Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

2.1.Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы.

Ұдайы өндіріс - өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы. Өндіріс фазалары: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс фазасы өндіріс құралдары мен еңбек құралдарының бірігуін көрсетеді.

Бөлу фазасы сала бойынша өндіріс факторларының және өнімнің бөлінуін көрсетеді.

Айырбас – өндірушілердің өз еңбек өнімдерін айырбастауы.

Тұтыну - жасалған игіліктерді адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану.

Ұдайы өндірістің түрлері: қарапайым және ұлғаймалы.

Қарапайым ұдайы өндіріс – өзгермейтін масштабта жылдан жылға өндірістің қалпында қалуы, ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – өндірістің жыл сайын өсуі.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті типтері бар. Экстенсивті типі өндірістегі еңбек және материалдық ресурстардың сандық өсуіне негізделген. Интенсивті тип жетілген өндіріс факторлары есебімен жүреді.

Макроэкономикалық жағынан қарағанда ұлттық экономиканың құрылысы келесі нақты құрастырылған қатынастар жүйесімен сипатталады:

- елдегі өндіріс ресурстары арасындағы;

- қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделу арқылы бөлінген экономикалық агенттер арасындағы ресурстардың бөлінуі;

- осы агенттердің өндіріс көлемі арасындағы;

- өнімнің өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процессінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрылымдық бөлімдері арасындағы.

Экономикалық құрылысының қалыптасуына көптүрлі факторлар әсерін тигізеді:

- қалыптасқан рынок конъюнктурасы;

- рынок монополизациясының деңгейі мен сыйымдылығы;

- ұлттық экономиканың дүние жүзілік байланыстар жүйесіне қатысу дәрежесі;

- өндіргіш күштердің даму деңгейі;

- ҒТП-тің масштабы, сипаты және даму темпы,

- өндіріс ресурстарының сапасы;

-территорияның көлемі және инфрақұрылымдық қамтамасыздығы.

Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің арасындағы сандық қатынастар пропорциялар деп аталады. Біріктіру дәрежесі бойынша олар келесідей бөлінеді:

1) жалпы пропорциялар, яғни қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымының есебінсіз қалыптасатын агрегаттар арасындағы пропорциялар (ЖҰӨ-мен ұлттық табыс арасында, тұтыну мен жинақтау арасында, инвестициялық және тұтыну сұранысы арасында және т.б.);

2) қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорциялар.

Екінші топтың құрамында мыналар бөлінеді:

- сала аралық пропорциялар, яғни өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және өндіріс пен қаржы ресурстарының салалық бөлінуінің құрылысын сипаттайтын ұлттық өндірістің әртүрлі салалары арасындағы пропорциялар;

- ішкі салалық пропорциялар, яғни сала ішіндегі өндірістер арасындағы сандық қатынастар (мысалы, мақта мен жүн, мұнай мен мұнай өнімдері өндірісі),

- аймақтар арасындағы пропорциялар, яғни елдегі өндірілген және пайдаланған ұлттық табыстың құрамындағы жеке аймақтардың салыстырмалы салмағын, мемлекеттік инвестицияларды ел территориясына бөлу құрылысын және басқаларды сипаттайтын пропорциялар;

- мемлекеттер арасындағы пропорциялар, яғни экспорт пен импорт арасындағы, әртүрлі елдердің жеке өндіріс салалары арасындағы, әртүрлі елдердің еңбек өнімділігі деңгейі және т.б. арасындағы сандық қатынастар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]