Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

3.Мемлекет функциялары.

Мемлекеттің экономикадағы рөлі оның қызметтерінде нақтыланады. Бұл қызметтер айтарлықтай көпжақты, оның ішінде ең маңыздысы мыналар:

1. Экономиканың құқықтық негіздерін дайындау және бекіту, яғни мемлекет парламент пен үкіметтік құрылымдар негізінде кәсіпорындар мен тұрғындар үшін рыноктағы «ойын ережесін» анықтайды.

2. Макроэкономикалық дамудың басымдылығын анықтау, яғни мемлекет бүгінгі күні ел үшін не маңызды, ол қанша ресурстарды қажет ететінін, қайтарымы қаншалықты тез болатынын, қабылданған шешімдердің әлеуметтік, экологиялық, микрошаруашылықтық нәтижелері қандай болатынын анықтайды.

3. Әлеуметтік құндылықтарды іске асыру, табыстарды прогресивті салық және трансферттік төлемдер арқылы қайта бөлу.

4. Қоғамдық игіліктерді өндіру, өйткені рынок кейбер жағдайда қабілетсіз болады, мысалы, қорғаныс мақсатындағы тауарларды өндіру, құқық қорғау органдарды, жол құрылысын және т.б. дамыту.

5. Сыртқы эффектілердің орнын толтыру. Сыртқы эффект (экстерналий) – бұл игілікті өндіру мен тұтынумен байланысты, бірақ осы рыноктық мәмлеге қатысы жоқ адамдарға түсетін пайда мен шығындар.

6. Трансакциондық шығындарды минимизациялау. Трансакциондық шығындар өндіріспен емес, оған ілеспелі шығындармен байланысты (баға туралы ақпараттарды іздеу, әріптестерді таңдау бойынша, шартқа отыру бойынша, меншік құқығын қорғау бойынша және т.б.)

7. Экономикалық қызметті реттеу: экономикалық өсуді ынталандыру қызметі және тұрақтандыру қызметі.

Батыстың «Экономикс» оқулығында осы қызметтердің барлығы үш жаһандық қызметтерге түйіндестірілген – тиімділік (мемлекет өндірістің тиімді қызмет істуіне жағдай жасауға тиісті); әділдік (салық арқылы табыстарды қайта бөлу, қарт, еңбекке жарамсыз адамдарды және т.б. қолдау, еңбек рыногын реттеу, жұмыссыздарды материалдық қамтамасыз ету, жалақының минималды деңгейін анықтау); тұрақтылық (тұрақтылықты қолдау, экономикалық конъюнктураның тербелістерін жұмсарту).

4.ЭМР-дің объектілері мен субъектілері.

ЭМР-дің объектілеріне жатады:

- экономикалық циклдар;

- жиынтық сұраныс;

- жиынтық ұсыныс;

- ақша айналымы;

- баға деңгейі;

-жұмыс бастылығы, тұрғындардың табыстары;

- инвестициялық белсенділік;

- әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқыны және пропорциялары;

- бәсеке жағдайы;

- сыртқы экономикалық байланыстар;

- төлемдік баланс;

- қоршаған орта;

- әлеуметтік қатынастар және т.б.

ЭМР-дің субъектілері.

Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Субъектілердің іс–әрекеттік сипаттары әртүрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйсене алады, олардың заң қабылдау билігі жоқ.

Мемлекет экономикалық саясаттың субьектісі ретінде. Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып белгіленеді немесе қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы – үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне (институттарына) бөліп береді.

Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдық – саяси типіне байланысты. Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субьектілік деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.

Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субьектілері.

Оларға белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын әртүрлі бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және кәсіпкерлердің әртүрлі одақтары.

Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі, өзінің маңыздылығы бойынша, мемлекеттік буындардың рөлінен кем емес. Мұның себебі – белгілі топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік құрылымдарына салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде. Жеке меншік экономика секторының мүдделері мен мемлекет арасында ашық айтыстар жиі болып тұрады. Олардың әрқайсысы өз мүддесін экономикалық саясатта іске асыруға ұмтылады. Бұл тартыста мемлекеттің (үкіметтің) жағдайы әрқашан өзгелерден артық бола бермейді. Кәсіпкерлер одақтары қоғамдағы өздерінің атақ – беделін, тамыр – таныстық байланыстарын жұмсап және реклама, газеттер мен телевидение арқылы мамандардың жеке пікірлерін тез әрі кең түрде таратып, өз мүдделеріне сәйкес қоғамдық пікір қалыптастырып, жалпы мемлекеттік саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекет органдарына сайлау науқасына қатысып, өздерінің сенімді адамдарын немесе өкілдерін билік органдарына өткізеді; жеке парламент мүшелеріне қысым жасап, оларға өз мүдделерін жүктеп, салмақ салады. Осының барлығы экономикалық саясатқа ықпал ету үшін жасалады. Сондықтан, қоғамдағы бар топтық мүдделердің толық жиынтығын мемлекет тарапынан тұрақты түрде есепке алу қажет болады. Мемлекет пен жеке экономикалық одақтардың мүдделерін келістіру нұсқаларының бірі – белгілі қызметтік міндеттерді шешу құқығын осы одақтарға бөліп беру. Мысалы, Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылық одақтарына аграрлық саясатты нақты іске асыру міндеті жүктелген.

Мемлекет жалпы қоғам мүдделерін іскерлік топтар мүдделерімен сәйкестендірудің басқа да жаңа жолдарын үздіксіз іздестіруі қажет.

Мысал ретінде үш жақты тарифтік келісім – шарт жасау жүйесін алуға болады: онда мемлекет, кәсіподақтар және кәсіпкерлер одақтарының өкілетті өкілдері бірігіп ортақ шешім қабылдайды.

Экономикалық саясатты жүргізу процесінде тікелей қатысатын мемлекеттік институттар мен экономикалық одақтардан басқа, саяси – экономикалық шешімдердің қабылдауына жанама ықпал жасайтын қоғамдық құрылымдар мен ұйымдарды да айтуға болады. Бұл жерде саяси ұйымдар, партиялар, ақпарат құралдары, қоғамда белгілі және беделді тұлғалар, сарапшылық кеңестер және қоғамдық пікір туралы сөз қозғалып отыр. Осы субьектілердің экономикалық саясатқа ықпал жасау сипаты мемлекеттің саяси құрылымына, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты келеді.

2-тақырып. ЭМР-дің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]