдарламалары;

  2. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.

Жұмысбастылық саясатының осымен байланысты келесі бағыттарын ажыратады:

- жұмыс орындарының тапшылығын балансланған инвестициялық, құрылымдық және салықтық саясатты жүргізу арқылы жою (мемлекеттік тапсырыстар, өндіріске салық, несие женілдіктері, субсидиялар;

- шағын және орта бизнесті қолдау;

- мемлекеттік қаржыландыру арқасында қосымша жұмыс орындарын қалыптастыру;

- жұмысбастылықтың икемді (гибкие) түрлерің қалыптастыру;

- атаулы әлеуметтік колдауды күшейту;

- үздіксіз білім беру жүйесің ары қарай дамыту;

- жұмыс орның тиімді пайдалану;

- негізделген миграциялық саясат;

- жұмыссыздықты азайтуға бағытталған бағдарламаларды қабылдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]