Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТехПр / vtpo.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
845.82 Кб
Скачать

4. Пәннің атауы: autocad негіздері 1

Пререквезиттер: «Информатика», «Алгебра және геометрия»

Постреквизиттер: «Компьютерлік модельдеу»

«AutoCAD негiздерiң пәнiнiң мақсаты - студенттерге жобалау – сызу жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесiн қолданып, сызбалар құрастыру әдiстерiн және тәсiлдерiн үйрету. Сондай-ақ студенттердiң осы қуатты әрi жетiлген программалық графикалық жүйесi бойынша әрi қарай өз бетiнше бiлiмдерiн тереңдетiп, қыр-сырын меңгерулерiне тура бағыт сiлтеу.

Графикалық жүйе жазықтықтағы екi өлшемдi сызбалармен қатар, ғылым мен техниканың әртүрлi саласында қолданылатын күрделi, көлемдi конструкциялар моделiн салуға мүмкiндiк жасайды.

Болашақ инженерлердiң кәсiби қызметiнде кездесетiн мәселердi шешу барысында, өндiрiстi жобалауға AutoCAD бағдарламасын пайдаланудың маңызы орасан зор.

Заман талабына сай күрделi сұрақтарды инженерлер компьютер көмегiмен шешуге тиiстi. Пәндi оқыту мiндетi – оқу процесiнде компьютерлiк технологияны кеңiнен қолдану, студенттердiң басқа пәндерде алған базалық бiлiмдерiн курста оқып-үйренгендерiменен ұштастыра бiлуге үйрету. Теория жүзiнде алған бiлiмдерiн игерiп, практикалық машықтарын қалыптастыру. AutoCAD бағдарламасын үйрену барысында мамандар болашақта жедел жобалауды үйренедi және сызбалар, жобаларды электрондық почтамен интернет жүйесi арқылы алыстағы орындаушыларға жiберiп, нақты объектiлердi жобалаудың орындалу мерзiмiн тездетедi.

Бағдарламаның қысқаша курсы: AutoCAD – кез-келген техникалық-конструктивтi жобалармен немесе графикамен жұмыс iстейтiн маманға арналған әмбебап графикалық пакет. AutoCAD-тың көркем графикалық редакторлардан (Мысалы: Photoshop, Pointbrush). айырмашылығы - AutoCAD бейнемен емес, объектiнiң геометриялық сипатталуымен жұмыс iстейдi. Бұл жүйе тек шетелдерде ғана емес, бiздiң елiмiзде де компьютерлiк жобалауды болашақта дамытуға жасалған қадамдардың жаңа бағыттарымен таныстырады. AutoCAD екi өлшемдi координаттар жүйесiндегi сызбаларды жасауға ғана емес, сонымен қатар әртүрлi ғылыми-техникалық салалардағы конструкцияларды модельдеуге, геометриялық кеңiстiктегi модельдер мен масштабталған әртүрлi сандардан және символдардан құралған байланыс жүйелерiн құруға мүмкiндiк бередi. Қазiргi қолданыстағы курс бағдарламасында AutoCAD жүйесiнiң командаларын үйретудiң ең тиiмдi деген жолдары қарастырылған. Тапсырмаларды орындау барысында қолданушы өз тәжiрибесi арқылы AutoCAD-тың мүмкiндiктер көкжиегiнiң кеңдiгiне көз жеткiзедi.AutoCAD-тың кең көлемдi функционалдық мүмкiндiктерi бұл жүйенi автоматты жобалау жүйелерi iшiнде классикалық стандартқа айналдырды. Бұл жүйе техникалық жобалаудың әртүрлi саласында тиiмдi жұмыс iстеуге қабiлеттi. AutoCAD-тың латын алфавитiнен басқа да кез-келген “адами“ тiлдерге жеңiл бейiмделетiн уникальдi мүмкiндiгi программалық өнiмдердiң халықаралық рыногында бәсекеден тысқары еттi. Нәтижесiнде қазiргi уақытта AutoCAD-ты әлемнiң 125-тен астам мемлекетi қолдануда. Бүгiнгi күнi тiркелген пайдаланушылардың саны 2 млн-нан асып отыр. Олардың қатары жыл сайын арта түсуде. Autodesk фирмасының өзi программамен жабдықтаушы фирмалар арасында әлемдiк табельде төртiншi орында тұрады. Autodesk мамандарының жинаған мол тәжiрибесiнiң көмегiмен жүйенiң функционалдық мүмкiндiктерi үнемi кеңею үстiнде.

AutoCAD-ты қолдану арқылы төмендегiдей мүмкiндiктердi жүзеге асыруға болады:

  • графикалық модельдеу

  • сызбалардың ақпараттық мәлiметтер қорын құру

  • кеңiстiктегi конструкцияларды жобалау, модельдеу, визуализациялау

  • сыртқы мәлiметтер қорына қол жетiмдiлiгi

  • әртүрлi форматтағы файлдармен жұмыс iстей алу

  • интеллектуалды құралдар көмегiмен сызбаларға өлшемдер беру

  • автоматтандырылған жүйе арқылы ресурстарды басқару

  • демонстрацияланған мультифильмдермен қозғалыстарды құру және т.б.

Бағдарламаның жетекшілері: Құрбанов Дәурен Төлегенович

Пәннің атауы: Функционалды – логикалық бағдарламалау

Пререквезиттер: Информатика, Алгоритмдеу және программалау тілдері,

Программалау технологиясы, Ақпараттық технологиялар

Постреквизиттер: Жобаларды басқаруда бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы пәндер

“Функционалды-логикалық бағдарламалау” пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері – студенттердің білім беру стандарттарына сәйкес білім алуын, логикалық программалауда жұмыс дағдыларын үйренуін қамтамасыз ету және олардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Жасанды интеллект, сараптаушы жүйелер мен логикалық программалау концепциясын оқыту;

Сараптаушы жүйелердің негізгі ұғымдары, атрибут, обьектілермен танысу;

Білім қорының өңдеу кезінде қолданылатын программалардың құрал-жабдығымен танысу;

Логикалық программалау негіздерін үйрету;

Пролог программалау жүйесімен жұмыс ұйымдастыру принциптерін үйрену.

Бағдарламаның қысқаша курсы: “Функционалды-логикалық бағдарламалау” курсы қазіргі қоғам талабына сай жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданып сараптаушы жүйелерді әртүрлі салаларға арнап құру мен қолдану және жасанды интеллект жүйелерін программалау мәселелерін шешуде теориялық және практикалық білім жинақтап, машықтандыруды мақсат етеді.Пәнді игеру барысында логикалық программалау тілдері негіздері жалпы қарастырылып Д-Пролог, Turbo және Visual Пролог тілдерін әртүрлі салалардағы жобалау, жоспарлау, болжау, шешім қабылдауға қолдау көрсету есептерін шешуде қолдану қарастырылады.

“Функционалды-логикалық бағдарламалау” пәнін оқыту мақсаты – студенттердің білім беру стандарттарына сәйкес білім алуын, логикалық программалауда жұмыс дағдыларын үйренуін қамтамасыз ету және олардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Бағдарламаның жетекшілері:Баекова Серік Өменқызы

Иманова Жанар Умирбековна

Бексейтова Айнұр Болатбекқызы

Соседние файлы в папке ТехПр