Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТехПр / vtpo.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
845.82 Кб
Скачать

3. Пәннің атауы: Ақпараттық технологиялар

Пререквезиттер: «Информатика», «Алгоритмдеу және программалау»

Постреквизиттер: «Жобаларды басқаруды программалық қамсыздандыру», «АЖ-ді жобалау»

«Ақпараттық технологиялар» курсының мақсаты мамандық бойынша студенттердің мемлекеттік білім беру стангдартына сәйкес білім алуын қамтамасыз ету, олардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Мәліметтер базасын жобалаудың теориялық негіздерін, жобалау әдістерін, жалпы принциптерін игеруге үйретеді.

«Ақпараттық технологиялар» пәнінің негізгі міндеті:

  • Ақпараттың структуралық, статикалық, семантикалық өлшемдерін үйрену;

  • Энтропия мен ақпарат санын есептеу;

  • Шулы байланыс арасында ақпараттық жоғалтуларды анықтау;

  • Белгінің берілу жылдамдығын, ақпаратты беру жылдамдығын есептеу және арнаның өткізу қабілеттілігін анықтау;

  • Оңтайлы кодтар құру, мәлімет шығынын есептеу, шығын кодының жиынын құра білуі қажет.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Ақпараттың мөлшерлік сипаттамалары және оларды бағалау тәсілдері. Өңдеу процесінің моделі. Жіберу процесінің моделі. Жинау процесінің моделі. Білімді көрсету моделі. Жүйелік тәсіл басымдылығы. Ақпараттық процессті. Жүйелік тәсіл басымдылығы. Ақпараттық процессті ұйымдастыру негізі ретінде ашық жүйелердің өзара әрекетінің эталонды моделі.Физикалық деңгей. Модуляция-демодуляция негізінде сигналдарды түрлендіру. Ақпаратты кодтау-декодтау. Желілік деңгей. Ақпараттық ағымды ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялар дамуының инновациялық бағыттары.

Бағдарламаның жетекшілері: Махамбаева Индира Өтепбергенқызы

Иманова Жанар Умирбековна

Пәннің атауы: Ақпараттық жүйелерді жобалау

Пререквезиттер: « Математикалық талдау», «Ақпараттану», «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Программалау технологиясы»

Постреквизиттер: «Компьютерлік тораптар»

Бұл пәннің мақсаты мен міндеттері қазіргі заманғы экономика – математикалық әдістері мен есептеу техникасын қолдануға негізделген БАӨКЖ жобалау принциптерін, күрделі жүйені талдау мен синтездеу концепциясын және әдістемесін меңгеру болып табылады.

«Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәнінің рөлі мен маңызы жаңа ақпараттық технологиялар ғасырында қарқынды түрде өсетін экономика мен өндірістің әртүрлі салаларынан құрылатын ақпараттық жүйелердің талаптарымен анықталады. Ақпараттық жүйелер тек күрделі ғана емес, сонымен бірге ақпаратты, мобильді, қорғану қабілеті пайдаланушының қолдануына қолайлы және жеңіл болуы керек.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер:

  • ақпараттық жүйелерді макро және микродеңгейде жобалау әдістемесін;

  • жүйелердің иерархиялық принциптерін ;

  • жүйелік талдау жасауды

білулері керек,

  • жобалаудың барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелерді тиімді жобалау мақсатымен жүйелерді тиімді декомпозициялау әдістерін қолдануды;

  • ақпараттық жүйлердің ұйымдастырушылық және функционалды құрылымдарын жобалаудың формальды әдістерін қолдануды;

  • күрделі жүйелердің эскизді жобалауын іске асыруды және жобаланған жүйенің сенімділігін мен сапасын бағалауды

игерулері керек,

  • жаңа ақпараттық технологияларды және жүйелерді жобалаудың инструментальды құралдарын қолдану арқылы ақпараттық жүйелерді жобалаудың барлық түрлерін қамтамасыз етуге

дағдыланулары керек

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясының негізгі түсініктері. Ақпараттық жүйелерді құру этаптары. Ақпараттық жүйелерді бағдарламалық жабдықтаудың өмірлік циклы. Өмірлік циклдың каскадтық, аралық бақылау, спиральдық модельдері. Ақпараттық жүйелерді құруды ұйымдастыру. Ақпараттық жүйелерді канондық жобалаудың этаптары. Ақпараттық жүйлерді пайдалану аймағы бойынша талдау және модельдеу. Берілгендердің құрылымдық модельдері. Ақпараттық жүйелер құру процессінің ағындық моделі. Референттік модельдер. Құрылымдық модель, ұйымдастырушылық құрылым түсініктері. Объектілік құрылым. Объектілі-бағыттау әдісі. Синтетикалық әдістеме. Модельдеудің Case-жабдықтары. BPwin ортасы. IDEFO диаграммалары. Тұтынушылардың анықтаушылық қасиеттері (UDP). Берілгендер ағынының диаграммалары (Data Flow Diagramming). Имитациялық модельдеу. Ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтары. Ақпараттық мәліметтер қоры және оны ұйымдастыру әдістері.Ақпаратты кодтаудың негізгі талаптары. Ақпараттық жабдықталудың модельдері. Берілгендердің логикалық және физикалық модельдерін құру. Ақпараттық жабдықталудың негізгі байланыстары. UML (Unified Modeling Language) визуальдық модельдеу тілі. Ақпараттық жүйелерді UML қолдану арқылы жобалаудың этаптары..

Бағдарламаның жетекшілері: Мырзаев Раматилла Сүлейменович

Иманова Жанар Умирбековна

Соседние файлы в папке ТехПр