Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istoria_Shpor.docx
Скачиваний:
148
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
321.74 Кб
Скачать

2050 Жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:

Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.

Бюджет саясаты

 Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет.

Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс.

Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.

Инвестициялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке масыл боларын есте сақтаған жөн.

Салық саясаты

 Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек.

Біз салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз. Салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту қажет.

Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыруымыз қажет.

Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағы бес жылда бәріміз онлайн-электрондық есептілік режіміне көшуіміз керек.

2020 жылдан бастап біз салықтық несиелендіру практикасын енгізуіміз керек. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.

Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс. Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет.

Осылайша, бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді ынталандыруы және сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал азаматтар деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын және салымдарын ынталандыруға тиіс.

Ақша-кредит саясаты

101. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.)

 Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді

102. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық байланысы.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды: 1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы. 2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау. 3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту. 4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру. 5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.

Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды. Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды.

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған. 

103. Егемен Қазақстанның ішкі саясаты. Демократиялық қатынастардың дамуы.

Қазақстанның ішкі саясаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады:

1.Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар:

Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді.

Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды.

Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.

Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген.

2.Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саясат демократиялық сипатта болғандықтан, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасқан болатын. Себебі елдегі билік етуші үкіметтің саясатын бақылап отыру үшін халық бірнеше оппозициялық саяси партияларды құруы тиіс. Бүгінде елімізде билік тізгінін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқарып отырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ұстап отыр. Сонымен қатар елімізде «Ақжол», «Руханият», «Қазақстанның коммунистік париясы» , т.б. ірілі-ұсақты оппозициялық саяси партиялар да бар.

3. Қазақстанның алға дамуын әрі қарай ілгерілету мақсатында Елбасымыз алдағы жылдарда жүргізілетін саясаттың бағыттарын айқындау үшін 1997 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы стратегияның маңызды басымдықтарына шолу жасап кетер болсақ:

Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыта отырып, әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет,төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайта отырып, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асыру қажет.

Макроэкономиканы тұрақтандыра отырып, сауда мен өндіріске мемлекеттің жиі араласуын тежеу арқылы және тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету мақсатында өндірісті диверсификациялау көмегімен Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясын жүзеге асыру қажет.

Сонымен қатар әлеуметтік стратегияны, ресурстарды дұрыс пайдалану стратегиясын, көлік пен байланысты дамыту стратегиясын, басқару саласындағы стратегияны және де қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында алға біршама тапсырма қойылып отыр.

4. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты туралы сөз қозғай отырып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы туралы сөз қозғамай кету мүмкін емес. Елбасымыз алдағы онжылдықта экономиканы дағдаарыстан кейінгі дамуға әзірлеу қажет екендігін, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканық тұрақты өсуіне қол жеткізу керек екенін, адам капиталының қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау қажетін, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз ету қажетін, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін айтып өткен еді. Еліміздің экономикасын өрге өрлету үшін экономиканы әртараптандыру, сауатты сауда саясатын жүргізу, экономикаға инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару – аталмыш жоспарда ел экономикасын дамытуға бағытталған алға қойылған мәселелер болып табылады.

Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі Принциптері:1)Билік органдарын сайлау.2)Биліктің бөлінуі.3)Саяси пікірдің әртектілігі.4)Бостандық, жауапкершілік бірлігі. Заң. 1)Қоғамдық пікірді ескеру.2)Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.3)Жариялылық. Жүзеге асыру формалары 1)Сайлау өткізу, есеп беру.2)Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.3)Референдум өткізу.4)Митинг, жиналыс.5)Съезд, конференция, пленум.6)Шеру, бойкөрсетулер.7)Сессия8)Шетелге сапарлар.9)Ереуілдер

104. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —    1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақүрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кэсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика қүруда біршама жүмыстар атқарылды.

кономикалық рефорамлар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.

Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.

Жекешелендірудің мақсаты : 1. Кәсіпкерлікті дамыту. 2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. 3. Еркін баға орнату. 4. Жеке меншік секторлар құру. 5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері: 1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу. 2. Жекешелендіру. 3. Кәсіпкерлікті дамыту. 4. Монополияны жою. 5. Бағаны босату. 6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге шыру.

105. Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайы және мәдениеті.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымдар өзгерістер

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі(1999) ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен[1] құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

Агенттіктің негізгі міндеттері: мемлекеттік саясат жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару; ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету; мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету; елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау. Агенттік облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 18 қаңтардағы қаулысымен[3] агенттіктің ақпараттық-статистикалық орталықтары-мемлекеттік мекемелері оларды ақпаратты жинау жөніндегі функциясын агенттікке бере отырып, оның аумақтық органдарына қосу арқылы қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 10 қазандағы қаулысымен[4] агенттіктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесінен ақпараттық-статистикалық орталықтар-мемлекеттік мекемелері шығарылды

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда «әлеуметтік құрылым” ұғымы «әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. «Әлеуметтік құрылым” түсінігі «әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады – әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, «әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

Мәдениет

Еліміздің мәдени өмірінің дамуыны өз үлесін қосып келе жатқан көптеген мұражайлар мен галереялар бар. Бүгінгі таңда республикамызда 103 мемлекеттік әр бағыттағы, яғни тарихи-ө өлкетану, көркемсурет, әдеби мемориалдық, музыкалық мұражайлар бар.

Астана еліміздің басты мәдени орталығына айналып келеді. Жаңа астанамызда Президенттік мәдени орталықтың шаңырақ көтеруі оның өміріне үлкен жаңалық әкелді. Бұл орталықтың өзгешелігі-өз құрамында мұражай, орталық кітапхана және концерттік залдың болуы. Бұл ТМД мемлекеттеріндегі осы үлгідегі алғашқы орталық. 106.2014 – 2015ж Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]