Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

4.2Ауыспалы экономиканың заңдылықтары.

Ауыспалы экономиканың заңдылықтары: либерализация, жекешелендіру, нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, демонополизация және бәсекені мадақтау және т.б.

  1. Либерализация—бұл шаруашылық субъектілердің экономикалық

қызметтерінің еркіндігін кенейту, жеке бастамаға (инициатива) қойылатын шектеулерді азайту немесе жою процессі. Сонымен бірге ол – барлық экономикалық сфераларда мемлекеттік бақылауды шектеу процессі.

Либерализацияның келес түрлерің бөледі.

1. Ішкі экономикалық;

2. Сыртқы экономикалық.

Ішкі экономикалық либерализация келесіні болжайды:

- мемлекетік басқаруды жекешелендіру арқылы азайту; директивті жоспарлауды және мемлекеттік міндетті тапсырыстарды жою,

- еркін қойылатын бағалар сферасын кенейту;

- табыстар көлемің, пайыз ставкаларды, несие беру шарттарды еркін анықтау.

Сыртқы экономикалық либерализация – бұл тауар, қызмет, капиталдар, ақпараттың еркін халықаралық көшуі.

2. Жекешелендіру.

3.Экономиканың демонополизациясы және бәсекелік ортаны құру. Бұл процесс барлық агенттердің іскерлік белсенділігіне тең мүмкіндіктер мен жағдай жасауды болжайды (шетелдік бәсекелестер рыногына кіруді қамтамасыз ету, шағын бизнесті қолдау, салаға кіру барьерлерді азайту және т.б.).

4. Экономика құрылымын қайта құру. Бұл процесс салалық құрылымдағы кездесетін диспропорцияларды жоюға немесе жұмсартуға бағытталған.

5.  Макроэкономикалық тұрақтандыру (көбінесе қаржылық). Бұл процесс инфляцияны азайтуға, ақша эмиссиясына шек қоюға, мемлекеттік бюджетті реттеуге бағытталған.

6.  Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың күшті жүйесін құру. Бұл процесс ең кедей топтарды атаулы (адресная) әлеуметтік қолдау жүйусіне көшуді болжайды және нарық жағдайына тұрғындардың бейімделуіне (приспособиться) көмектеседі.

7.  Экономиканы институционалды қайта құру. Бұл процесс жеке секторды құру, рынок инфрақұрылымын құру, мемлекеттің экономиканы реттеудің жана жүйесің құру, рынок қатынастарына сәйкес шаруашалық заңдылықтарды қабылдауды қосады.

4.3Нарық: түсінігі, құрылымы, түрлері.

Рынок – бұл тауар айналымының сферасы, тауарды сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Рынок жалпы бай, әрі күрделі құрылым. Оны белгілері және критерийлері бойынша бөлуге болды:

Рынок қатынастарының объектілерінің экономикалық мақсаты бойынша:

1)Тұтыну тауарлары мен қызметтер рыногі;

2) Өнеркәсіпке арналған тауарлар рыногі;

3) Ноу-хау рыногі;

4) Шикізат рыногі;

5) Еңбек рыногі;

6) Құнды қағаздар рыногі және т.б.

Географиялық орналасуына байланысты:

1) Жергілікті рынок;

2) Ұлттық рынок;

3) Әлемдік рынок.

Салалық бағыт бойынша – автокөлік, мұнай, инвестиция, компьютер рыногі және т.б.

Тауарды сату бойынша – бөлшек және көтерме рыногі.

Бәсеке шектеулігіне байланысты – жетілген бәсеке рыногі мен жетілмеген бәсеке рыногі (монополистік бәсеке рыногі, олигополия, монополия).

Жетілген бәсеке рыногының ерекшелігі:

  1. Тәуелсіз фирмалардың көптігі;

  2. Бағаны қадағалау жоқ. Бағаны рынокбелгілейді;

  3. Тауар дифференциациясыжоқ. Сапасы мен құрылымы бойынша тауарлардың айырмашылығы жоқ;

  4. Нарыққа еркін кіруге және шығуға болады.

Монополистік бәсеке рыногының ерекшеліктері:

  1. Тауарлардыөндіретінфирмалардың көптігі;

  2. Бағағаәсер жоқ;

  3. Спецификалық рыноктатауар мен қызметтің дифференцациясы;

4. Рынокқаеркін кіруге және шығуға болады.

Олигополия рыногының ерекшеліктері:

  1. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді өндіретінірі фирмалардыңбірнешеу болуы (3-5);

  2. «Баға лидерінің» әсері;

  3. Кейбір тауарлардыңдифференциациясы бар;

  4. Рынокқа кіру қиын.Көпинвестицияларды қажет етеді.

Монополия рыногының ерекшеліктері:

  1. Бір өнім мен бір ірі фирма;

  2. Баға үстінен толық бақылау;

  3. Тауар дифференциациясы жоқ;

  4. Нарыққа кіру өте қиын.

Нарық механизімінің негізгі элементтері:баға, сұраныс, ұсыныс және бәсеке.

Баға – тауар құнының ақшалай түрі.

Бәсеке – капиталды салу жағдайындағы ең жоғары пайда алу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес.

Рынок инфрақұрылымы – рынокқа қызмет ететін түрлі ұйымдар, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар жиынтығы. Тауар рыногының инфрақұрылымы құрамына көтерме және бөлшек сауда, аукцион, жәрмеңкелер, тауар биржалары, сауда үйлері, сыртқы сауда фирмалары мен ұйымдары кіреді. Қаржы нарығының инфрақұрылымына барлық банк жүйесі, сонымен қатар коммерциялық банктер, валюта және қор биржалары, брокерлік және сақтандыру компаниялары, нарық шаруашылығындағы қаржы-несие қызмет көрсету орталықтары жатады. Еңбек нарығының инфрақұрылымына жұмысқа орналастыру орталықтары, немесе еңбек биржасы, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс есебінің жүйесі, мамандарды қайта дайындау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, пособияларды тағайындау, жұмыс күшінің миграциясын қадағалау орындары және т.б. жатады.

Рынокартықшылықтары:

  1. Ресурстардытиімдібөлу;

  2. Ақпараттың шектеулігіне қарамастан, рыноктың табысты қызмет етуі;

  3. Шарттардың өзгеруіне икемділігі мен бейімділігі;

  4. Ғылыми-техникалықреволюция нәтижелерін тиімді пайдалану;

  5. Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің таңдау және әрекет еркіндігі;

  6. Тауар және қызмет сапасының жоғарылауынан әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігі.

Рыноккемшіліктері:

  1. Қайта өндірілмейтін ресурстарды сақтауды қамтамасыз ете алмауы;

  2. Қоршаған ортаны қорғауға экономикалық механизмнің жоқтығы;

  3. Жалпы адам ресурстарын пайдалануды бақылай алмайды;

  4. Ұжымпайдаланудағы тауар мен қызмет өндірісінынталандырмайды;

  5. Еңбек және табыс құқығына кепіл бермейді;

  6. Ғылымда фундаментальді зертеуді қамтамасыз ете алмайды;

  7. Тек ақшасы бар тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған;

  8. Инфляциялық процесстерге байланысты даму тұрақсыз;

Барлық осы проблемаларды мемлекет шешеді.

5-тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]