Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТехПр / vtpo.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
845.82 Кб
Скачать

5. Пәннің атауы: autocad негіздері 2

Пререквезиттер:«Информатика», «Алгебра және геометрия», AUTOCAD 1

Постреквизиттер: «Компьютерлік жүйелердің графикалық құрал-жабдықтары»

Курсты өткеннен кейiнгi бiлiм мен машықтары

  • AutoCAD бағдарламасымен кәсіби компьютерлік жобалауға мүмкіндік беретін негізгі командаларды пайдалануға үйрену

  • Автоматтандырылған стандарттық жүйелерiнiң бағдарламаларымен жұмыс iстеуге машықтану.

  • Дипломдық және курстық жобаларды орындау барысында AutoCAD бағдарламасын қолдана бiлу

Бағдарламаның қысқаша курсы: AutoCAD – кез-келген техникалық-конструктивтi жобалармен немесе графикамен жұмыс iстейтiн маманға арналған әмбебап графикалық пакет. AutoCAD-тың көркем графикалық редакторлардан (Мысалы: Photoshop, Pointbrush). айырмашылығы - AutoCAD бейнемен емес, объектiнiң геометриялық сипатталуымен жұмыс iстейдi. Бұл жүйе тек шетелдерде ғана емес, бiздiң елiмiзде де компьютерлiк жобалауды болашақта дамытуға жасалған қадамдардың жаңа бағыттарымен таныстырады. AutoCAD екi өлшемдi координаттар жүйесiндегi сызбаларды жасауға ғана емес, сонымен қатар әртүрлi ғылыми-техникалық салалардағы конструкцияларды модельдеуге, геометриялық кеңiстiктегi модельдер мен масштабталған әртүрлi сандардан және символдардан құралған байланыс жүйелерiн құруға мүмкiндiк бередi. Қазiргi қолданыстағы курс бағдарламасында AutoCAD жүйесiнiң командаларын үйретудiң ең тиiмдi деген жолдары қарастырылған. Тапсырмаларды орындау барысында қолданушы өз тәжiрибесi арқылы AutoCAD-тың мүмкiндiктер көкжиегiнiң кеңдiгiне көз жеткiзедi.AutoCAD-тың кең көлемдi функционалдық мүмкiндiктерi бұл жүйенi автоматты жобалау жүйелерi iшiнде классикалық стандартқа айналдырды. Бұл жүйе техникалық жобалаудың әртүрлi саласында тиiмдi жұмыс iстеуге қабiлеттi. AutoCAD-тың латын алфавитiнен басқа да кез-келген “адами“ тiлдерге жеңiл бейiмделетiн уникальдi мүмкiндiгi программалық өнiмдердiң халықаралық рыногында бәсекеден тысқары еттi. Нәтижесiнде қазiргi уақытта AutoCAD-ты әлемнiң 125-тен астам мемлекетi қолдануда. Бүгiнгi күнi тiркелген пайдаланушылардың саны 2 млн-нан асып отыр. Олардың қатары жыл сайын арта түсуде. Autodesk фирмасының өзi программамен жабдықтаушы фирмалар арасында әлемдiк табельде төртiншi орында тұрады. Autodesk мамандарының жинаған мол тәжiрибесiнiң көмегiмен жүйенiң функционалдық мүмкiндiктерi үнемi кеңею үстiнде.

AutoCAD-ты қолдану арқылы төмендегiдей мүмкiндiктердi жүзеге асыруға болады:

  • графикалық модельдеу

  • сызбалардың ақпараттық мәлiметтер қорын құру

  • кеңiстiктегi конструкцияларды жобалау, модельдеу, визуализациялау

  • сыртқы мәлiметтер қорына қол жетiмдiлiгi

  • әртүрлi форматтағы файлдармен жұмыс iстей алу

  • интеллектуалды құралдар көмегiмен сызбаларға өлшемдер беру

  • автоматтандырылған жүйе арқылы ресурстарды басқару

  • демонстрацияланған мультифильмдермен қозғалыстарды құру және т.б.

Бағдарламаның жетекшілері:Құрбанов Дәурен Төлегенович

Пәннің атауы: Мультимедиялық технологиялар

Пререквезиттер: «Информатика», «Алгоритмдеу тілдерінде бағдарламалау», «Бағдарламаларды әзірлеудің құрал-жабдықтары»

Постреквизиттер:«Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері» және арнайы пәндер

Пәнді оқыту мақсаты: қазіргі есептеу машиналарын, жүйелерін және есептеу тораптарын ұйымдастыру ерекшеліктерін оқып білу. Оларды құратын құрылғылардың мәліметтерді енгізу өңдеу және шығару өзара әрекеттесуін оқып білу.

Пәнді оқудағы міндеттер

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер

  • Интернетте қолданылатын ұйымдастыру принциптерін, қызмет ету мен ақпаратты өндеу технологияларын білуі

  • Қазіргі интернет технологиялары негізінде программалық қосымшаларды құруды білуі

  • Интернеттің қазіргі перспективалары мен дамуы беталыстары туралы түсінігі болуы қажет

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Ақпаратты жіберу және өңдеудің интернет технологиялары туралы түсінік. Мультимедия технологиялары дамуының тарихи мәліметі. Мультимедия адам қызметінде. Мультимедия-технологияларын қолдану, интернетке арналған қосымшаларды жетілдіру ерекшеліктерімен байланысты сұрақтар жиынтығы. Интернет тораптар иерархиясы ретінде. Интернеттегі клиент-серверлік архитектура. Провайдер тораптары. Провайдер тораптарын бекіту. ISP, POP, NAP, «соңғы миля» түсініктері. Әртүрлі категориядағы қолданушыларға арналған интернетке кіру түрлері. Интернетке ақпарат жіберу. TCP/IP протоколының стэгі. IP бағдарының үрдісі. Интернетке ақпарат алмасу сенімділігі. Интеренеттегі мекендеу. OSI моделінің қолданбалы деңгейінің протоколдары. WWW-сервисі. Гипермәтін және Web-прақтар. Электронды пошта. SMPT және POP3 протоколдары, пошталы сервер және клиент. FTP протоколдарын, FTP ресурстары мекеменің пішімін, FTP-сервер және клиентерін белгілеу. Telnet және NNTP протоколдарын белгілеу. Чат, шұғыл поштаның қызметтері, IRC-желілері, IP- телефония, видео-конференциялары, WAP протоколы негізіндегі мобильді интернет. Статистикалық жіне динамикалық парақтар. HTML-де CSS-ті қолдану әдістері. DHTML, XHTML, XML- ерекшеліктері. Клиент және сервер жағында орындалатын технологиялар. Web-сервер жұмысының механизмі. Сервер қорғаушының айнымалылары. CGI технологиясы, CGI бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары. PHP, ASP, SSI-дің қазіргі сценарийлері. JAVA-Script, VB-Script технологиялары. Web-қосымшаларындағы графика. Flash технологиясы. VRML-технологиясы. Клиент- Web сервер. Мәлиметтер базасының сервері көп деңгейлі архитектурасы негізінде қосымшаларды құру технологиялары. Интернеттегі ақпараттарды қоғау. Интернет дамуының болашағы. Интернет технологияларын қолдану салалары мен перспективалары. Клиент жағында орындалатын қосымшаларды құру технологиясы. Сервер жағында орындалатын қосымшаларды құру технологиясы. Деректер базасы серверін қолданған қосымшаларды құру технологиясы. Интернет-технологияларын қолдану салалары. Интернеттегі WUI негізіндегі түрлі категориялы қолданушыларға арналған диалогтық қарым- қатынас түрлері

Бағдарламаның жетекшілері:Махамбаева Индира Утепбергеновна

Иманова Жанар Умирбековна

Соседние файлы в папке ТехПр