Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istoria_Shpor.docx
Скачиваний:
147
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
321.74 Кб
Скачать

1. Қазақстан тарихы пәні. Оны оқытудың мақсаты мен міндеті.Деректану және тарихнама.

Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

Деректану пәні. Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Тарихи деректердің анықтамасы Деректану реальды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары: - шығармалар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.

тарихнама пәні – тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымының әр кезеңдердегі дамуының әлеуметтік жағдайы зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, ұлт-азаттық қозғалысты, ежелгі және орта ғасырлар тарихы, еуропа елдері және Америка тарихының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан тарихының әр кезеңдерін сараптайды.  Бағдарламада пәннің теоретикалық және тәжірибелік бөлімдерінің мазмұны ұсынылған әдебиеттер тізімі қамтылған. Тарихнама пәнінің мақсаты тарих ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерінің, орта ғасыр, жаңа дәуірдегі шетелдік тарихнаманың негізгі мәселелерін оқып білу. Қазақстан тарихнамасын зерделеу, негізгі тарихи мәселелер бойынша жарық көрген монографияларға талдау жасау.  Тарихнама пәнінің міндеті студенттерге тарихнама ғылымы туралы негізгі теориялық, методологиялық концепцияларды таныстыру. Шетелдік тарихнаманың қалыптасуы және даму тарихын, негізгі тарихи ой-пікірлерді оқыту. Қазақстан тарих ғылымының негізгі басымдықтары, проблемалары, тарихи білім берудің келешегі, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарасты қалыптастыру.

2-сұрақ(Тас дәуіріндегі Қазақстан)Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат яқоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады.Тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.1) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл. 2)Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.3) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.4) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.10-мыңжылдық.Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар.Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғышарттары қалыптаса бастады.Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Олдувайлық мәдениет - бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты. Сонғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қогамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналык жүйелі және аналык тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды.Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын ролінен келіп шыққан еді.Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала бастады. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азаяды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Соңгы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығьшан қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады\

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]