Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТехПр / vtpo.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
845.82 Кб
Скачать

3. Пәннің атауы: Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету

Пререквезиттер: «Информатика»

Постреквизиттер: «Операциялық жүйелер», «Бағдарлама әзірлеудің құрал-жабдықтары»

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету» пәні – жүйелік бағдарламалардың қызмет ету принциптерін, негізгі сипаттамалары мен қолдану облыстарын зерттейтін пән.Курсты оқып білу нәтижесінде студент операциялық жүйелер жайлы толық мәлімет алып, оларды құру және қызмет ету принциптері мен құрылымдарын зерттеу нәтижесінде операциялық жүйе түрлерінің арасындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырата біліп, тәжірибелік мысалдармен көрсете білуі керек. Бұл пән бойынша 10 сабақ - лекция, 10 практикалық сабақ, 20 лабораториялық сабақ түрiнде өткiзiледi. Сонымен қатар пән бойынша 15 сағат оқытушы қатысуымен өзiндiк жұмысты орындау (ОСӨЖ) сабақтары ретiнде қарастырылған.

Лекциялық сабақтар пәннiң теориялық негiздерiн оқытуға, практикалық сабақтар лекциялық материалды бекiту және курс бойынша басқа мәселелердi қарастыруға арналады. Пән бойынша бақылау сұрақтары лекциялар жинағында әрбiр лекцияның соңында көрсетiледi. Компьютерлiк кластарда өткiзiлетiн лабораториялық сабақтарда студенттердің берiлген жеке тапсырмаларды өз бетінше орындап, операциялық жүйе түрлерінің қыр-сырын меңгеру үшін арналады. Лабораториялық сабақтарды орындауға қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар және жеке тапсырмалар сабақ кезiнде берiледi.ОҚӨЖ сабақтары сабақтан тыс уақытта (жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес) өткізіліп, студенттердің өткен тақырыптар немесе курстың түрлі сұрақтары бойынша оқытушыдан қажетті кеңестер алуына арналады.

Бағдарламаның жетекшісі: Әйтімова Ұлзада Жолдасбекқызы

Мырзахметова Сағыныш Ертайқызы

Пәннің атауы: Жүйелік бағдарламалау

Пререквезиттер: «Информатика»

Постреквизиттер: «Операциялық жүйелер», «Бағдарлама әзірлеудің құрал-жабдықтары»

Бағдарламаның қысқаша курсы:«Жүйелік бағдарламалау» пәні студенттерді ыңғайлы, көрнекі алгоритмдік жабдықтауға үйрету, берілгендердің түрлі құрылымдарын модельдеу және бағдарламалауды кез келген есептеу класына пайдалануды үйрету болып табылады.

Бағдарламаның жетекшісі: Ким Светлана Трофимовна

Мырзаев Раматилла Сулейменович

Еңсебаева Гүлзат Мұратбекқызы

4. Пәннің атауы: Математикалық модельдеу

Пререквезиттер:«Математикалық талдау», «Физика», «Информатика», «Программалау технологиясы»

Постреквизиттер: «Компьютерлік модельдеу»

Курстың мақсаты мен міндеттері - пәнiнiң мақсаты ЭЕМ-де әр – түрлі есептердің модельдеу технологиясы мен әдістерін зерттеу. Бұл пәндi оқу нәтижесiнде студент модельді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, ұқсас модельдерді құру әдістерін бiлуi керек.

Бұл курста негізінен объектілі – жабдықталған жүйелерді талдау принциптері және UML тілі арқылы жобалау қаралып, оқылады. Концептуалды модельдің, кооперация диаграммаларының, кодты талдау және өңдеудің әдістері мен құрылу принциптері талданады.

Бұл курстың негізгі мақсаты - студенттерге компьютерлік модельдеу технологиясы мен әдістерін, жабдықталған жүйелерді талдау, жобалау туралы жалпы түсінік беру және компьютерлік модельдеуді практика жүзінде үйрену болып табылады.

  • ЭЕМ-де әр – түрлі есептердің модельдеу технологиясы мен әдістерін зерттеу.

  • Бұл пәндi оқу нәтижесiнде студент модельді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, ұқсас модельдерді құру әдістерін бiлуi керек.

  • Жобалау туралы жалпы түсінік беру және компьютерлік модельдеуді практика жүзінде үйрену болып табылады.

Компьютерлік модельдеу – пәнiнiң мақсаты ЭЕМ-де әр – түрлі есептердің модельдеу технологиясы мен әдістерін зерттеу. Бұл пәндi оқу нәтижесiнде студент модельді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, ұқсас модельдерді құру әдістерін бiлуi керек.

Бұл курста негізінен объектілі – жабдықталған жүйелерді талдау принциптері және UML тілі арқылы жобалау қаралып, оқылады. Концептуалды модельдің, кооперация диаграммаларының, кодты талдау және өңдеудің әдістері мен құрылу принциптері талданады.

Бұл курстың негізгі мақсаты - студенттерге математикалық модельдеу технологиясы мен әдістерін, жабдықталған жүйелерді талдау, жобалау туралы жалпы түсінік беру және компьютерлік модельдеуді практика жүзінде үйрену болып табылады.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Модельдеудің, өндірістік және экономикалық процестердің дамуы. Математикалық моделдеу. Активті құралдар. Математикалық моделдеудің негізгі түсінігі. Операция. Стратегиялар. Бақылауға болмайтын факторлар. Есептің мағыналық интрепретациясы. Экономикалық немесе өндіріс ұйымының саласындағы кез келген тіпті қиын мәселелерінің шешімі. математикалық модельді құру және формалдік есепті қою. Қойылған есепті анализі және сұрыпты шешімнің табылуы. Табылған есептің мағыналық интерпретациясы және оны тәжірибеде іске асыру. Техниканы шығару және бағдарламалық қамтамасыз ету. Жүйенің математикалық тәуелділік құрылымы немесе зерттеудегі объектінің қасетін көрсету түріндегі жиынтығы.

Бағдарламаның жетекшілері: Баекова Серік Өменқызы

Бексейтова Айнұр Болатбекқызы

Пәннің атауы: Амалдарды зерттеу

Пререквезиттер: «Математикалық талдау», «Алгебра және геометрия», «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика»

Постреквизиттер: «Оптимизациялау әдістері», «Автоматты басқару теориясы»

Өндірістің күрделі де шытырман ситуацияларында басқарушылар сүйенетін интуиция дұрыс келетін шешімді ұсына қоймақ түгіл, ұсынылған шешімдердің ішінен дұрысын таңдауға да кепіл бола алмайды. Өндірістің күрделі жағдайында неғұрлым дұрыс болатын, сандық жағынан негізделген шешімдерді таңдап алу керек болғандықтан «Амалдарды зерттеу» пәнінің қажеттілігі туындады. «Амалдарды зерттеу» пәнін оқытудың мақсаты: студенттерге өндірістің мағыналы түйнделген мәліметтерін экстремал жағдайға келтіру және оны формализациялау әдістерін оқып-үйрену және осы есептерді шығарудың математикалық әдістерін үйрету. Математикалық мәдениетін тәрбиелеу және кітаппен, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.Студенттер операцияларды зерттеудің негізгі этаптары мен принциптерін білуге, көп критерийлі есептерін таңдап және шешім қабылдай білуі қажет; сызықтық бағдарламалаудың есептерін, графтар мен желілердегі экстремаль есептерді, кестелер теориясы есептерін, кезек күту және басқару теориясын, ойын теориясы есептерін, т.б. шығара білуі керек. Студент өндірістің мазмұнды есептерінің математикалық моделін жасау дағдылары қалыптасуы керек және тиімді шешімді іздей білу керек.

Бағдарламаның қысқаша курсы:Операция. Операция жасаушы жақ. Операция өткізудің белсенді құралдары. Операция жасаушы жақтың стратегиясы. Операцияның әрекет етуші факторы: басқарылатын (анықталған) және басқарылмайтын (анықталмаған). Операцияның әсерлік критерийі. Белгілі уақыт кезеңіндегі операцияның жағдайы. Операцияның математикалық моделі. Математикалық модельдің шешімі. Операцияны зерттеушілер. Операцияны зерттеудің негізгі міндеті. Жүйе. Детерминделген, ықтималды және ойындық жүйе. Жүйенің құрылысы. Кездейсоқ құбылыстар. Кездейсоқ шамалар. Оқиға жиілігі. Жиіліктің таралуы. Оқиға ықтималдығы, дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Таралу функциясы. Ықтималдықтың таралу тығыздығы. Кездейсоқ шамалардың таралуының интегралдық және дифференциалдық заңдылықтары. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамасы (математикалық күтілім, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу). Көпшілікке қызмет көрсететін жүйелердің моделі. Қызмет көрсету каналы. Жүйенің өткізу қабілеті. Кездейсоқ процестер.Оқиға ағыны: (біртекті), жүйелі (бірқалыпты), тұрақты (стационар), ординарлы. Оқиға ағыны: (қарапайым, тұрақты пуассондық, Эрланг, Пальма ағыны). 1-каналды бас тарту жүйесі. Қызмет көрсетудің қарапайым моделі. Көп каналды бас тартуы бар жүйе, өткізу мүмкіндігі. Кезек күтетін бір каналды жүйе. Қызмет көрсету уақытын күту. Кезек күтетін көп каналды жүйе. Каналдардың өзара әсерлесу эффектісі. Литтл формуласы.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбжанов Ералы

Баекеева Зағира

Абишева Шайзада Тұраровна

Соседние файлы в папке ТехПр