Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istoria_Shpor.docx
Скачиваний:
148
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
321.74 Кб
Скачать

12.Оғыздар

Оғыздар – (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді. Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. 7 ғасырдың басында Түрік қағандығы құрамында тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азиянықоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері менСырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түрік-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстанаумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты.

Оғыздардың саясаты

Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп,Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі. Оғыздардың құлдырауы[өңдеу]

X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. [[]Жабу]]лардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқкөсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі огыз жабғуларының соңғысы — салжұқтардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]